Алматылық талабы таудай талантты жастар! Қапы қалмаңыздар!
Шоу бизнеске келудегі мақсат, әрине, жарқырау, танымал болу, өз өнерін паш ету секілді, бір ғана ниет болғанмен, әр өнерпаз түрлі стилмен келеді. Осы ғасырдың бас жағында қазақ шоу бизнесінде топпен ән айту сән болған секілді. "АБК" бастап, "Нұр-мұқасан", "Бәйтерек" қостап, сонан соң "Орда", "Музарт", "Жігіттер" болып кете барды.
Кейін фонограммадан жалыққан жұртқа керемет көңіл күй сыйлау үшін, көпшілігі бір кездегі даңқы шырқаған "Дос-мұқасан", «Айгүл» секілді қазақ өнеріндегі танымал ансамбліндері секілді ВИА құруға көшті. Бұрын қолдарына тек домбырамен немесе баянмен шығар болса, кейін түрлі аспаптар шоу бизнестің көркі болды. Мысалы Музарттың Кенжебегі сылдырлағымен ерекшеленсе, қыздардан құрылған "Асыл" тобы қобызымен ән салды.
Сонымен қатар музыканттар да шоубизден аламыз деген үлестері мол екенін дәлелдеуге тырысып жүр. Қазақ сахнасында жүргендердің арасынан оқ бойы озық тұрғаны Лұқпан Жолдасов шығар. Гитарамен сүйемелдеп, ән айтумен қатар, әсем әуендері жұрт есінде. Ал соңғы ұлттық бағыттағы музыканттардың саны артып келеді. Ал олардың жаңбырдан кейін саңырауқұлақтай қаптауына "Ұлытаудың" жеткен жетістіктері әсер етті ме екен? Әйтсе де, Асылбек Еңсеповты қалай ұмытамыз?! Оның әкесі Жасарал Еңсепов «Декко» жанрының негізін қалаған соң, осы бағытта небір тың ізденістер жасалған болатын. 
