Фотоконкурсқа қатыс, Түркияға жолдама ұтып ал!

Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы әуесқой фотоконкурсқа шақырады.



Конкурс тақырыбы: Түркиядағы демалысым.

Қатысушылар өздерінің Түркиядағы демалыстарынан суреттер жібере алады. Максимум 3 фото. Суреттер 40х60см көлемінде болуы шарт. Тек қана бұрын еш жерде жарияланбаған, ешқандай жарыста орын алмаған әуесқой фотолар қатыса алады.

Жүлделер:

1-орынға: Түркияға 1 апталық демалысқа жолдама
Әрі қарай

Ханшатырда түріктердің Эбру сурет өнері таныстырылады және концерт болады



Ханшатырда 19 мамыр, сенбі күні сағат 18:00-де Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түріктердің мәдени орталығының Эбру сурет өнеріне арналған шарасы өтеді. Қонақтарға Эбру өнері таныстырылып, мәдени орталықтың осы саладағы курсына қатысушылардың шығармаларының көрмесі өтеді. Келушілерге түрік кофесі ұсынылады және қазақ-түрік оркестрінің концерті қойылады.

Керекшілер, ертең бірге барып қайтайық. Ханшатырдың 1-ші қабатындағы алаңда, сағат 18:00-де.
Әрі қарай

Мұстафа Өзтүрік билеген Қаражорға

Бұрын Түріктердің тарихи Қараоғлан фильмінде ойнаған қазақтар деген жазбамда 1965 жылы бір түрік киносында ойнаған қазақтар және сол кинода биленген Қаражорға туралы жазған едім. Ол кинода Мұстафа Өзтүріктің әкесі ойнаған. Ал, Қаражорға биін Салкүрең күйімен билеген екен.

Стамбулдан Абдулвахап Қара Фейсбукте Мұстафа Өзтүрік ойнаған «Алатай» фидьмінің бір фрагментімен бөлісті. Ол жерде Мұстафа және басқа қазақ жастары Қаражорға билеп жатыр. Қай әуенге екені белгісіз, видеода Қаражорғаның қазіргі әуені қосылған.

Әрі қарай

Жерсілкіністен зардап шеккен Вандағы қырғыз бауырлар көмек күтуде



Түркияның Ван вилайетінде (облыс) қырғыздар тұратынын естіген едім. Бүгін Фейсбукта олар туралы аз болса да ақпарат алдым. Түркияның шығысындағы бұл жерге олар 1980 жылдары Ауғанстан арқылы көшіп келген екен. Бұл аймақтағы қырғыздар курд террористері ПКК-ға да қарсы күреседі екен. Түрік қарулы күштеріне жатпайтын, мұндай тәуелсіз сақшыларды Коруджу (korucu) деп атайды. Қырғыздардан бір адам шейіт болған екен, енді соның өшін аламыз деп отырған көрінеді.

Қырғыздар Ванның Эрджиш ауданындағы Улупамир ауылын мекендейді екен. Жерсілкіністен зардап шегіп отырған ауыл тұрғындары қыстық киім және шатыр жағынан көмек сұрайды. «Ақша керек емес, тек жылы киім мен шатыр болса болғаны, үйге кіре алмай далада түнеудеміз» дейді ауыл әкімі Қасымбек.

Егер мұндай көмек көрсетуге мүмкіндіктеріңіз болса:

Адресі:

Ulupamir Köyü Muhtarlığı
Kasımbek Varol (Köy muhtarı)
Van / TÜRKİYE
тел: +90 432 382 24 28
моб: +90 539 462 54 84
Әрі қарай

Монашка мен "Хиджаб"


Мына суретке қарап тұрсаңыз, мұсылман қыз бен монашканың киімінде анау айтқан бір айырмашылық жоқ сияқты. Екеуі де жабық, ашық-шашық тұрған ештеңесі жоқ.

Хиджаб – араб тілінде жамылғы деген мағынаны білдіреді. Яғни, шариғаттың талабына сәйкес киім. Ұзын, денеге жабысып қалмаған кең, адамның назарын нәпсі ойларға жетелемейтін киімнің түрі. Хиджабты Сауд Арабия, Ауғанстанда, Шешенстанда киіп жүруі міндетті. Ал, Түркия, Тунис, Тәжікстан елдерінде хиджабты мемлекеттік мекемелерге, университет пен мектептерге киіп келуге тыйым салынған. 2008 жылы Түркия хиджабты университетте киюге рұқсат алғысы келген екен, алайда конституциялық сот заңды өз күшінде қалдырыпты.

Ал, монахиня – шектеулі қоғамдағы аскеттік өмір стилін ұстанатын діни қоғамның мүшесі немесе жалғыздықта ғұмыр кешуді таңдаған әйел. Дени Дидроның 18 ғасырда жазған “Монахиня” прозасында монастырьдегі монашка қыздың сыртқа қашып шыққысы келгенін, қыстыққан жаны еркіндікті аңсап, ақырында қашып шығып, жарық әлемді көргеніне бақытты екені туралы жазған повесі кімді де болсын бей-жай қалдырмайды.

Автордан: Хиджабты өз басым кимес едім. Мен еркіндіксүйгіш, кең даланы мекен еткен көшпенділердің ұрпағымын. Бүркену, ұзын көйлекті киіп алып, сүйретіліп жүру табиғатыма жат. Бірақ, тым ашық-шашық киініп, тырысқан-бүріскен бірдеңелерді, тылтиған юбкаларды киіп, кіндігін көрсетіп жүретіндерді түсінбеймін. Әркім өзінің сана-сезімі мен ақыл-деңгейі жеткен жерге дейін киінеді. Талғамы жоғары, ұятты биік қоятын кез келген қыз-келіншек өз абыройын төгетін киім атаулыға жолай қоймас деген сенімдемін.

Сурет: www.diary.ru/~islamnews/?tag=405414 осы жерден алынды.
Әрі қарай

Көктөбенің "көкесі"...

Уа, жамағат!

Жақсы демалыс – жұқарған жүйкені жұбататын нәрсе екенін күннен күнге сезінудемін. Ыстанбұл, Бурса, Кония сапарларынан кейін Антальяда да пешенемізге жазылған қызықты көретін күнімізге тәубе дестік.
Әрі қарай