Блогыма не деп ат қойсам болады?

Блог-құрылтайда мен жасаған презентациядағы айтарлық бір ғана нәрсе болды (деп ойлаймын) – ол қазақ блогонимі дейтін термин. Блогоним (blog – блог, ὄνομα onoma) – есім) – блог атауларын (блогосферадағы атауларды) зерттейтін сала. Қазақ блогонимі қазақша блог атауларына қатысты ілім. Ескерте кетейін, зерттеу нысаны урл мекен-жай емес, блогтың маңдайшасындағы атаулар болып табылады. Жалпы блогонимдер туралы Өркенегро, Айкона өз жазбаларында атапты.
Қазақ блогтарын жіктегенде, негізгі мыналар (менің топшылауым) көзге түседі.

Әрі қарай

Астаналық блоггердің 7 белгісі



1. Астанадағы ресми билікке жақын мекемеде яки БАҚ-та жұмыс істейтін немесе депутат адам.

2. Дипломы бойынша мамандығы журналист емес, бірақ қазір Интернетке жақын болғандықтан журналистика төңірегінде жүрген адам.

3. Алматылықтардың астаналық блоггерлер ұйымшыл емес дегеніне қарсы, бірақ блоггерлер басқосуына анда-сонда келетін кісі.

4. Келесі Блог-құрылтайды Астанада өткізгісі келеді. Оны астаналық блоггерлер тамаша ұйымдастырады деп есептейді.

5. Қатты қиналған кездерінде Ақтөбесіне, Алматысына немесе Шымкентіне кетіп қалғысы келеді.

6. Қанша жерден ұлтшыл болып тұрса да ресми көзқарасы мен ұстанымы биліктікіне жақындау. Біртіндеп болса да билік қазақша интернетке көңіл бөліп келе жатыр дейді.

7. Алматылық блоггер сияқты, өз блогыма шатып-пұтып бірдеңе жазсам да Интернеттегі Қазақ контентіне үлесімді қосып жүрмін дейтін, шын мәніндегі жүрегінде ұлтшылдық сезімі бар патриот қазақ. Кез келген жердегі, кез келген елдегі қазақ блоггерін жақсы көреді, сыйлайды, бауырым деп есептейді.

МАҢЫЗДЫ! Осы белгілерге қоса үш ескертпемді блогымнан оқуларыңызға болады.
Әрі қарай

Біз де ұйымшыл боламыз)))

Аршаттың «5 адам жиналса рахмет» деген сөзі қамшы болып, жұмыстан шыға сала таксилетіп «Тағамға» бардым, Қарақыз екеуміз қабаттаса кірдік))). Біразы жиылып, сыйлықтарын алып үлгерген екен, Қарақызға да футболка бұйырды әйтеуір. Таң қалғаным, бұрын көрген блогшылардың арасында әріптесім Азамат жүр)) «Блог ашам» дейді. «Дауай» дедім. «Дауай» демекші, тағы екі құрбымды блог жүргізуге үгіттеп қойдым, Өркен айтпақшы «Астаналық блогшы қыздардың санын срошно арттыру керек». Аршат әдейілеп оларға деп екі папка берді, аванс ретінде))) Басқа да тың ойлар айтылды, ол енді құпия әзірге. Келесі құрылтай да тілге тиек болды. Алматылықтардан қалай озып… қалыспай, жақсы өткізуге болады деген сияқты)))
Ия, айтпақшы, біздер де енді жиі-жиі кездесіп тұруға келістік, "імммә" деп қояйын!
Әрі қарай

Астаналықтардың назарына!

Құрылтайға келе алмағандарға алматылықтар базарлық беріп жіберді. Сол базарлықтарды 25 наурыз жұма күні кешкі сағат 19-00де үлестіремін. Абай көшесіндегі ТАҒАМ халал асханасында жиналайық.



Адресі: Абай көшесі 32, Республика қиылысында.
Тегін wi-fi бар. Тамақтары да жақсы.
Әрі қарай

Түскі репортаж

Қарағанды уақыты 12.00. аршаттар пойызбен Қарағандыдан аман-есен өтіп кетті. Кездесеміз деп ойлағанымызбен кездесе алмай қалдық. "Қайықшыға жел қарсы" демекші, жолды көлік апаты тежеп тастады. Нәтижесінде біздің қалаға жарты сағат тоқтап тұратын пойызға үлгере алмай қалдым. Осы жазбамды Қарағанды вокзалынан жазып отырмын. Алла жазса Әбекең пойызға түскі бірде отырып, 1.30-да "Қоңыр салқын төске алып, алматыны бетке алып" тартып отырады.
Әрі қарай

Астаналық блоггерлерді шаңғыға шақырамыз!



