Ұлтшылдық кезінде жекккөрінішті болғандардың әкелерін іздеп табуы

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер басып алған аумақтарда неміс сарбаздарынан бала тапқан жергілікті әйелдер аз болған жоқ. Нацизмге деген жеккөрініш заманында өскен балалардың кейбіреуі бүгінде Германиядан туыстарын тауып жатыр. Бірақ бұл оңайға түспей тұр.
60 жыл өткен соң
Жуырда американдық «Вашингтон Пост» газеттінің тарихи зерттеулер жайында сөз қозғады. Әңгіме нақты бір адамның, Жан-Жак Делорм деген француздың тағдырынан басталады.Бірде, талай жыл бойы шешесі тіс жармай, жасырып келген құпияны балаға әжесі ашып береді. Әжесі балаға неміс сарбазының фотосуреті салынған сары конвертті көрсетеді. Сөйтсе, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистердің Францияға басқыншылығы уақытында әлгі неміс сарбазы шешесінің көңілдесі болған екен. «Сол сәтте мен бәрін түсіндім, — дейді Жан-Жак Делорм. — Әйтеуір, менің әкем болған екен ғой».Тарихи есеп бойынша, гитлерлік әскердің Еуропаны билеп тұрған төрт жылдық басқыншылығы уағында неміс сарбаздарынан 800 мыңнан астам бала жарық дүниеге келген. Оның 200 мыңға жуығы бір Францияға ғана тиесілі. Шешелері оларды тура Жан-Жак Делорм сияқты шыққан тегін жасырумен, масқарашылықпен өсірді.Олар неден жазықты болғандарын түсінбестен мектепте кемсітушілік пен келемеж көріп өсті. Немістер елден кеткеннен кейін олармен байланыста болған көптеген әйелдерді бастарын тақырлап, тыржалаңаш шешіндіріп жұрт көзінше көшемен өткізіп, масқаралады. Делормның анасы «Отанға опасыздық жасаған» деген айыппен түрмеге жабылды.Ал, бүгінде, 60 жыл өткеннен кейін барып, сол балалардың кейбіреулері соншама уақыт бойы қинаған ұятты жеңіп, өздерінің түп-тамырларын қозғай бастады. Ол – ол ма, өздерінің неміс туыстарын іздеуге көшкендері де бар.
ФРАНЦУЗДЫҢ НЕМІС ТУЫСТАРЫ
Жан-Жак үшін өзінің немістік түбірін анықтаудың сәті түсті. Оның әкесі Ганс Гоффман соғысқа дейін наубайханашы болыпты. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда әскерге шақырылған ол басып алынған Парижде орналасқан әскери оркестрге тап болған.Гоффман виолончельде ойнай алатын. Осы өнері оны майданнан алып қалған. Ол париждік қызды өзіне қызметші етіп ұстаған. Үшінші рейхтың қабырғасы қақырап, соғыс аяқталуға жақындаған уақытта Ганс Гоффман баварлық ауылдардың бірінде, 1945 жылғы сәуірдің 25-інде, американдық танктердің шабуылы кезінде қаза болған.«Бұл жаңалық мені тыныштандыра қоймады, — дейді Жан-Жак Делорм. — Есесіне әкелі, әпкелі, немере бауырлы болдым. Отбасыма игілік болсын».Жан-Жак Делормның өзі 65 жаста. Көп жыл Француз Ривьеріндегі Ментон қалашығында пошталық бөлімде жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан.
ЖҮРЕККЕ ӘМІР ЖҮРМЕЙДІ
