Айналамның бәрі Азиада болып кетті...

Алматыдан Азиаданың иісі шығады. Дәлірек айтқанда алматылықтардың бойынан Азиаданың бір элементін көруге болады. Азиада басталғалы бері Азиада белгісі бар тоқылған бас киім, шалғы киіп жүрген жастарды көрдім.

Сонымен қатар көшеде қызыл киім киген Азиада волонтерлері де жиі көзге ұшырасады. Стадион маңында көк ту сатып тұрады. Көптеген алматылықтардың көліктерінен де көк туымызды байқадым. Өткенде көше ортасында бір жігіт туды желбіретіп жүгіріпжүргенін де көзім  шалған.
Сосын базарда Ирбидің суреті бар пакет ұстаған жандар. Әйтеуір айналамның бәрі бір сәтте Азиада болып кетті. Мүмкін Алматы көшесінде аз жүруім керек шығар :)
Фурмановтағы Орталық Мұражайда мынадай көрме болып жатыр екен. Жолай соға кетіп едім. Ол туралы Айжанәдемі фоторепортаж жасаған. Менікі жай әшейін түсірген видеоларды жинастыра салып едім.
пысы. көрмедегі заттар шынымен де әдемі екен. Бағалары да онша қымбат емес сияқты көрінді.
urimtal.wordpress.com/2011/02/05/%d0%b0%d0%b9%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%bc%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d0%b1%d3%99%d1%80%d1%96-%d0%b0%d0%b7%d0%b8%d0%b0%d0%b4%d0%b0-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d1%8b%d0%bf-%d0%ba%d0%b5%d1%82%d1%82%d1%96/
Әрі қарай

Жақсы жаңалықтар.

Кешеден бері спорт тақырыбында жақсы жаңалықтар оқып мәз болып жүрмін.

Біріншісі биылғы жылғы футзалдан болатын УЕФА кубогінің төрттік финалы Алматыда болатындығы!!!
Екіншісі бүгін азанда оқып біліп отырмын, келер жылғы допты хоккейден (бенди) Әлемдік доданың да қожайыны біздің ел, яғни Алматы қаласында өтетіндігі :)

Өйстіп, өйстіп елімізде Әлемдік деңгейдегі жарыстар өте берсе, қазақтардың да "Ұлттық спортының" жағырапиясы кеңейе түсер еді деген үлкен үміттемін.
Әрі қарай

Dabaileaks-1

Қалдықызға жасаған сыйлықтары үшін көп рахмет!

Coffedelia-да жиналдық. Алдында айтып өткенімдей, BlogCamp-ке қатысқысы келетіндерге оның форматы (әлемдегі BarCamp ne-conference форматы) қалай екенін әңгімелегім келген. Сөйтіп, барсам, біразы жиналып қапты. Кейбіреулер сағат 18.00-де деп түсініп ерте келіп, күтіп қалған екен. Ғафу етіңіздер!



Келсем, үстелде бір дорба сыйлықтар тұр. Қалдықыз бәрімізге сыйлық үлестіріп жатыр екен. Мен және Patick (тағы басқаларында да болған шығар) зырылдық ақ қоянды таңдадық. Жарыстырып көріп едік. Patick-тікі озып кетті. Таксссс. Бұл емес негізі айтпағым.
Әрі қарай

Презентацияны қалай жасаймын?

Тіркелген қолданушылардың дені осы сұрақты қойыпты. Әрі тіркелген кезде "Әзірге белгісіз немесе тақырыбым нақты емес" деп жауап қалдырған.

BlogCamp-та презентация жасау не үшін маңызды?

"Әрі тақырып таңдаудың оңай жолы қайсы?" дегенге тоқталмас бұрын, осы уақытқа дейін тіркелгендер жайлы статистикалық мәліметтерге назар аударсақ. Содан кейін презентацияларға тоқталмақпын.
Әрі қарай

Ішің күйсін, Қисық! Vol.2

Сонымен…

Негізі мен осы пост қамтыған бірнеше тақырыпты бөлек-бөлек жазба қылып берсем бе деп ойлағанмын. Бірақ “Адамның айтқаны болмайды, Алланың айтқаны болады”, “жезде” деп мені желкелеп жүретін Құдай бере салған балдызым Розатай “Ішің күйсін, Қисық!” деп жазба жазғанда миымдағы “мл-мл” мидай араласып кетті.

Рас, осы Кездесу туралы әңгіме, шешім шыққанда “атойламасам” да, “алақайлағанның” бірі мен едім… Кездесу туралы “Кездесуде” жарияға жар салдым. Сол күні сандық фотоаппарат сатып алып, онымды алматылық блогшылардың дене-бітімінен сыннан өткізем ғой деген дәмем болған. Көптен бері көрмеген Өрімталды, “Кездесу.ком”-да “келем, келем” деп құлшынған Қалдықызды, кезінде бірге отырып пицца жеген Мақпалды, тағы басқа келетін от ауызды, орақ тілді блогшыларды көріп бір жырғап қаламын-ау деген бір алапат үміт анау күннен бері қиялыма қанат бітіріп келді. Бірақ…

Сенбі күні сарылып кешті күтіп отыр едім, апта бойы жұмыстарынан шыға алмай арманда қалып жүрген бір топ досым, арасында қызымның кіндік шешесі мен өкіл әкесі бар, “бауы берік болсын” айтып сау етіп жетіп келді (а, айтпап па едім, айтпақшы желтоқсанның он жетісінде әке атанып, қызды болғанмын, Нұрберген айтпақшы “Пақандар клубына қосылып”). “Былай тартсаң өгіз өледі, былай тарсаң арба сынады”, содан амал жоқ блогшыларды лақтыруға тура келді…

Уа, қалың ел, бұқара халық, көз көрген, құлақ естіген ағайын! Уа, Алматының игі жақсы, бетке ұстар, ақсақал, қарасақал блогшылары! Уа, сөзінің дуасы бар, тілінің қуаты бар постжазғыштар! Уа, қарсы келген камент жазушыға бет қаратпас жауынгер жазбашылар! Уа, “Құрал-сайман тақтасының” жілігін шағып, майын ішкен, пернетақтасын қалқан, саусағын ақ сүңгі еткен блогшы бауырлар!

Реніш болмасын, езьжі:)

Келесі жолы, Құдай қаласа, Қисық кездесуден қалмас.

Пы. Сы. Балғырғанның келетінін неге айтпадыңдар!!! Қайтсем де баратын едім ғой!!!
Әрі қарай