Barcamp Central Asia 2011 қатысасың ба?


Тіркелу басталды.

Біздің блог құрылтай сияқты. Бірақ ауқымдырақ шара.

Қатысқың келсе, сайттарын ашып, тіркелу керек.

пысы. Үйлестірушісі емеспін. Сұрақтарды сол жаққа қойған орынды болар. Егер қазақша презентация жасаймын дейтіндер көп болса, өз алдына бөлек секция жасауға болатынын ғана білемін.
Әрі қарай

"Азаттық Радиосы": Блогшылар құрылтайы туралы



пысы. Мақпалдың ұйытқы болуымен «Азаттық» радиосы да ақпараттық демеушілеріміздің қатарынан табылды. Құрылтайдан тікелей хабар таратқан Мәди мен Артурға үлкен алғысымды білдіремін. «Азаттықтың» қара дорбасының ішіндегі Абайдың қара сөздері CD дискісі мен Блогстан кітапшасы маған тимей қалды. Біреу-міреуде артығы қалмады ма?
Әрі қарай

Қазақ блоггерлері. Олар кімдер? - "Таразы" бағдарламасы ("Хабар" арнасы, 25.03.11-23:25)

ЕСКЕРТУ: САПАСЫ НАШАР.



Сөз соңында
Сапасы үшін кешірім сұраймын, қолда бар аналог-тюнермен, "әйтеуір жоқтан жақсы ғой" деген пәлсапамен жазуға тура келді. Радиотолқындардың коллизияларынан Өркен екеу, Еркімбай төртеу боп көрінуі мүмкін (ал бесеу немесе одан көп болса — Сізде «белая горячка» :) ) Бәлкім, ертең сапалы жазбасын шығарып қояр өздері. Оған дейін талғажу болсын деген ой да.
Жалпы, «Хабар» агенттігінің уеб-саясатын түсінбей жүрм. Стрим-серверлері мынау екен: rtmp://212.154.153.109:1935 Бірақ ол хост сөніп тұрған сияқты. Флэш-сервер үшін тек лицензиялық төлемдердің өзі жылына төрт-бес мың АҚШ доллары тұрады менің есебімше. Канал мен сервер алғандары тағы бар. Оған да пәленбай мыңды тағы қосыңыз. Менің есебім бойынша, стрим-серверді басқару сияқты тозақтың жұмысына ешкім 800 доллардан кем ақыға келіспейді. Очм, осыншама ресурсқа соншама ақша шашып, ештеңесіз қалған жаман екен де. Қашан біз «каналдың сайтынан қарап алармын» деп, сеніп жүре беретін жайбарақат өмірге жетер екенбіз осы?
Әрі қарай

BlogCamp туралы менің ойым.


Шынымен де тез өтіп кетті ғой…

Шынымды айтсам қатты шаршаппын. Екі күн аяғымды ала алмай жүрдім оған қоса волейбол ойнайм деп көгеріп қалған қолдарым бар дегендей :). Жазба жазуға мейрамға байланысты демалыстан қолым тимеді. Бүгін келе сала барлық блогтарды, керекинфоны сүзіп шықтым. Көзім то анда, то мында жүгіріп… Суреттер… суреттер… түсіріп ал, ой мына жерде әдемі түсіппін :) ой мына жерде нашар боп қаппын :(, тух мына жерде былай отыру керек еді… Ох, эмоцияларды қойсаңшы әйтеуір…
Әрі қарай

Блогкемптың суреттері

Қорытынды жазба жазсам ба деп отырып едім. Бірақ, әлдененің (әлде әлдекімнің) әсерімен бүкіл жинақтаған ойымның бышыты шықты. Сондықтан Сіздерге әзірге фоторепортаж бере отырайын.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов тіркелуде, ал Монғолиядан келген Өмірбек кезекте тұр.
Әрі қарай

Презентация

Менің презентациямнан видеоүзінді, 1:48 уақытынан кейін:



Кім түсіргені есімде жоқ. Қателеспесем, Мінбердің өкілі.
Әрі қарай

Блоггерлерді күтіп алу

Тойдың болғанынан боладысы қызық деп, БлогКэмпке 5 күн ғана қалды ағайын. Бір-екі күн айналасында алыста ағайындар пойызға отыра бастайды.
Ұйымдастырушылар түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылған шығар иа? Қанша дегенмен, алғаш рет ұйымдастырып отырғаннан кейін көп уайымдайды ғой. Дегенмен, бәрі жақсы өтеді деп сенемін!
Әрі қарай