Өзімен тағдырлас адамдарға жәрдемдесу үшін Жан-Жак Делорм үш жыл бұрын «Жүрекке шекара жоқ» деген ұйым құрған. Бүгіндері ұйымның құрамында 300 адам – неміс сарбаздарының балалары бар. Соғыстың перзенттері бір-бірімен араласып, ұзақ уақыт түсіне алмай келген, қабылдай алмайтын ортада өмір бойы айтуға дәті бармаған тақырыптары төңірегінде сөйлеседі.Ұйым қараша айында жалпы сиез өткізіп, жиналғандар өз тағдырлары туралы әңгімеледі, Еуропадағы осынау ортақ құбылыстың ауқымы мен қыр-сырын түсіндірген мамандарды тыңдады.Эвтаназия сынағы жүргізілген Германиядағы нацизм құрбандары мемориалының директоры Георг Лилиенталь гитлершілердің басқыншылығында болған елдерде әңгіме қызып тұрғанымен соғыс перзенттері тақырыбына дайын немістер өте аз екенін хабарлайды.Себебі, бөтен елдерде балалы болған көптеген неміс сарбаздарының өз үйінде жұбайлары мен балалары бар еді. Георг Лилиенталь көп әкелердің өмірде жоқ екенін, сондықтан кейбір ғана соғыс перзенттерін өгей бауырлары қуана қарсы алғанын айтады.Ал, көпшілігін неміс отбасылары қабылдаған жоқ. «Әлі біраз уақыт өту керек», — деп толықтырады Георг Лилиенталь.
ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Жуырда француздың сыртқы істер министрі Бернар Кушнер Германиядан туыстарын тапқандарға азаматтық беруін сұрап, неміс үкіметіне қолқа салды.Кейбір балалар немістік төлқұжат алып та үлгерді, енді біреулері азаматтық алу үшін құжат тапсыруда. Георг Лилиенталь болжап отырғандай, мұндай бастама көп ұзамай өзге де елдерде бас көтермек. Оның айтуынша, өмір бойы ол балалардың алдынан шығып келе жатқан мәселелер мен қиындықтар әлі күнге олардың жанын жаралауда.12 жастан жаны тыныштық таппаған Жан-Жак Делорм өз әке-шешесінің құпиясын қазбалап жүріп, шешесінің соғыстан кейінгі күйеуіне Делормды бала етуге құқық беретін отбасылық құжат тауып алған.Содан бастап Жан-Жак айналасындағылардан шындықты сұрауға кіріскен. Бірақ оған ешкім ештеңе айтпаған. Сол кезден бастап бұл жабысқақ ой жанын жеген бала өзін өсірген әжесін мазалаған. Шешесін сұрақтың астына алған. Әжесі бұлтақтап, жалтарып отырған. Шешесі ашу шақырып, жауап беруден қашқақтаған.Нормандиядағы шағын қалашықтағы мектептегілер бұған немістің баласы екенін бетіне басты. Бала ер жете бастаған шақта шындықтың беті ашылуға жақындады. Ал, әжесі тәуекелге бел буып, баланың нағыз әкесінің фотосуреттерін көрсеткен сәтте ащы шындықтың беті біржола ашылды.«Біз жауыздардың балалары едік, — деп Делорм соғыстан кейінгі Франциядағы нацистерге деген жаппай өшпенділік уақытын еске алады. — Өзімнің тегім туралы айтсам болды, олардың бәрі де өздерін менен аулақ ұстайтын. Сосын бұл туралы сөз қозғамауды әдетіме айналдырдым».Делормның анасы 1994 жылы қайтыс болды, ал, Жан-Жак өзінің немістік түп-тұқиянын одан сайын белсене іздеуге көшті. 2007 жылы Делорм бауырларымен көрісу үшін немістің Майнц қаласына аттанды.Олар өз әкелерінің нацистер кезінде басып алынған Франциядағы жүрістері туралы ештеңе білген емес. Біршама күрделі сәттерден кейін олар Делормды отбасы мүшесі ретінде қош алған.Содан бері үшеуі де бір-біріне жаңа жылдық құттықтау мен сыйлық жолдап келеді. Және жақында ғана олар бірде Францияға, енді бірде Германияға, жылына бір рет бір-біріне қонаққа баратын болып келіскен

