Көк шаңғы мен көк шана

Коньки туралы жазба балалық шағыма саяхатқа тағы бір жіберіп алды мені. Әйтеуір бір туған күніме аудан орталығында жұмыс істейтін әкемнің інісі шаңғы алып кеп берді.Әлі есімде, бас жағында аққаланың суреті бар болатын. Кішкене ғана шаңғы.Кішкене таяқшалары бар. Сол шаңғыны 7-ші класқа дейін тепкен болармын. Теледидардан көргенімді істемек болып, төбешіктің орта тұсына фанерді бір шетін көтеріңкіреп қойып қоятынмын. Әлгінің бетін қар басқанда кәдімгідей секіріп қызықтаушы едім. Көрші Ербол атты бала екеуміз тауға да шығатынбыз шаңғыларымызды сүйретіп.Талтаңдап шығып, жүйіткіп түсуші едік.Шаңғымен жүгіру, анау-мынау жүрістерін меңгеру дегенді ешкім үйретпепті, солай білмей кеттік қой.
көк шанам болып еді. Жаны берік өзінің.Үстіне екі «фләк» қойып алып су да тасимын. Таудан да сырғанаймыз. Ақыры бір күні бұты талтайып кетті.Сырғанасаң бір жағына қарай қисая беруші еді.
Суретке сілтеме
Әрі қарай

"До" дегенде келетін "О"

Бала кезімнен бір естелік жазғым келіп отыр. Әкемнің інісі Мағауияның жанына жатып, тракторының алдынан жүгіріп шығатын болыппын кішкене кезімде.Бұл, шамамен 3-4 жасымда. Әріпті бес жасымда танығанымен, үш жасымда кей сұрақтарды меңгереалмайтын болыппын. «А» дегеннен басталатын сөз айтшы дегендерге «Аптобыс» деп мәз қылып жүрсем керек. Әріптер кезегі «О»-ға келгенде «До» дегенде келетін «О» деппін…
Әрі қарай

Өзбекше 2 рэп. Шахрух

Қазақша рэп дегенде — шынымды айтайын, ойыма ешбір қазақ ойыма келмейді. Бәлкім, қазақ рэперлерін тыңдамайтындығымнан, немесе олардың шығармашылығы ұнамайтындығынан, немесе басқа себебі бар шығар, білмедім. Ерболатты айтпағанда.
Түскі асқа асығып отырмын, шынын айтсам)) Содан қысқа қайырайын)

Өзбек елінің ең алды рэпері — Шахрух (Шохрух).
1986 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген.
Ресми сайты www.shoxrux.com
Әрі қарай

Дүние кезек...

Кішкентай кезімде әке-шешем маған көбірек көңіл бөлгенін, көбірек бірге уақыт өткізгенін қалап тұратынмын. Үлкендердің проблемасы азайған ба, балаларды қалай жеткізем (заманның оңай емес кезі), өсіріп-өндірем дегендей, тағы басқа алаңдайтын жұмыс, т.с.с. бар, общым, қалағаның бола бермейтін. Бір жеткен жетістігің болса, онымен бөліскенше асығасың да, бөліскеннен кейінгі үлкендердің реакциясы сен күткендей бола бермейді (мысалы, сен айтқан керемет жаңалық олардың күнделікті күйбең тіршілігінің арасында титтей болып оларға маңызсыз болып көрінеді дегендей)… іштей бұртиясың…
Әрі қарай

Самопал... бірақ арақ емес

Ерте, ерте, ертеде, очм, араққа су араласпаған таза кезінде, біздің ауылда самопал деп төмендегі суретте көрсетілген құрылғыны атаушы еді. Мұны басқа жерлерде пугач деп атайтынын өткен аптада ғана білдім.


Иілген мыс түтіктің түкпіріне "№36" деген шайдың қорабынан шығатын жылтыр қағазды түйіршіктеп тықпалап тастайтын. Түтіктің ішін толтырып емес, әрине. Содан оның ішіне үш-төрт немесе төрт-бес сіріңкенің басындағы күкіртті салады. Сосын түтіктің ішіне бас жағы иілген шегені салады. Түтіктің иілген құйрығы мен шегенің иілген басының арасына белесебеттің камерасынан қиып алынған резеңкемен керіп тартып қояды. Ататын кезде, жаңағы шегені түтіктен суырыңқырап, бас жағын іліністіріп қояды. Резіңкені қысқан кезде, шеге барып түтіктің түкпіріндегі күкіртке соғылып, нәтижесінде қазіргі қытайдың пиротехникасынікі сияқты дыбыс, кейде түтін, қараңғыда тіпті ұшқын шығарады. Соған мәз болып жүруші едік.
(Мұны неге жазып отырмын, суретте бәрі бар екен ғой :)) — просто Әбіләкімнің рогатка туралы жазғанынан еске түсіп кетті да)
Бұл жарықтық өзі шығыны аз нәрсе еді. Материалдық шығыннан тек үйден ұрлап алынған сіріңке ғана. Қалғандары машдвордағы комбайнның мыс түтіктерінен, белесебеттің жарылып, жамауға келмейтін камерасынан, шегеден тұрады. Кей сәндегіштер сыртынан насостың шлангісінің кесіндісімен қаптап қоятын. Оның сыртын изолентамен орайды.
Әрі қарай

Билет жоқ ,әттең,қолымда....


