Абай "Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос".

Ойланып қарайықшы, біз қазақ бір-бірімізді қаншалықты сыйлаймыз, қаншалықты көмек қолын созуға дайынбыз.
Байқағаным, орыстар, өзбектер, ұйғырлар және т.б. халықтар өте ұйымшыл келеді, әрдайым бір-бірінің сөзін сөйлеп, жақтасуға дайын тұрады.
Біздің қазақтың сөзі «Қазаққа қазақ жау», ия бұл сөзді негізі өзіміздің қазаққа қарнымыз ашығасын айтқан болар біреу. Бір-бірін көреалмаушылық, бір-бірінің аяғын шалушылық болып жатады. Ал енді басқа ұлтқа келгенде, қонақжай болып, әкесіндей сыйлап төріне отырғызып қояды.
Мысалға, ссср кезінде қаншама халықтарды (шешен, турк, курд, кәріс, армиян, неміс) товарный вагондарда салып Қазақ жеріне айдап әкелген, сонда қазақтар солармен нанын бөлісіп аман алып қалған еді, одан бөлек босып, тозып келген ұйғыр, өзбек, тәжектер бар, ал енді бүгінгі солардың ұрпақтары, біздің жерде тұрып, қазақты менсінбейді.
Өзбекстанда қазақтарға күн көрсетпейді, әлі есімде бала кезде Ташкентке барғанда менің қазақша сөлегенімді көріп, өзбектер көздері алайып «қазақ, қазақ» — деп маған жеп көріп қарағандары. Бүгінгі күні шекарада қаншама қазақты атып өлтіргендері бар, жаңалықтардан айтпағасын көп халық оны біле бермейді. Бір туған деп жүрген қырғыздарың да, Қырғыстанда қазақтарды жақтыра қоймайды дейді. Ал Ресейге барсаң, қазақты адам ғұрлы көрмейді, шовинисттер жатқан.
Осының бәрін ойлана келе түсінгенім, басқа ұлтқа қонақжай болып, ақкөңіл болып жақсылық жасаудың қажеті жоқ, бәрібір түсінбейді, түптеп келгенде барлық адам күштіні сыйлап, әлсізді жек көреді. Сондықтан бауырлар, бірінші кезекте өзіміздің қазақты сыйлайық, қолдан келгенше көмектесуге тырысайық.
Әрі қарай

Империалистік пиғыл

Жақында құрбыммен пәтер іздедік, жалға алайық деп. Таңдау көп емес, Өскеменде пәтерлеп қымбат (2 бөлмелілері 55 мың тг-ден басталады), жағдайы да құнына сай емес болып келеді жиі… Бірақ сұрағым басқа жайлы: сайттардың көбінде «сдам квартиру европейской молодой семье или лицам европейской национальности» деп тұрады. «Европеецтері» сол баяғы "қазақ емес" дегендері ғо! Бұны ұлтшылдық деп атау керек пе? Еліміз барлық азаматтарына тең қарағанымен, азаматтары бір-біріне тең қарамайды-ау…
Әрі қарай

Трайбализм шоғын көсеушілер кімдер?



Негізінде трайбализм деген терминнің мағынасын – жүзге бөлінушілік деп түсінемін.
Кезінде отарлаушы Ресей кең байтақ қазақ жерін оңай жаулап алу үшін, қазақ халқының осындай осал тұстарын шебер пайдалана біліп, «бөліп алда, билей бер» деген саясатын күні кешеге дейін жүзеге асырып келгенін тарих айғақтайды ғой.