Мәтіннің тақырыбы өзгертіліп алынған, түпнұсқа www.azattyq.org/content/Kazakhstan_ww2_soviet_germany_/1915399.html осы сілтемеде
Әрі қарай

7-мамыр vs 9-мамыр!!!

9-мамыр vs 7-мамыр!!! ҰОС, Ұлы жеңіс, Азалы күн, қаралы күн. Талас-тартыстан құлақ тұнған бір күндер болып жатыр. Біздің биліктегілер Қазақстанның әскери күштерінің құрылған күнін 7-мамырға белгілеуінде бір мән бар сияқты. Қанша жерден сол билікті жерден алып, жерге салуға құмар болсақ та, кейде өзіміздің ақылдырақ екенімізді көрсету үшін ғана сынай салатынымызды мойындасақ та, осы жолы бастары қатты істеп кеткен меніңше. Бұл дегенің кейінгі ұрпақтың санасынан 9-мамырды біртіндеп аластап, Нағыз әскери — патриоттық мейрамның көлеңкесінде қалдыру әрекеті. Бұрынғы жылдары 7-мамыр 9-мамырдың көлеңкесінде қалып жатса, биылдан бері күнтізбеде қызыл түспен боялып, өте үлкен әскери шеру ұйымдастырды. Оны барлық мемлекеттік арналардан тікелей эфирде таратты. Өз басым айналамдағы біраз адамдардан — шеру 9-мамырда болатын сияқты еді ғой, сонда ол күні болмайды ма, әлде екі шеру болады ма — деген таң қалған сөздерді көптеп естіп жаттым. Барлығы дерлік саясаттан алыыыыс адамдар. Дәу көршіден жасқанғанымен біздің бастықтар (Әлихан Бәйменов мырза өзі кешірсін!!! ) астыртын, ақырындап отарсыздандыру саясатын жүргізіп жатыр. Қолдаймын! Түбінде 7-мамыр жеңіп шығады деп үміттенемін. Бір ғана минусы бар- қазіргідей 9-мамырға 4 күн демалмаймыз
Әрі қарай

Cоғысты өткерген әйел мен еркек. 71 жыл Ұлы Отан соғысы басталғанына

Негізгі кейіпкерлер өмірден алынған, әңгіменің көп бөлігі ойдан шығарылған. Тарихи факт емес, әңгіме ретінде қабылдаңыздар.

Тағдырына соғысты өткеруді жазған Бөлеубай ата және Женя апа, сіздердің аруақтарыңыздың Құрметіне!
Уақыт тоқтаған емес, секундарын минутқа, сағаттарын тәулікке, жылдарын-жылға қосқанда отыз жыл өтіпті. Жаз шыға үй іші мені ылғида жоғалтып жүретін.
-Біздің кішкетай ұлды көрдіңдер ме?
-Көрген жоқпыз.
Дәл сол мезетте көрші Бөлеубай ата мен Женя апаның үйінің ас ішетін бөлмесінде отыратынмын. Жеген-ішкенім есімде жоқ, бірақ қолымда ұстаған үлкен күміс ас қалақ еміс-еміс көз алдыма елестейді. Үзік-үзік болып есте қалған тәтті естеліктердің бірі.
Әрі қарай

Халық ерлігі

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп орден, медаль алған жауынгерлердің марапатталуына байланысты құжаттардың базасы көрсетілген сайт ашылыпты, егер атаңыз, бабаңыз сол соғыста ерлік көрсетсе, осы жерден іздеп көріңіз, мүмкін табылып қалар…
Әрі қарай

Хабдолла атайдың соғыс туралы шытпақтары

Алдымен аз-мұз трагедия. Хабдолла* атай, 1923 жылы туылған, қызыл әскер. Жауынгерлік жолын 1939 жылы бастаған. 1942 жылы неміс тұтқынына түсіп, Рейн-Вестфалия жерінде шошқа бағады. Өмірінің ол кезеңінен айтатын жалғыз естелігі: «Фройлена жақсы кісі еді. Сұлу да еді: емшектері — мынаааааааандай!». 1945 жылы совет әскерлерімен «азат» етіліп, "өз еркімен тұтқынға түскен" деген айыппен 25 жылға бас бостандығынан айырылады. 25 жыл түгел отырып шыққан ол қайтар жолға түк таба алмай, бір топ адаммен дүңгіршекке(«ларек») шабуыл жасап, тағы 10 жылға қамалады. Ол мерзімін өтеп шыққан соң, паспорт режимін бұзды деген айыппен тағы 3 жыл бас бостандығынан айырылған. Бас-аяғы 41 жыл жазықсыз айдауда отырған адамға бәрі де кешіріледі, есі ауысқандығы да соның зардабы болар. Бірақ қанша сыйлағанмен, кейбір өтіріктерінен ұстап алып, қасқа шалды жындандыратын едік.

