Сауалнамаға қатысқан жанкүйерлердің тек 3,5 %-ы ғана Қазақстан ұлттық құрамасы Әзірбайжанды жеңеді деп жауап берген. Қазақстан Футбол Федерациясының ресми сайты жүргізген сауалнама нәтижелері осындай.
Қазақ айтыс өнерінде Жүрсін Ерманның еңбегі қандай болса мен үшін Қазнет дамытудағы еңбегімен Аршаттың да еңбегі сондай. Блогшылардың атасы деп Асхат Еркімбайды да атап жатамыз ғой негізінде.
Айтыс ақындарының арқа сүйері Жүрсін, «Керекшілердің»
Женщины едят за разговорами, мужчины разговаривают за едой.
Малькольм де Шазаль
Негізі мен осы жерде отырған бір топ еркекті сотқа бере аламын. Моральдық шығынымды өтеп беріңдер деп. Күні бойы қанды іштіңдер тамақтың неше түрін көрсетіп. Ернұрдың сірнесін көргенде есім кәдімгідей ауып қалды.
Жарайды, бұл кедір-бұдыр лид болсын.
Патик кезек сенікі дегенде, басыма небір ойлар келді. Небір болғанда, не ғой, естігеннен-ақ аузыңның суы құритын алуан-алуан рецептер емес, алдарыңа не тартамын деген жымысқы ой.
Содан не керек, аласұрып жүріп асхананы жарып жібере жаздадым. Абырой болғанда, есіме алдында әйелім екеуміз жасаған бір конфеттің рецепті түсті. Басында жаңғақ аршып, кәмпиттің құрамдас бөліктерін араластырып (қазір түсінесіздер) жүр едім, соңғы рет тұтастай өзім жасадым. Төрт жыл жатақханада тұрып, тамақ істеуді үйрене алмай кеткен мен үшін бұл жетістік (күлмеңдершиш, е).
Блогымдағы алдыңғы жазбалардың бірінде «қызық әлі айтыла жатар» деп ескерткен едім. Блогқұрылтайдан келгеннен кейін, бір-екі күн жер-жерден сурет аңдумен жүргенде, күнтізбе сенбі-жексенбіні көрсетіп қойыпты. Ол күндері өз басым компьютер мен ғаламтордан қол үзіп кететіндіктен, мынау жазбам аяқсыз қалған болатын. Бастаған дүниенің аяқтайын деген оймен дәл қазір асығыс пернетақта қамшылаудамын. Шындығында, Керекинфода Әбіләкімнің «Керектің тұрғындарына шолу» деген жазбасынан кейін туындаған ойлар ғой:
Бүгін, 25 наурызда, Астана шаһарының «Тағам» дәмханасында Аршаттың ұйытқы болуымен қазақ блоггерлері бас қосты. Астаналық блоггерлердің басы қосылмайды деген ойдың быт-шытын шығаратын жақсы бір кездесу болды.
Қарағанды уақыты 12.00. аршаттар пойызбен Қарағандыдан аман-есен өтіп кетті. Кездесеміз деп ойлағанымызбен кездесе алмай қалдық. "Қайықшыға жел қарсы" демекші, жолды көлік апаты тежеп тастады. Нәтижесінде біздің қалаға жарты сағат тоқтап тұратын пойызға үлгере алмай қалдым. Осы жазбамды Қарағанды вокзалынан жазып отырмын. Алла жазса Әбекең пойызға түскі бірде отырып, 1.30-да "Қоңыр салқын төске алып, алматыны бетке алып" тартып отырады.