Ал қазір егемен ел болып, өз билігіміз өз қолымызға тигенде, сол трайбализм деген пәле жаңаша түр, жаңаша сипат алып, басқаша айтқанда жалпы халықтық қауыпты іс-шараларға айналып бара жатқанға ұқсайды, және сол бәленің отын үрлеп жүргендер өзіміздің кейбір қазақ тілді ақпарат құралдары сияқты көрінеді.
«Дат» газетінің №1 нөмірінде белгілі қоғам қайраткері Ә.Қосановтың «фейсбуктегі» жазбалардан деген үзінділерінен мынадай сөздерді оқыдым да таң қалдым. «Трайбализм мен өсекизм кейбір БАҚ-тың анық тенденцияларына айналып барады. Қазақ баспасөзін құртатын қаржының аздығы, не билік тарапынан жүргізіліп отырған цензура емес, дәл осы кеселдер! Және де жоғарыдан осының бәріне бата беріп отырған бір күштер бар сияқты!» Таң қалғаным — мемлекеттік дәрежедегі белгілі саясаткердің мен сияқты шала сауатты, қарапайым оқырманның көптен көкейінде жүрген ойын дөп басқаны.
Сонау бала кезімізден сүйіп оқитын «Лениншіл жас», қазіргі «Жас Алашымның» соңғы кездері Батыс өлкеден шыққан биліктегі азаматтарымызды сын садағына жиі ала бастағаны алаңдатады. Соның ішінде ала бөтен Аслан Мусин жөнінде небір жөн-жосықсыз айтылып жатқан әңгімелер қаншама?!
Құдай-ау нелер айтылмады?! Жаңаөзендегі жазықсыз жандарды атқызған, бұйрық бергізген Мусин екен деп жақтары талмастан қақсағанын елдің бәрі біледі. Тіпті, Б.Рысқалиевке арандату үшін бұзақылар тобын жібергізген екен деп те естідік. ҰҚК басшысы Н.Әбіқаевтің беделін түсіру үшін Арқанкергендегі шекарашыларды қырғызған да Мусиннің ісі екен деп те шығарды. Бір басылымда Мусинді Сталиннің қанды қасапшысы Берияға теңеп, «Қазақтың Бериясы» деген айдар тағып қойды. Мемлекеттің бәленбай миллиард қаржысын жымқырған Атыраудың әкімі Б.Рысқалиевті шетелге қашырып жіберген Мусин болып шықты.
Сонда дейміз-ау, қаншама құзырлы органдар бар, қаншама күштік құрылымдар бар, ай қарап отырғаны ма? Бірнеше миллиардтап жоқ болып жатқан қаражаттың бақылаушысы, іздеушісі жоқ болғаны ма?
Германияға емделуге барған Мусиннің артынша «Ойбай, қашып кетіпті» — деп те шығарды.
Жақсы, дегендеріне жетті ғой, Мусинді президент әкімшілігінің басшысы қызметінен кетірді, енді басына тыныштық орнаған шығар десек, «Жас Алаштың» жаңа жылдағы кезекті санында елбасының кезекті ауыс-түйістерін саралай келіп, ендігі кезек бас прокурор мен ішкі істер министрі деп жазыпты. Себебі, бұлар да Мусиннің адамдары депті. Мусин бұл адамдарды басқа құрлықтан, басқа елден жетектеп әкелген жоқ қой. Кезінде осы елде туылып, оқып-тоқып, қызмет сатысында өсіп жетілген қазақ елінің таза қанды қазақ азаматтары емес пе?!
Бұлай Батыс өлкеден шыққан бірлі-екілі азаматтардың соңына шырақ алып түсуді трайбализм демей не дейміз?! Жоғары жақта болып жатқан қателіктер мен жөнсіздіктерді бір адамның басына таға салудың өзі жөнсіздік. Біздің елді бір ғана адам — президент басқарып отырғанын естен шығармауымыз керек емес пе? Барлық мемлекеттік маңызы бар мәселелер сол кісінің дегенімен жүзеге асырылмай ма?
Сіз болып, біз болып дегендей, А.Мусинді кетірдік. Қонжитып К.Мәсімовты отырғыздық. Не ұттық, болашақта ұтарымыз не?
