Әулие Валентин күнін тойлау керек пе?

Блог - AidaMuntiyeva: Әулие Валентин күнін тойлау керек пе?14 ақпан. Қызыл раушан, шоколад, ашық хаттар. Бұл күн- саудагерлердің қалтасын қылыңдататын, түрлі тосын сыйлар мен романтикаға толы күн.
Әулие Валентиннің кім екенін білмесек те, қызылды-жасылды ашық хаттарды таратуға құмар-ақпыз. Жүрекшелерді құрбыларымызға қарағанда көбірек алсақ, мәз болып өзімізден бақытты адам жоқтай сезінеміз. Әулие Валентин кім? Бұл күннің шығу тарихы қандай біле жүргеніміз артық болмас. Валентин туралы аңыздар көп. Алайда кең тарағаны: ерте заманда, дәлірек айтқанда 469 жылы Рим императоры Геласиустың жарлығымен 14 ақпан «Әулие Валентин күні» деп жарияланады. Бұған себеп: әлгі опасыз оңбаған Валентиннің отанын қорғаудан қашып, әскерге бармау үшін үйленетіндердің некесін жасырын қиып, «қиналғандарға» «қол ұшын берген» «ерлігі» әшкереленіп, басы шабылған осы күнді әспеттеу болса керек. Қарап отырсақ, Валентиннің діннен безген арсыз екені анық аңғарылады.
Исламның қағидаларында өзге діннің әдет-ғұрыпын орындап, мейрамдарын тойлауға қатаң тыйым салынған. Ал Әулие Валентин күнін мерекелеп жүргендердің көбісі оны «ғашықтар күні» деп қана ойлайтыны рас. Расында, ол – католиктердің діни мерекесі болып табылады. Сонда, ол күнді тойлап жүрген қазағың мұсылман ба, әлде католик пе? Әрине, мен бүгінгі көпшілік жастарымызға күйе жағудан аулақпын. Сөйтсе де, нағыз қазақы махаббат мейрамы болып саналатын Қозы Көрпеш — Баян сұлу күнінің әулие-сымақ Валентин күнінен төмен тұрғандығына таң қаламын.
Бір жағынан, дәл осы күні жастар бір-біріне ыстық сезімдерін білдіріп, ара-қатынастарын нығайта түседі. Дәл осы күні кішігірім елеусіз әрекеттерге көп көңіл бөлініп, адамдар бір-біріне қуаныш нұрын сыйлайды. Махаббат- асыл қасиет, асқақ мұрат, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезім, ғажайып әлемге бастар алтын көпір. Ал бұл мейрамды тойлау тойламау өз еріктеріңізде.
Автор: Мунтиева Аида
Әрі қарай

14 ақпан: Сөз айту және Наққа кету алғашқы көрсеткіштері

14 ақпан күні түнгі сағат 00.00-ден бастап еліміздің барлық аймақтарында Сөз айту және Наққа кету басталып кетті.



Дәл қазіргі көрсеткіш бойынша 14 ақпан күні барлығы 160,5 мың адам қатысқан, наққа жіберілгендер саны 44,9 мыңды құраған.

Бақылаушылар жалпы сөз айту барысына оң бағасын беріп жатыр. Бірақ кейбір аймақтарда тәртіп бұзу фактілері де тіркелуде.

Нақты нәтижелер бірер күнен кейін немесе етеккір циклінің бұзылу уақыттарынан кейін хабарланатын болады.
Әрі қарай

14 ақпан сауалнамасында идеологиялық хаос


Тәуелсіз «Survey» статистикалық сараптама агенттігінің 14 ақпан күніне қарсы жүргізген сауалнамасы түсініксіз нәтижелермен аяқталды. Агенттік жүргізген сауалнамаға «14 ақпан капиталистік жүйенің коммерциялық жобасы» деп жауап бергендердің 94% жеке өмірлерінде бұл бағытқа қарама қарсы тірліктер істегені анықталды. «Христиандардың мерекесі, біздің қазаққа жат нәрсе» деуші топтың басым бөлігі шын мәнісінде бұл идеяларын ұстанбайтыны белгілі болды.

Агенттіктің мәліметтеріне сүйенетін болсақ:
Әрі қарай

Махаббат күні жайлы

Тәәәәк. Негізі өзім махаббат тақырыбын көп көтеретін азаматтардың бірімін(пазор=). Менің есімім Бақдаулет. Мен sen-ushin.kz сайтының ұйымдастырушысымын (қысқасы админмін). Бұл менің осы сайттағы бірінші жазбам. Жазба 14 ақпан жайлы.
Бір жыл бұрын осы 14 ақпан «мейрам ғой» деп сайтымдағы оқырмандарға сыйлық жасап немесе жай құттықтап құтылатынмын))
Бірақ сол күні сайтыма боқтау сөздер естідім. «Неге бұл мейрам тойлануы керек?? Біз неге шет елдің мейрамын тойлауымыз керек??» — деп кей оқырмандар қатты «ренжіді». Бірақ, неге біз махаббатын көрсету үшін тағы бір себеп табылғанына қуанбай, осындай әңгімені қозғаймыз??
Бұл мейрам туралы сіздердің ойыңыз…
Әрі қарай

Бір үзім романтика



Бүгін маған жазылған құттықтау каменттерін оқып отырып, Нұрғисаның бір жайтты еске түсіріп жіберді. Сіздермен бөлісейін дедім:

Шамамен 2003 жыл болуы керек. Ол кезде де КерекИнфо админімін. Түркияда студент кезім. Гүлчин деген түрік қызым болды. Сол қызбен бір ренжісіп қалған кездерім болуы керек (негізі қыздармен 1000 рет ренжісіп, 1000 рет татуласатынмын). Бір ой келді Гүлчинге сюрприз жасайын дедім. Керекинфо форумындағы қолданушыларға өтініш тастадым, Гүлчиннің номеріне «Arshat seni seviyor» (Аршат сені сүйеді) деп SMS жіберіңдерші дедім. Қазақстан, Ресей, Түркия, Қытай, Америка, Корея, Моңғолия сияқты неше түрлі елден SMS барыпты Гүлчиннің номеріне. бір мәз болып қалып еді.

Ол кезде флешмоб деген түсінік жоқ, идея қарайтын Google жоқ. Бәрі оригинал еді, ойлай алатын едік, ойланатын едік. Романтика бар еді. Қазір білмеймін, заман өзгеріп келе ме бұрынғыдай ой, бұрынғыдай романтика жоқ сияқты. Әлде мен байқамаймын ба қазіргі жастардан?..

Сіздер де өткен жылдардағы романтикалық сәттеріңізді бөлісе отырыңыздар.
Әрі қарай