Астаналық блоггерлер, 13 наурыз жексенбі күні сағат 15-00де Есіл өзені үстінде шаңғы тебуге келуіңізді өтінеміз. Шаңғыны жалға алу сағатына 500 теңге. 1 сағаттық спорттан кейін Алматыда өтетін блогкэмп туралы маслихат өткіземіз.
Әрі қарай

Азиада жарыстарынан кейінгі ең беделді спорттық бәсеке. Астанадағы блогшылар жарысы.

Бекболат ағамыз блог ашуы қазақ блогшыларына жаңа серпін алып келген секілді. Әсіресе Астана жазғыштары үшін. Дуалы ауыз ағамыздың жазған жазбасынан кейін пайда болған ой осындай кішігірім ( біз үшін үлкен ) бас қосуға алып келді. Сонымен не керек Өркен, Кәмшат, Аршат блогтарына жазбалар жазған екен, сондықтан кімдер жүлделі болғанын шұқылап көрсетпей ақ қояйын. Жарыс барысында алда келе жатып аяғымнан шаңғым шығып кетіп (қарсыластардың үйымдасқан әрекеті болуы мүмкін) құладым. Қайта тұрып шаңғымды киіп жатқан кезде Аршат озды да кетті. Кейіндеу Арекеңе адамгершілік болмады неге көмектеспедің деп әзілдеген едім, дұрыс түсінбеген бе (түсінуі керек қой, тәжірибесі көп кісі емеспе)менің тарапыма біраз әріптер жазып тастапты керек инфода. Ал Қыздар арасындаға жеңімпаз Кәмшат әпкеміз Есімімді Ерасыл деп жазып жіберіпті. (Ерасыл інім, осы суреттерді түсірген жігіт). Мақұл делік!!! Сонымен суреттерге келсек: Суреттерді мына арадан көре аласыздар.
Әрі қарай

А. озыпты, Қ. қуыпты

А. дегенім, Аршат, Қ.-сы қалғандары ғой… “ Ел-Жұрт” сөйтіп жатыр. Тұспалдап сөйлейтін Мұрат екеуміз жұмыстан босап келгенше, жарыс та тамам болды. Марапаттау рәсіміне қатысқанға мәзбіз.
Әрі қарай

Астанада блогшылар шаңғымен жарысты


Бекболат Тілеуханның бастамасымен, Намыс журналының ұйымдастыруымен бүгін Астанада, Есіл өзенінің үстінде астаналық блогшылар арасында шаңғыдан жарыс өтті. Барлығы жеті блогшы қатысқан бұл жарыста админдеріңіз бірінші орын алды. Екінші болып мәреге Жанасыл Болатбек, үшінші болып Рахат Жақсыбай келді. Қыздардан бірінші орынды Кәмшат Тасболат алды. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар берілді, қалған қатысушылар да сыйлықсыз қалмады. Жарыстан кейін Намыс журналы жігіттері керемет дастархан ұйымдастырып жіберді, шәй ішіп, дәмнен ауыз тигеннен кейін марапаттау рәсімі болды. Жалпы жарыс алғаш рет өткенімен ұйымдастыру жағы күшті болды. Бекболат ағамызға және ұйымдастырушы жігіттерге рахметімді айтамын.
Әрі қарай

Минибар. Сенбі. Алматы



Алматылық блогшылар және қаланың қонақ-блогшылары!

Осы сенбіде Алматыда өтетін минибар МедиаНет халықаралық журналистика орталығының кеңсесінде болады. Әдеттегідей алты жарымда (18.30-да).

Мекен-жайымызды: Қазыбек би (бұрынғы Советская к-сі), 50,
3 қабат, 100 кеңсе, Панфилов пен Фурманов көшелерінің ортасында, СОХО
ресторанының қарсысында, жолдың үстіңгі жағында, 3 қабатты, ауыр ағаш есікті ғимарат.

Білетіндеріңіз білмегендеріңізге айта жүрерсіздер.
Әрі қарай