Негізінде, А.Мусинді аса ұстамды да сабырлы, салқын қанды азамат екен деп қалдым. Баспасөзден талай мәрте оқыдық емес пе, аса ірі көлемде жер иеленуші депутат Ромин Мадинов деген «ар-ожданыма тіл тигізді, өтемақы талап етемін» деп, тілшісімен қоса бүкіл газет ұжымын сотқа сүйреген жоқ па еді?! Сондай-ақ, шеттегі байлығымды елге жариялап қойды деп, Қ.Қожамжаровтың әйелі де Г.Ерғалиеваны сотқа сүйрелеп, ақыры газетін, ғаламтордағы сайттарын жапқызып тастағанын көзі қарақты оқырманның бәрі біледі.
А.Мусин ондай сорақы істердің біріне бой алдырмай, өзін сабырға жеңдіріп отыр. Мемлекеттік ірі шенеуніктерге тән салқынқандылықты, ұстамдылықты осы кісіден ғана көріп отырғанымыз өтірік емес.
Сонау 60-шы жылдары КСРО-ны Н.С. Хрущев басқарып тұрғанда, терістегі астықты облыстарды Ресейдің қарамағына қоспақ болғанда, министрлер кеңесінің төрағасы ма, әлде Қазақ ССР-і Жоғары кеңесі президумының төрағасы ма (есімде жоқ) қазақ халқының келешегін қара басынан биік қоя білген асыл азамат Жұмабек Тәшенов қарсы тұрып, жолын кескен екен. Ол кезде бала болсақ та естігенбіз.
Н.С.Хрущев арам ойын іске асыру үшін сол кездегі Қазақ ССР-ін басқарған Д.А.Қонаев атамызды басшылықтан босатып, орнына Исмаил Юсупов деген ұйғыр біреуді қойыпты. Сол ұйғырдың қолымен астықты өлкелерді — Батыс Қазақстанды, Ақтөбенің біраз бөлігін Ресейге, мұнайлы түбекті Түрікменстанға, мақталы Оңтүстік облысты Өзбекстанға қосып беріп, бүкіл Шығыс пен Жетісуды «Ұйғыр автономиялық республика» етіп құрмақ болған деседі. Н.С.Хрущев арам пиғылының жүзеге аспауына, қазақ мемлекетінің бөлшектенбей қалуына Л.И. Брежнев бастаған саяси бюроның Кремльдегі жасаған төнкерісі басты себеп болған дегенді құлағымыз естіді.
Бірді айтып, бірге кетеміз-ау, билік мансабын ел мүддесі жолында мансұқ ете білген, астықты өлкелерді Ресейге беруге табандап қарсы тұрған сол асыл азамат — Жұмабек Ахметұлы Тәшенов еңбек жолын біздің облыстан бастап, 1952-1955 жылдар аралығында облыстың, қаланың өркендеуіне зор үлесін қосқан екен. Өкініштісі, сондай ірі тұлғаға қаламыздағы қаптаған Тургенев, Некрасов сияқты көшелердің біреуінің атауын қия алмай отырғанымызда.
Мәсімовке байланысты 1960 жылдарды еске алып отырғаным түсінікті болған шығар. Өткен тарихтың опық жегізе жаздаған жәйттерінен сабақ алғанымыз жөн-ау.
Қарап отырсақ кіші жүзден биліктің биік мансабына барып жатқан тұлғалар көп емес екен. Кезінде Ж.Досқалиевті қандай күйге түсіргенін көрдік. Енді А.Мусинді елбасының қасынан кетіргенін көрдік. Тағы бірде «Тасмағанбетов таққа отырса» деген мақала оқыдық. Бұл жайды Тасмағанбетовты Елбасыға бақталас, жеккөрінішті етіп көрсету үшін арандату мақсатында жасалған тірлік деп білемін. Демек, тағы бір батыстық азаматты аяқтан шалу үрдісі іске асты дей беріңіз.
Мақсатым А.Мусинге ара түсіп, сөзін сөйлеу емес. Менің ара-ағайындығымды қажет ете де қоймас. Тұрақты жаздырып алып, жастана жатып оқитын жаныма жақын екі газетім «ДАТ» пен «Жас Алашым» құйтұрқы саясат ұстанушы, ел тұтастығына зиянын тигізетін, ниеттері лас әлдебір топтардың қолшоқпарына айналып кетпесе екен деген жанашырлық пендеуи тілек қой.
Айтылған сөздерді өзімнің жеке пікірім деп қабылдағайсыздар.

