Кеше баламды мектепке алып барып, әншейінде істемейтінді істеп, сыныбына дейін апарып, кіргізіп жібердім. Сонда мынадай көріністің үстінен түстім. Тура сынып есігінің алдында бір ата-ана практикант қыздың жер-жебіріне жетіп ұрсып жатыр. Мәселенің төркіні неде екен деп, құлақ түрдім (ұяттымын). Сөйтсем, практикант қыз баланың бағасын төмендетіп қойған сыңайлы. Үш қойды ма екен, сондай бірдемесі бар. Себебін былай түсіндірді: «балаңыз сабақ айт дегенде орнынан тұрмай, қырсығып, бедірейіп алды» дейді. Соған әлгі мамаша: «сонда сен, баланың тәртібіне қарап, оның бағасын төмендеттің бе?» деп таңқалып тұр.
Қой, өсек бітті, енді істің мәнісіне көшейік.
Алдағы уақытта еліміздің мектептерінде оқушыларының демалыс уақыттарына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланған «Мектеп оқушыларының жазғы демалысының құрылымдық өзгерісі туралы» атты министрдің осы мәсеге қатысты жұртшылықтың бұрын жолданған сауалдарына берген жауабында айтылған.
Бұл сұрақ, әрине, әр түрлі жағдайларға қатысты мәселелерден туындаса керек. Осыған қатысты менің бір қосарым — мектеп демалыстарын өзгерту елдің шығыс және солтүстік өңірлерінің қолайына ыңғайлы келер еді деп ойлаймын. Өйткені осы өңірлерде қыстың қаһарлы келіп, аязды күндер 20-30-ге созылатыны бәріне белгілі. Осы уақыттарда өңірдегі мектептерде сабақтар қысқартылып, жұмыс бағдарламасынан қалыс қалып жатады. Сондықтан осы аймақта сол суықтардың уақытын демалыс қылып, жаз маусымында оқыса елге ыңғайлы болар ма деген ой ғой. Сурет мына жерден алынды
Бұл жазбам өзімнің оңбай ұсталып қалғаным жайлы. Күйеуі вахтаға кеткен әйелдің күйеуіне ұсталып қалған болар деп ойласаңыздар қателесесіздер. Біреудің хатын оқып отырып та ұсталғаным жоқ.Сонымен…
Мектептегі кез. Сегіз оқымасақта жеті оқимыз шамасы. Сабақ беріп тұрған завучіміз (күйеуге шықпаған қатал кісі):
-Балалар, сендер шуламай отыра тұрыңдар, мен қазір келемін" деп шығып кетті. Осыны күтіп тұрғандай мен партаның үстіне атып шығып:«Білесіңдер ме ол қайда кетті.Осырып келуге кетті» деп кластастарымды күлдіріп тұрғанмын.ана мұғаліміміз шынымен есіктің сыртында осырып тұрған болуы керек, есікті жұлқи ашып кіріп келді де, жағымнан тартып-тартып жіберді…
Әдеп, әдеп, әдеп… Біз осындай пән оқыдық па?.. Айтпақшы, тұра тұр, оқыдық!.. Бірақ, пәннің не туралы екенін ақыры есіме түсіре алмадым. Бір есте қалғаны сабақты класс жетекшісі (негізгі мамандығы математика пәнінің мұғалімі) өткізетін. Очм, оқи тұра оқымадық десе де болады. Және бұл жалғыз мысал емес. Тағы бір пән "Құқық". Осыдан тіпті олимпиада өтетін еді. Ал, бізге сабақ берген әдебиет пәнінің мұғалімі. Сызу — физик сабақ берді, әлде берген жоқ. Бұл сабақтың дұрыс өткен күні, кәдімгідей циркуль, сызғыш ұстап отырғанымыз есімде жоқ. Ән-күй — ағай сүймелдеп отырады, біз бәріміз қосылып ән айтамыз. Жиі айтылатын ән «Айттым сәлем, Қаламқас». Бірде, ағайды көндіріп «Не жаздым мен жаным саған» дегенді әнді айтқанбыз, завуч естіп қалып, бізді қойшы, ағай жаммман косякқа кірді. Ең сорақысын айтайын, менің аттестатымда «шеттілі (ағылшын) 5» деп жазулы тұр. Ағайындар мен мектепте ағылшын тілін оқыған да жоқпын. ))) Бірақ, беске шықтым. Күшті парадокс иә!)))
