Көңілдестерім. Әріптесім Аслан

«Мен көп созбай, тек өмірдегі ұстанатын философиямды айтып өтейін. Сонау мектеп кезінде маған ағалық еткен тәрбиешім жақсы сөз айтқан болатын. Сол кейіннен менің өмірлік ұстанымым болып кететінін мен де ойламағанмын. Ой төрі былай болатын:
— Егер, таза жар қаласаң — таза бол!— дейтін. Сол-ақ екен, «жүрекке әмір жүрмейді» — деп, аяқ-асты ғашық болсам да, адам мінезін танымай, ойланбай, түсініспей, тіпті, бір-бірімен сөйлесіп көрмей үйленген жоқпын. Әр қадамды орнымен жасап, жеңешеңе ұсынысты тосын сый ретінде ұсындым. Сондықтан, айтарым: ойыңның барлығы есепке толмай, алғаннан кейінгі үлкен жауапкершілікті сезіне отырып отау құрған дұрыс. Адам арасын тек махаббат, түсіністік және мейірімділік ұстайды. Ал, қалғанның барлығы бос әңгіме.»
Адал сүйіктің болсын десең — адал бол!
Тазалыққа құмар жан болсын десең — таза жүр!
Ата-анаңды сыйласын десең, жұмақтың кілті қайда екенін білесің…
Есіңде болсын! "Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді"..»