***
Әрі қарай

Ата-әжеммен сұхбат

Алдымызда 9-мамыр жеңіс күні келе жатыр. 1941-1945 жылдар аралығында біздің ер-жүрек батыр аға-апаларымыз ерлік көрсетті. Сол көрсеткен ерліктері біздің мәңгі жүрегімізде қалады. Менің атам мен әжем де соғысқа қатыспаса да, көрген адамдар.Атам мен әжемнен өзім сұхбат алған болатынмын.
Атаммен сұхбат: Мен соғыс басталған кезде 9 жаста болатынмын. Менің әкем балықшы еді. Әкемді соғысқа шақырды. Мен оны өзім шығарып салдым. Адамдар біреулер әзілдеп жатыр біреулер жылап жатыр. Сосын атымды жетектеп үиге қайттым. Үйге келсем үйдегілер жылап жатыр екен.Менде қосылып жыладым. Сөйтіп ұйықтап қалыппын.
Әжеммен сұхбат: Кішкентай кезімде үстімізден бомба түсіп кетпесін деп қорқатын едік. Кешке жақын терезелерді есіктерді жауып қойамыз. Шамды сөндіріп ұйықтаймыз. Үстімізден қарға сияқты самолеттер зуылдайды. Бір кезде сарт еткізіп бомба құлайды. Бомба түскенде терезе сынып кете жаздайды. Кешкі тамаққа не жейміз деп ойлайтын едік. Үйдің қасында балық завод бар еді. Содан 3-4 балық сұрап жейтін едік.
Осылай ата-әжемнің қалай қиналғандарын білдім. Елімізде тыныштық орнасын. Ешқашан соғыс болмасын. Бәріміз бейбітшілікте өмір сүрейік.Қазақстан Алға!!!!!
Әрі қарай

Әлем барлау қызметтерінің сәтті оперативті-тактикалық шаралары. "Майнсмет" операциясы.

Жыл: 1943
Ұйымдастырушы: SIS (Secret Intelligence Service — Құпия Барлау Қызметі), Ұлыбритания.

Операцияның артқышарттары

1943 жылы 2 ақпанында немістің 6-ншы Армиясы (фельдмаршал Паулюс) Сталинград түбінде енегі айналып жеңілген соң, Германияның бұ малатаңанә соғыста жеңілетіні ең соңғы алқашқа да түсінікті болды. Себебі Қызыл Армия бұл ірі жеңістен соң тыныс алып жатып алмай, неміс әскерлерінің көтіне шам алып түсіп, қуалаған үстіне қуалай берді. Бұл
Әрі қарай

Мұғжиза: Қасиетті Құран Кәрім кітабы адамды өлімнен құтқарып қалды

Ливияның не болып жатқан бүгінгі жағдайын барлығымыз да білетін шығармыз. Қақтығыс, соғыс, қырылыс деймізбе әйтеуір Аллаһ елімізден ондай жағдайлардың бетін ары қылсын!.. Бірде youtube-тан араб тілі жайында қажетті ролик іздеп отырып, мына бір Аллаһтың кереметіне тап болдым! Кешегі соғыс барысында қалатасында Құран кітабы бар кісіге қаңғыған оқтардың бірі келіп тиеді. Ол оқ қалтасындағы кішкене ғана өте жұқа қағазды Құран кітапқа тиіпті. Таң қаларлығы үлкен оқтың Құран кітапты тесіп шығалмағаны мен кісінің тірі қалуы…
Ол оқиғаға куә болғандар Аллаһты ұлықтап, мадақтарын жаудыруда. Ал біздер видео арқылы куә болып көрелік:
Әрі қарай

Соғыста өлген әже

Шал мен кемпірдің қолында немересі тұрыпты. Бала неме бірдеңені түсініп қалмасын деп шалы «Кемпір соғысайық» дейді екен. Содан екеуі соғысып алады екен. Күндердің күнінде ойнап жүрген немересін шақырып алған әжесі «Барып атаңа айтып келе қойшы, әжем соғысайық деп жатыр де».содан немересі атасына келіп, «Ата,әжем соғысайық деп жатыр»депті.сонда шал "Әжеңе айтып бар, атам кешегі соғыста өліп қапты де" деген екен.
Әрі қарай