"Ораза деген не?" жиі кездесетін сұрақтар
ОРАЗА ТУРАЛЫ ҒИБРАТТЫ ӘҢГІМЕ
Ораза ұстадың ба, ұстамадың ба?
Тақуа кісілердің бірі Сануси өзін сәт сайын Аллаһ тағаланың бақылап тұрғанын сезінгенде, жанын қоярға жер таппай кететін. Өйткені Жаратушы иеден қатты қорқатын. Күнара ораза ұстайтын. Қолындағыны қанағат тұтатын, өзі бермесе, ешкімнен көз сүзіп ештеңе сұрамайтын. Ораза ұстаған кей күндері: – Аузың берік пе? – деп сұрағандарға, – Шынымды айтсам… ораза ұстадым да дей алмаймын, ұстамадым да, – деп күмілжи жауап беретін. Ораза ұстағандықтан «ұстамадым» дей алмайтын. Алайда менікі қабыл болатын кәміл оразаға жата ма, жатпай ма деген іштейгі күдікпен «ұстадым» деуге де аузы бармайтын.
Оның рухани тереңдігін білмейтіндер: – Өзіңнің ауыз бекітіп, бетікпегеніңді білмейсің бе? – дегенде, ләм-мим деп жауап берместен ол жай ғана күлімсірейтін…

Француздар мен Мароккалықтар 2004 жылы түсірген осынау «Ұлы сапар» («Үлкен саяхат» деп аударғым келмеді. Фильмнің орысша аудармасы «Большое путешествие») фильмі адамды өзіне баурап алады. Бір қарағанда, тым қарапайым, шұбалаңқы көрінген сюжетті фильмен керемет әсер аламын деп ойламайсыз. Көбіміз жарқыл-жұрқылды оқиғалар, шартпа-шұрт төбелесті, қым-қиғаш тірліктер көрсетілген жеңіл фильмдерді жиі көреміз. Адамды ойға жетелейтін, айтары бар кино көргіңіз келсе осы туындыны тамашалаңыз.
Ауызды ашыыып, көңіл жайланыыыып отырған жайым бар. Ал енді Керекшілердің арасынан осы жылы нәпсісін бір сәтке тыйған бауырларыма айтарым: Жаратушы Раббымыз қsлған құлшылықтарыңды, оның ішіндегі тұтқан оразаларыңды қабыл еткей!
Бауырым, рамазанның үштен екі бөлігі аяқталғалы тұр. Сен соңғы он күндікке аман жетуіңді Алладан тіле! Алла құлшылық еткен пендесін тозақтан құтқарамын деген уәледі күндері дәл осы соңғы он күндік. Осы күндерді бос жібермесең — бағың жанды.