Бір үзім романтика

Бүгін маған жазылған құттықтау каменттерін оқып отырып, Нұрғисаның бір жайтты еске түсіріп жіберді. Сіздермен бөлісейін дедім:
Шамамен 2003 жыл болуы керек. Ол кезде де КерекИнфо админімін. Түркияда студент кезім. Гүлчин деген түрік қызым болды. Сол қызбен бір ренжісіп қалған кездерім болуы керек (негізі қыздармен 1000 рет ренжісіп, 1000 рет татуласатынмын). Бір ой келді Гүлчинге сюрприз жасайын дедім. Керекинфо форумындағы қолданушыларға өтініш тастадым, Гүлчиннің номеріне «Arshat seni seviyor» (Аршат сені сүйеді) деп SMS жіберіңдерші дедім. Қазақстан, Ресей, Түркия, Қытай, Америка, Корея, Моңғолия сияқты неше түрлі елден SMS барыпты Гүлчиннің номеріне. бір мәз болып қалып еді.
Ол кезде флешмоб деген түсінік жоқ, идея қарайтын Google жоқ. Бәрі оригинал еді, ойлай алатын едік, ойланатын едік. Романтика бар еді. Қазір білмеймін, заман өзгеріп келе ме бұрынғыдай ой, бұрынғыдай романтика жоқ сияқты. Әлде мен байқамаймын ба қазіргі жастардан?..
Сіздер де өткен жылдардағы романтикалық сәттеріңізді бөлісе отырыңыздар.

Ия!!! Оралуыңмен КерекИнфо! Шынында да Дабай.кзке кейбіреулер кері пікір тудырып үлгерген еді. Бірақ қалай болғанда да құлағымыз үйреніп те қалыпты! Жаңа ат — жаңа шыңдармен иықтасады деп үміттенеміз! Алдағы уақыттарда бұл сайттан шынында да көптеген керекті инфо табуымызға, өзімізде бар инфоны жұртпен бөлісуге бар күшімізді салуға тырысамыз! Жарайсың Асау Бота! Аузыма «Админ красава» дегеннен басқа сөз келмей тұр!
Дабай.кз ашылғанына 2 айдай уақыт болды. Осы қысқа уақыт ішінде өзіндік аудиториясы қалыптасып үлгерді. Нағыз пікірталас платформасына айналып үлгерді. Басында техникалық тұрғыда әлсірей бастаған Кездесу.ком сайтына альтернатива ретінде эксперимент ретінде бастаған жобам еді. Кейін Асхат бастаған блогшылардың қолдауымен жақсы жобаға айналып шыға келді. Қолданушы пікірімен санаспауға болмайды, Дабай деген ат көпшілікке ұнамады. Менің өзіме сондай жеңіл атау ұнап тұрса да, мұндай атпен сайттың болашағы бұлыңғыр деген болжамдар айтылды. Сол себепті әлі жолдың басындамыз, кеш емес әлі деген оймен кезінде Қазнетте танымал болған КерекИнфо сайтының атын таңдадым. Дабайдағы белсенділікті біреулер сол баяғы КерекИнфоға да ұқсатты, сол кездегі рух қайта келгендей деген пікірлер болды. Ақыры осы сайтта ақпарат бөлісіп жүр екенбіз, ақпаратымыз керек болсын, керек инфо болсын! Осы атты жатсынбай бұдан кейін КерекИнфоға үйрене берулеріңізді сұраймын. Ал қолданушылар Дабайшылар емес кезінде қалыптасып қалған Керекшілер деп аталайық.