P.S. Мақала бұрынырақ «Жас Алаш» газетіне берілген болатын. Газет ұжымының ықшамдап, бірқатар өзгерістермен баспаға бергендеріне түсіністікпен қараймын.

Мырзағали Қартеменұлы.
Зейнеткер.
Әрі қарай

Бөліп ал да билей бер!


Ғаламтор ақтарып отырып «Бөліп ал да билей бер» сөзіне көзім түсті. Бұрыннан жүрген бір ойды қағаз бетіне түсіруге себепкер болды.
Разделяй и властвуй (лат. divide et impera) — принцип государственной власти, к которому часто прибегают правительства государств, состоящих из разнородных частей, и согласно которому лучший метод управления таким государством — разжигание и использование вражды между его частями.
В более широком смысле — тактика (чаще скрытая) создания, усиления и использования противоречий, различий или разногласий между двумя или более сторонами для контроля над ними. Нередко используется более слабым меньшинством для управления большинством.
В политике и социологии, разделяй и властвуй — стратегия получения и поддержания власти, путём разделения большой концентрации власти на группы, которые индивидуально имеют меньше власти. Чаще всего маленьким группам власти препятствуют соединиться и стать более мощными, так как обычно труднее разбить уже существующие структуры власти. Эффективное использование этой техники позволяет небольшими силами управлять теми, кто вместе имеет большую власть (или имел бы большую власть, если они могли бы объединяться).
Такая техника требует большого количества навыка и политического изящества, так же как хорошего понимания политической науки, истории и психологии. «Разделяй и властвуй» работает, только если объекты этой техники согласны с ней (например, потому что это ведёт к их личному преимуществу). Это работает лучше всего в обществах, где существовало жестокое соревнование между благородными семьями, кланами или социальными классами до того, как повелитель вступал во владение.
Типичные элементы техники
• создание или, по крайней мере, не предотвращение мелкой вражды среди меньших игроков. Такая вражда истощает ресурсы и предотвращает союзы, которые могли бы бросить вызов повелителям;
• помощь тем, кто желает сотрудничать с повелителем, часто за счёт непослушных местных правителей;
• создание недоверия и вражды между местными правителями;
• одобрение расходов на излишества (например, эффектные дворцы), чтобы оставлять недостаточно средств для политического маневрирования и войн.
Примеры в истории
Стратегия с большим эффектом использовалась правителями обширных империй, включая Британскую и Римскую, которые заставляли враждовать одно племя с другим, чтобы поддержать контроль над их территориями, используя минимальные силы. Принцип Разделяй и властвуй играл очень важную роль, когда Индия была частью Британской империи. Британцы использовали эту стратегию, чтобы получить контроль над большой территорией Индии, покорив ее людей, разделённых по религии, языку, кастам и т. д., и установили контроль над мелкими государствами в Индии по частям.
Қазақ тарихынан білетініміз:
Ру мен жүзге бөліндік (қан араласпауда жақсы қызмет жасаған бұл бөліну бір ұлттың қырық тарамға бөлінуіне себепкер)
Бір қазақта бір кезеңде бәленбай хан («Үркер» романын оқыған сайын ішім удай ашиды. «Үр, ит!» деп айтақтаған сырт елдің жетегіне еріп кетті хандар, 20 кез мата үшін бодан болған сұлтандар)
Соның салдарынан орысқа қосылуды жақтайтындар мен жақтамайтындар болып бөліндік.
Орыстар келіп болыстарға бөлді. (Ханы қарашаның қамын жемейтін, қарашасы ханға сенбейтін зар заман орнады. Орысқа сол сенімсіздік керек-ақ еді).
Соның салдарынан оқығандар мен оқымағандар, патша әскеріне қосылатындар мен қосылмайтындар («Сар қазақ» романын оқыған сайын опынамын, алауыздық патша әскерін қазақ жеріне енгізді), ақтар мен қызылдар, байлар мен кедейлер, халық жаулары мен большевиктер…
Сосын жетпіс жыл бір идея, бір отан, бір саясат, бір тағдыр ұранымен дуаланып, еш қарсылықсыз берілдік…
Бір кезде қалғып бара жатқан сана селк ете қалды. Ояндық. (Менің жынды басымда оянбас едік деген күдік бар. Мұхиттың ар жағына кеңестік кеңістіктің ыдырауы қажет болды. Ояндық).
Бөліну қайта басталды.
Кеңестің шоқпарлары мен тәуелсіздіктің сардарлары.
Тәуелсіздік.
Енді:
Таза тілді қазақтар мен шала тілді қазақтар
Қала қазақтары мен дала қазақтары
«Оралмандар» мен қазақтар
Шымкенттіктер мен басқа қазақтар
Батыста Адай қазақтар, Оңтүстікте өзбек қазақтар, Солтүстік пен Шығыста орыс қазақтар
«Арзымайды» дейтін қазақтар мен «бедіре» дейтін қазақтар
Мерекелерді тойлайтын қазақтар мен тойламайтын қазақтар
Сақалды қазақтар мен көсе қазақтар
Орамалды қазақтар мен жалаңбас қазақтар
Әруаққа сенетін қазақтар мен Аллаға сенетін қазақтар
Той жасайтын қазақтар мен той жасамайтын қазақтар
Несие алатын қазақтар мен несие алмайтын қазақтар
«Гламур» қазақтар мен «мамбет» қазақтар
«Фирмач» әнші қазақтар мен «тойский» әнші қазақтар
Қ.Түнтековты жақтайтын қазақтар мен Қ.Түнтековты жақтамайтын қазақтар…
Баяғы баяғы ма… Үш жүз бен қырық руға бөлінетін едік… Енді әр ру сан бөлінеді… Ел басына күн туса жиыла ма?
Әрі қарай

Сары ҚАЗАҚ. Ол кім?


