Масаң дойбы

Жиған-терген: Масаң дойбы
Масаң дойбы — ұлы ішістерде, керемет демалуға арналған дәруішөлгендік ұлттық ойын.
Масаң дойбы ойнау үшін қажетті инвентарь:
1. Дойбыны алмастыратын, ішу үшін қажетті арнайы ыдыс — 24дана, яғни екі набор 12ден, бір бірінен ажыратылатын, ақ-қара орнына. Ыдыс кезкелген материалдан жасалуы мүмкін, бес теңгенің пластик стақаны да бола береді. Немесе ыдыстардағы сұйық түсі әр түрлі болуы мүмкін.
Әрі қарай

Құдияр Кипплинг. "Соңғы сын"

«Жалпы Мәртақын Салтақтың нашар ақын, тіпті, расы керек — қ...қ екеніне бәріміз келісіп алайық әңгіменің басында...». Мәртақын бірінші сөйлемнен-ақ әдеби сыншы Сапаркүл Күлейменнің өзін оңдырмағанын түсінді.
Әрі қарай

Той әнектері

Тойға бармайтын қазақ жоқ. Тойшыл емеспін деген қазақтың өзі кемінде 3 тойға баратын шығар бір жылда. Туған-туыстың, дос-жаранның тойына қонақ болуымды есептесем орта есеппен жылана 4 мәрте тойда қонақ болады екенмін.
Келіншегіміз баламен демалып отырған осы бір тұста жуанның жіңішкеруін, жіңішкенің үзілуін күтпей ауыздан кеп тұрған соң биыл беттің арын белбеуге түйіп асабалықты бұрқыратыңқырап жібердім. Енді жұмыстың кестесі қызар тұста сәл тоқтай тұрармыз. ол басқа әңгіме.
Біздің айтарымыз… Тойларда қонақ болып келіп, ән айта алмаса да керемет қалжың айтып кететін ағаларымыз болады. Тойдың әнектері дегеніміз, жан-жағынан сүзгіден өткен әнектер.
Әрі қарай

Дүние жүзінің алқаштары. Апелец

Прагада Мухырлоның өзі мен Кафканың кесенесінен басқа не бар деп жемегейсіз, херметті оқырман. Арақ туризміне шыққан жиһанкезге алғашында, Прага сияқты Еуропаның ең әдемі қаласының ішу ілімінде айтары жоқ болуы мүмкін. Ендеше асықтың, сіңлім!
Әрі қарай

Дүние жүзінің алқаштары. Дрюккенбильд

Кешегі латынамерикандық шолуда өзі қаншалықты қожалақ болса, көңілі соншалық ақ боррачо (пяншік) амиголарға тоқталып өткен болатынбыз, және оған AKY ештеңе демеген болатын. Ал скандинав халықтарының алқаштары болса, оларға тіпті ұқсамайды.
Әрі қарай

Дүние жүзі алқаштары. Боррачо.

Менде бір керемет сюжет бар...: Дүние жүзі алқаштары. Боррачо.

Маскүнемдіктің озық үлгілерінен әрине, испантілді халықтардың кенде болуы мүмкін емес. Мадера мен текиланы былай қойғанда, ешкім біле бермейтін ондаған арақтың түрінің авторлары. Егер Латын Америкасы елдерінің бірінде бола қалсаңыз, боррачо амигоспен кездеспеуіңіз екіталай.
Әрі қарай

Сегізсері Кюнаннан. "Бақытсыз Камал"

Хард-әдебиет: Сегізсері Кюнаннан. Бақытсыз Камал

Менмұндалап тұрған “Петрәнасс Тауэрдің” 85-інші қабатынан “мен мұнда-а-а-а-а!” деп бақырып тұрған Карина Әбсаттардың қылығы, табиғатынан ибалы куалалумпурлықтарға оғаш көрінгенмен, сол ғимаратқа асығып келе жатқан Камал Стейнуейнге әбден түсінікті жәйт болатын. «Бейшара қыз қауышамыз деп қуанып тұр. Әттең...».
Әрі қарай

Сиязбай Пазылфеши. "Күлдік"



Қаламхеріміздің «Сиязбай» деген есімі ерекше де оғаш көрініп тұрған шығар сіздерге, херметті охурмандар. Ендеше, атын әкесі қойыпты. Съезден съезге делегат болумен өмірі өтіпті деседі жарықтықтың.
Ал Сиязбайдың өзінің қайғылы тағдырын жауларымызға тілейміз. Иә, тап солай: жауларымыздың жазбасы еш жерде жарық көрмей, қатағалсын!
Соңғы рет редакциямызға өткен жылы таңертең келген екен. Редактор:
Әрі қарай

Саттар Гонзалес. "Сот алдындағы сот"



Қаламы суалғандарға бұттарыңды ашып күлмес бұрын, ешқашан тіптен қаламы да болмаған, қалам ал деп берген тиын-тебенді де, қаламақыныда араққа жаратып қоятын адамдар болатынын ескергейсіз. Солардың екеуі — өзіміздің Саттар Гонзалес.
Әрі қарай

Ертең…

Блог - ZhasPress: Ертең…

Бірде үйге көкемнің кіші қызы, яғни қарындасым кіріп келді. Жүзінде ыстық қуаныш пен бір күлкінің белгісі ойнаған. Жексенбіні пайдаланып ұйқымен ерте қоштасқым келмей, жастығымды жарымдай қып құшақтап жатқан мен оянып кеттім. Қарындасым маған амандасқаннан кейін, «Біздің әке арақты қоям деді»-деді күтпеген жерден. Мен де іштей қуанып,қарындасыма күліп қараған күйім де ойланып кеттім.

Кішкентай болса да отбасының берекелі болғанын қалайтын оның сәби жүрегіне қызықтым. Арада бірнеше айлар өтті. Әлгі арақты алысып жеңіпті деген «батыр» көкем, тағы да ащы суды төбесіне көтеріп, белгілі мұңдас, сырлас кейін соңында жекпе-жектегі қарсыласына айналатын адамдарымен үйінде отыр екен дегенді естідім. Өзі құмары қанғанша ішкені ештеңе емес,үйдегі тірліктің тұтқасы жеңгеме де тиісетінді шығарыпты. Жұмыстан шаршап келген жеңешеме «қасымда отырасың, ас пісір» деп түн ортасында тұрғызып алады екен.
Әрі қарай