Әншілерге бәрі тегін бе?
Жақында танымал бір музыкант сайт және блог керек дегесін офисіне барып едім. Бір күн бұрын келіскен уақытымызда келмеді, амал жоқ телефонмен сөйлесуге тура келді. Сайт жасау ақылы екенін естіген кезде «ой, былай да жасап беретіндер бар ғой» деді. Бар болса неге жасатпаған бүгінге дейін?
Ақшасы жоқ емес бар, біз мінбеген машиналармен жүреді, бізде жоқ үйде тұрады. Неге жыланады осылар түсінбеймін. Бұл менде бірінші рет емес, бұған дейін де біраз әншілер сайт керек деп, сосын хабарсыз кетті айтқан ақымды қымбатсынып. Ал тіпті бір әнші қыз сайт дайын болған кезде «кешірші, бәрі жақсы болды, тек мамам сайт не керек деп ақшасын бермей отыр, сенен ұят болды» деп тұр 
Ойлаймын да әншілерге бәрі тегін болуы керек пе екен? Халықтан тегін қызмет күтеді ме екен?
Әрі қарай


Ойлаймын да әншілерге бәрі тегін болуы керек пе екен? Халықтан тегін қызмет күтеді ме екен?