Иә, айтпақшы аттестатым қызыл))))
Мектептерде неге ер мұғалімдер саны аз? деген салау әркімнің ойында жүрер. Кезінде аталарымыз ауыл молдаларынан хат танып жағдайы келгендер одан әрі білімдерін жетілдірген еді. Ал, қазір мектептерге барсаң әйелдер қауымының саны басым. Осыған байланысты сіздер қандай ойдасыздар. Неге әйелдер саны басым. Жалып елімізде қай уақыттан бастап ер азаматтар білім беру қызметтерінен алыстай бастады.
Тоқсаныншы жылдар...Өліара… Біздің мектептік жылдарымыздың бастауы сол уақытпен тұспа-тұс екен. Бізге(біздің мектепте) ешқандай тәжірибелік класс аман жетпеді. Тіпті, қарапайым гербарий жасамаппыз да. Бұл-бұл ма, "қайықшыға жел қарсы" демекші бор тапшылығына кездестік. Тырнақтың басындай борды алты сабаққа жеткізетін мұғалімдер бар еді.sammita секілді старостылардың сумкасында жүретін түрлі-түсті борларда таусылды. AKY тәрізді тазалық секторлары бүкіл кластарды жағалап, мұғалімдерден бор сұрайтын замандар туды. Есікті аша бергенAKY типтестерге мұғалімдердің тряпка лақтырып жіберетін де кездері жиі ұшыраушы еді.Ізбеспен (әктас) жазып көрдік. Болмады.Мұғалімдер саусағын сілекейлеп алып тақтаға жазуды шығарды. Білімге деген құштарлығымыз артып, сілекей кепкенше жазып үлгеруге тырысатынбыз. Біздің осы күйімізді Құдай көріп, қытай құтқарды.Дәлірек айтсақ, қытайдың шыбынға қарсы шығарған дәрісі құтқарды. Бор тәрізді қанық жазбаса да ізбестен жақсы еді жарықтық. Тақтаға шығып бор жеп қоятындарға қатаң ескертулер жасалып отырушы еді сол бір замандарда…
Барлығымыздың тоқ ішегіміздің түкпірінде жатқан үрейіміз бар. Олардың қорқыныштылығы сондай: тіпті дауыстап айтып көруге де тасың дірілдеп, мандраж ұстап сала бересің. Мысалы, жақын адамыңды жоғалтуды ойлап көру сияқты.
Бірақ, бала күндердегі үрейлер қазіргіден басқаша болған сияқты. Әйтеуір үрейіміз өлімнен басқа нәрсе болатын. Өлім туралы ойламақ түгілі, тіпті өлім — тек кәрі кемпір мен шалдармен болатын — ну енД, андай* оқиға сияқты көрінетін еді. Содан ба: кәрі-құртаң біреуді Аид патшалығына аттанып кетті десе… құлақ мүжіп, кәмпит жеймін
Қойылатын талаптар
1. Ер немесе әйел
2. Білімі жоғары болмасада жоғарғы білімді анықтайтын қағазы міндетті түрде керек.
3. Аудандық, облыстық, республикалық «Жағымпаздар конкурысынан» алған мақтау қағаздарының көшірмесі (егер бар болса, жоқ болса міндетті түрде қатысу керек)
4. Дауысы Нұрлан Абдуллиннің дауысына жақын болуы керек, (мұғалімдерге айқайлағанда керек)
5. Боқтық сөздердің (орысша, қазақша) сыпайылау түрлерін білуі керек, анайылау түрлерін білсе тіпті жақсы.
6. Компюьтер білудің мүлдем қажеті жоқ, есесіне информатик пен хатшы қызға жұмыс істете білуі керек.
7. Банкеттерде тостты ұзақ әрі мәнсіз сөйлей білуіңіз керек.
8. Қол астыңыздағы мұғалімдерді түгел «Нұротанға» мүшелікке өткізе білетіндей шеберлік керек.
9. Әйеліңіз қайда жүргеніңізді сұрамайтын және қонақты жақсы күте білетін болуы керек.
10. Ақша жинағанда келіспеген мұғалімдерді орнына қоя алатын болуыңыз керек.
11. Астыңызда машина болса тіпті жақсы, өйткені аптасына аз дегенде 4 рет ауданға шапқылайсыз.
12. Бір соғым беріп жұмысқа кіргендерді қаржы полициясынан сәтті қорғап шығуыңыз керек.
Осындай қасиеттер бойыңызда болса мектепке келіңіз директор боласыз.