Қоғам болайын десең...

Адамдар туғанынан әр-түрлі жағдайларда өсіп-өнеді. Бірінің пешенесіне бақуатты, психологиялық ахуалы жақсы отбасында туу жазылса, екіншілері Мегамозгтай онша емес ортаға түседі. Сөйтіп түрлі адамдардан түрлі тәрбие көреді. Осы орайда туған қияли ой: болашақта үкімет (сірә, бүкіл әлемдік үкімет) жаңа туған сәбилерді бір жерде, бір ортада өсірсе. Балалардың барлығына тең, шынайы адам болуына жақсы жағдайларда өседі. Бұл арада мынадай мәселелер тууы мүмкін: 1) қай ата-ана өз баласын «инкубаторға» берсін; 2) балаларға көз алдында көріп жүретін отбасы моделі керек. Болашақта өздері жанұя құру үшін. Сондықтан да осы ойды тек қиял деп қабылдау керек.
Сурет мына жерден ұрланды

“Қараптан-қарап қуасың-ей?” Осы сұрақты Өркен өзіне қоймады дейсіз бе? Қойды, әрине. Бірақ, 25-тегі жігітті 40-тың қызығы еліктіріп қоймапты енді. Жазып құтылайын депті… Жазсын. Қазекем өзі жас ерекшеліктері
                                    
            
Айтпады демеңіз, бұл блог жылнамамда болып көрмеген пост (ораза емес) болмақ… Ұзақтығы да, ұлағаттылығы жағынан да. Очм олай, жоқ былай: “Жұлдыздар отбасы” деген жорналдың жетінші саны жетті. Жылтыр бетін жырта жаздап оқыдық. Бастығымыз – бас редактор Қуат қасқа сұхбат беріп тастаса, редакцияның тышқақ тарақанына дейін қуанады емес пе? Еще жұрт жапырып оқитын “Жұлдыздарға” шықса…
Ұқсастық