Кейде ауылда қалған балалығымды сағынамын. Алаңсыз, беймаза шақ. Кешкі тамақты ішіп ап, қойдың алдына кетемін. Қойды ауылдағы аурухананың маңынан күтіп алушы ек. Үй мен екі ара біраз жер. Сол жерге жеткенше адымдап болашағымды болжап барамын. Түгел, түгел емес, түгел, түгел емес… Түгел болса, рахат. Қаннен қаперсіз ойынға кетесің. Әдетте «ши шығаратын» қошқарлар....Қыз қуу… Қыз қуған қошқардың соңынан сен қуасың...Әрбір үйдің қорасына дейін тағы адымдайсың; осында, мұнда жоқ, осында, мұнда жоқ… Кейде әп-сәтте табыла кетеді іздегенің… ондайда үнсіз ғана «картошка» ойнап жатқан тобырдың қатарына қосыла қоясың да, үйге қас қарайғанда бір-ақ келесің...қаңғыбас қошқарды іздеймін деп әбден шаршағансың…
Әрі қарай

Советтік балғын шақтан қалған комплекстер...

Блог - Gastarbaiter: Советтік балғын шақтан қалған комплекстер...
Мен сабақты 6 сыныпқа дейін орташа оқыдым. Қазақтар бас ал десе шаш алады. Баяғы Сәбет Өкіметі орыстардың билігінде болса да, қазақтар орыстардан бетер асырып тұрып бағынатын соның ережелеріне.
Орыс мектебінде ең басты назар білімге бөлініп жатқанда, бізде ең басты назар балаларды «авторитарлы Сталиндік режиммен басып» ұстауға бағытталған болатын.
Бәрімізді үшінші сыныпқа дейін тақырбас қып қоятын. Әкем хат жазып, «баламның басындағы биттерге дәрігер ретінде өзім жауап берем» — деп индивидуалдығыма сәл де болса үлес қосты. Бесінші сыныпқа дейін шеренгамен шагайттап, жақсы оқитындарды алдына отырғызып, үшке оқитындарды кемсітіп, қатты алалайтын.
Әрі қарай

Жаңа өткен қоян...

Біздің Ескене ауылы екіге бөлініп жатыр. Таудың (өзімізге тау, қырат негізінде) шеткері мүйісінде Талдыбұлақ атты шағын ауылымыз бар. 15 үйлі. Осы Талдыбұлақтан Ескенеге мектепке барамыз. Екі ортаның қашықтығы 2 шақырымнан аса болар. көрші және ағайын болып келетін Ербол екеуміз көбіне бірге барамыз (Кеңес Одағы ыдырағанша бізді аранйы көлікпен тасымалдайтын). Жарты сағаттық жол. Екеуміз таудың етегіндегі жолмен әңгімелесіп келе жатқанбыз. Кенет Ербол тоқтай қалды. алдымызды кесіп өткен қоян ізі жатыр екен. Ербол қолғабын (биялай деп те атайды) шешіп ізді ұстап көріп, «жып-жылы екен, жаңа ғана өткен қоян екен» демесі бар ма))) Шамасы сол кезде мен 5, ол 3-ші класта оқимыз-ау деймін.
ПыСы.Класс сөзін мен көп жерде қолданамын.Мүмкін біздің мектептегі соңғы жылдарымызда кірген «сынып» сөзіне бойым үйренбеген болар.Тегі әр сөзді аудара бергеніміз де дұрыс емес секілді.
Әрі қарай

Көк велосипед

Бекжан Толыбай: Көк велосипед
Мынау да баяғыда жазылғандардан..Қазір сол балалық шағыма қайта барып қайттым… Балалық шағыма саяхат жасап қайттым… Сіздермен бөліскім келді…

*****************************************************
… Мойынқұм аулына қанша кісінің жолы түсті екен білмеймін… Менің кіндік қанымның тамған жері сол Мойынқұмның Талды-Өзек ауылы болатын… Жан-жағы құм мен сексеуіл… Сол ауылда сегіз жасыма дейін тұрдым..Құдық деген нәрсе жоқ болғандықтан біздің ауылға арнайы машинамен су әкеліп ұлкен цистерналарға толтырып кететін ауыл жамағатына… балалығымның ең қызықты күндері сонда өтті…

Алдымда екі ағам бар… Шешем аудандағы орталық ауруханада қызмет істегендіктен күнде сол аудан мен ауыл арасында қатынап тұратын cары автобустың жолын кұтетінбіз..Әкем де ауыл шаруашылығы қызметкері, қойлы ауылдарды шарлайтын да тұратын… сол үйде маған күндіздері қарайтын сол екі ағам болатын.
Әрі қарай

Іздеп келген “бала арман"...


Менің 5-6 жасымда, әкемнің қызмет бабына орай Көкпекті ауданына қарасты Ивановка ауылына көшіп барып, 2 жылдай тұрдық. Атам сол ауылдағы Апырым ата дейтін үлкен кісілердің үйімен араласатын. Қарияларға күнара апайым Салтанат екеуіміз шәйларына қататын сүт таситынбыз. Әрине, апа бос қайтармай, қалтамызға кәмпит салып беретін. Қонақ бөлмелерінде немересінің ойыншықтары жиналып тұрушы еді. Осы «Матрешка» қуыршақтарын тұңғыш рет мен сол үйден көрдім. Бала болғаннан кейін, қызықпай тұрмайсың, бір-бірінен аумайтын сүйкімді қуыршақтарға қатты қызықтым. Неге екенін қайдам, біздің ауылда сатылмады ма, әлде сатып әпермеді ме… әйтеуір, сансыз қуыршақтарым болса да, осы дәл матрешкалар бала кезімде қолыма тимей-ақ қойғаны… Уақыт өте ержеткен соң ойымнан мүлдем ұмытылып кеткен еді.
Әрі қарай