08.QB Наурыз айында "блогомания" дүмпуі байқалды

Құрылтайдан кейін есімді енді жиып жатырмын. “ Тойдың болғанынан боладысы қызық” дейді ғой, тойдан кейінгісі шыжық деп қосар едім. Үйтіп-бүйтіп қағаздардан құтылғандай болып отырмын. Соңғы екі аптада Құрылтайдың бітпей қалған жұмыстарын аяқтауға көмектескендерге де бір-бір ескерткіш орнату керек шығар

Ең үздік блог байқауында “Өрімтал” блогына дауыс берген оқырмандарға да алғысым шексіз.Блог құрылтай “ Блогомания” синдромын алып келетінін болжау қиын емес еді.