Менің атым – Сары ҚАЗАҚ. «Сары» сөзін қай жағынан түсінсеңіздер де, өз еріктеріңіз. Нақтырақ айтсам, піспеген шикі сары. Бұлай атауым қайдан шықты? Мұхтар Мағауиннің «Сары қазақ» романын бір шолып өткен соң, көп нәрсе түсінікті болып қалар.
Романда «… Мен, Стамбек Сыпатайұлы Дәулеткелдиев, Россиядагы ең көне, ең атақты әулеттердің бірінің тұяғымын. Арғы атамыз XIV ғасырда, Даланың қуаты қайтпаған кезде өз еркімен Ордадан келіп, орыс туының астына тұрған екен. Шоқынып, үйленіп, біржола орнығыпты… Мен Елец қаласындағы гимназияны алтын медальға бітіріп, 1911 жылы, он алты жасымда Петербург университетінің заң факультетіне келіп түстім», — дейді бас кейіпкер. Патшалық жүйеге қарсы топқа қосылғаны үшін бес жыл каторгаға кесіледі. Қазақ даласының үстімен өтіп бара жатқан вагоннан қашып, жақын маңдағы ауыл адамдарымен кезігіп, сол «аңғал да дарқан, ер көңілді, бейбіт жұрттың» арасында өмір бойы қалып қояды. Еуропалық «светский» тәрбиемен өскен сары қазақ нағыз ҚАЗАҚтардың тұрмыс-салтын, дүниетанымын меңгере бастайды. Жай меңгермейді, «Мен европаша білім алмаған, дипломатиялық мектеп бітірмеген аңғал да қарапайым қазақтың ақыл-парасатына тағы да қайран қалдым», — деп өмірі қазақ тұрмысына таң қалумен, тамсанумен өтеді. Романның баянын осы жерден доғарайын.
Мен қылышынан қан тамған Кеңес үкіметінің 70 жылдық торлы, тотальды құрсауынан енді ғана босаған жылы, яғни 1991 дүниеге келіппін. Әке-шешем, ата-әжем тағдыр тәлкегімен «орыс туының астында» өмір сүрген. Ұлттың тарихы мен дәстүрінде, мәдениеті мен өнерінде, діні мен тілінде адамды адам ететін адамгершілік қасиеттерінің ең озық үлгілері жинақталған. Барша ізгілік қасиеттер жинақталған осы құты-ыдысымызды шағуға тырысқан шовинистік идеологияның ықпалы екі-үш ата буынға мол болды.
Тәуелсіздік алдық. Бірақ та құлдық психологиядан әлі арыла алмадық. Осылай кете берсек, арыла да алмаймыз. Сондықтан да әр жас қазақ сары қазақтай өз ұлтының қадірін түсініп, жете меңгеріп, өз өзін тануға талпынуы тиіс. Ұлт перзенті ретіндегі біздің міндет – сан ғасырлық тарихы бар осы асыл қазынаны бойымызға сіңіру. «Өз өзіңді танысаң – істің басы» (Ақжан Машани) дегендей, ұлттық адамгершілік, ізгілік сабақтарын игермей, біздің шын мәніндегі адам болуымыз қиын.
Елбасымыз бір сөзінде:«Ата-бабаларымыз жасаған мол рухани қазынаны шашпай-төкпей жинап алуымыз, оны атажұртта және барша әлемге таныстыру аса маңызды шаруа. Тәуелсіздікке ие болған кезден бері қарай бұған тиянақты назар аударыла бастады» — деп, алдымызға ұлы мақсат қойып берді. Бұл бірнеше онжылдықтарда іске асатын жүгі зілбатпан ауыр шаруа. Алдағы онжылдықтардың иесі сіз бен біз.
Сондықтанда Біздің мақсатымыз ата-бабамыздың ғасырлар бойы өмірінің тірегі болып келген рухани құндылықтарды игеріп, паш етіп, жас буынға насихаттау. Аманатқа қалған баға жетпес рухани мұраларымыз – салтымыз, дәстүріміз, мәдениетіміз, ана тілімізді игеріп, қастерлеп қаз қалпында келешек ұрпаққа қалдыру.
Бабаларымыз жүріп өткен сара жолды жоғарыдағы сары қазақтай игерейік!
Әрі қарай

Комеди клаб? - Құрып кетсін! (Қайталау кейде пайда береді)

Көксандықты қоссақ қозасың. Шаршайсың, жүдейсің тозасың. Бұл айдан анық, күннен жарық дүние. Әңгіменің әлқиссасын, әріден емес, беріден бастайын. «Бері» — дегенім бүгінгі таңның айшығы. Ертеде түріктің сериалы шыққанда алғашында жатырқаушы едік. Кейін ет үйреніп, қантамырымызға сіңіп бойдағы арам қанымызға айналды. Тіпті ауылда түрік сериалдарының себебінен семіз сиырлар ұрланып, соңында сыйрағы сайдан табылып жатты. Бармақ тістеп, аһ ұрғандар болды.
Әрі қарай