Мына мақала қандай мақала?

Кейде «Мой мирдан» кетіп қалайын десем, кете алмай жүремін. Қанша дегенмен ежелден келе жатқан таныстар, бірдеңе-шірдеңе сұрағанға керек. Фейсбук, Твиттер т.б. дегенді көп таныстарым әлі біле бермейді. Олар үшін «Мой мир» жарты әлемнің тұтқасы. Одан басқа желіні «толқындары» ұстамайды. Ұстаса да біле бермейді. Жаңа агентте отырсам мына төмендегі мақала авторы «Майдан.кз» сайтына кіріп мақаламды оқышы дегендей өтініш жасады. Оқып көріп ойымды айтып едім, ұрысып қала жаздадық. Енді осыны «Керектіктерге» тастап көрейін, не дер екен деген ой келді. Сонымен мақала авторы Қажекең былай дейді:
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА: “ӨЗІҢНЕН ТУМАЙ — ҰЛ БОЛМАС...”
Көз алдыма жауыннан кейін жердің бетін жыбырлап, қаптап кететін жауын құрты елестейді…
Қазір қара қытайлықтардың Қазақ Еліне шабуылдап, енуі – менің көз алдыма жауын құртын әкеледі. Неге бұлай?
Біздің ата-бабаларымыз қазақ-қазақ болғалы қара қытаймен қылыштасып келе жатқан жоқ па?
Енді қыздарымыз бен қатындарымыздың қара қытайдың баласын емізіп отырғаны мынау! Масқара ғой. Билік пен Үкімет, Халық пен Жігіттер қайда қарап отыр?..

Жалғыз Алматының өзінде бір ғана жылдың ішінде 2000-ға тарта қытайлықтар қазақ қыздарымен ресми некеге тұрса, бүкіл еліміз бойынша бір жылда біздің қарындастарымыз 9000 шетелдіктерге жар болып үлгеріпті…

Біздің заңдарымыздың солқылдақтығы сондай – қытайың да, жөйтің де, орысың да, американың да, негрің де Қазақ елінің азаматымен некелессе, лезде біздің еліміздің азаматы болып шыға келеді.

Мен Қытай үкіметінің «Жер бетін жаулау жөніндегі» мыңжылдық құпия құжатын айтпасам да, әлгі қазақ қыздарына үйленгендердің 70-80 пайызынан астамы дұшпан елдердің жансыздары мен тыңшылары екендігіне дау жоқ. Сонда біздің қауіпсіздік құрылымдарымыз ай қарап отыр ма, әлде, шошқа тағалап отыр ма?

Өз-өзімізбен: «Қазақ тілі керек пе, жоқ па?» — деп, жаға жыртысып жатқанымызда, жауларымыздың харам қолдары кеңірдегімізге таяп қалды…

Бүгін жаңа заң қабылдап, қытайлықтар мен басқа да келімсектерді өз елдеріне қуатын болсақ, олардан бала тапқан апа-қарындастарымыз өзімізіге қарсы шапшиды. Өйткені, өзгеден тапқан баласын қимайды…

Бұл шиеленісті жағдай – болашақта біздің еліміздің қауіпсіздігіне балта шабатын болады. Неге десеңіз, атам қазақта «Жесір дауы мен жер дауы» ежелден өзекті мәселе болып келеді.

Меніңше, шұғыл түрде жаңа заң қабылданып: «Егер Қазақ Елінің азаматшасы басқа елдің азаматымен некеге құрса, біздің елдің азаматтығынан бірден айырылуы тиіс және ол некелескен жат елдің азаматы Қазақ Елінің азаматтығын ешқашан ала алмайтын» міндетті бап енгізілуі керек.

Былтыр ғана Сауд Аравиясы жат жұрттармен некелесуге мүлдем тиым салса, Камбоджа өздерінің күйеу жігіттерінің жасы 50-ден төмен әрі айына 2550 АҚШ долларынан кем емес табыс табатындарға ғана таңдап, рұқсат беретін болды…

Біздің дұшпандарымыздың қайсыбір ақпарат құралдары: «Шетелдіктермен жасалынған некелер мықтырақ болады» деп көлгірсиді. Мұнысы – шылғи өтірік. Бұл – «сасқан үйрек артымен сүңгидінің» өзі.

Данышпан бабаларымыз: «Өзіңнен тумай — ұл болмас, сатып алмай – құл болмас» демей ме!!!

Біздің бір оқырманымыз осынау өте өзекті мәселені шешуді Премьер-министр Кәрім Мәсімовтен өтініп, хат жазыпты…

Тапқан екен, кімге өтініш айтуды?!..

Армандапсың ақ тоқты — қыстың күні көк шөпті!..
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА
Әрі қарай

Қарасақал қайдасың?

Қарасақал кз-да
Мастұр батырмен дос едің
Үрімжіге өткен соң
Қытай қызды төседің

Төсегеннен тұрмадың
2 апта бойы «сырладың»
Сектаға берген уәдесін
Ұмытып кетті құрғаның

Қытайдың қызы тым жақсы
«Братішкенің» сырласы
Мастұрбатырдан тәуір ғой
Болған соң аты ұрғашы

Бірақ та өтер күнің бар
Кз да қалған қызың бар
Қайта ғой елге тезірек
Қарасақал тілімді ал

Заказдар тосып қалыпты
Сен үнсіз кеткенге
Олар да шошып қалыпты
Қайта ғой елге тезірек
Түгендеп алғын малыңды
Уайымдатпай мұндағы
Керекинфодағы қауымды
Алматыға зыта ғой
Жаба салып ауыңды
Алматыдан ап берем
Орыс қызы бар саунды
Осы өлеңді оқи сап,
Байлай баста бауыңды
Сөйте ғой Қарасақалым
Ойлай ғой тездеп қайтуды
Сені іздегенім не ғой
Тездетіп бітсең болар ед
Заказ берген сайтымды
Әрі қарай

Қытайлар біздін институтта

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтқа қытайлар келіп жатыр. қыста студенттері келіп еді. енді өздері мәдениетімен, тілімен, иероглифтерімен бірге келді. институттың кітапханасының үстіңгі жағына қытай тілін үйрететін бөлім ашып жатыр. өздерінің кітапханасы бар. институт мұғалімдеріне тегін үйретеді дейді. қытайлар қарапайым есікке кіре алмайд ғой деймін. есіктері міндетті түрде қытай өрнектерімен өрнектелген болу керек ау дйемін. қызық.
Әрі қарай

Орталық Азиядағы ресурс үшін күрес

Өндірілетін ресурстарының көп бөлігі шет елдік компанияларға тиесілі Орта Азияның мұнайы мен газы әлемдік энергетикалық қауіпсіздік үшін маңызды рөл атқарады.

Планетамыздағы үлкен газ өндірілетін үштіктің қатарына кіретін Каспий шельфіндегі Қашаған сияқты жағалауда орналасқан әлемдегі ірі орындар немесе Түркмениядағы Оңтүстік Ёлотен жері Орталық Азияның аумағына енеді.
Тасымалдау құбырлары Орталық Азиядан барлық бағытқа таралады, сонымен қатар шығысқа қарай тартылуы тиіс деп отырған Қытай мүддесіне қарамастан, қазіргі уақытта батысқа басымырақ кетіп жатыр.

Теңізге (Каспий теңіз емес, Әлемдегі ең үлкен көл, себебі: Мұхитқа шыға алмайды, тұйық) шыға алмайтын ортаазиялық елдерге Қытай қанша тиімді мүмкіндіктер жасап отырғанымен, олар таяу онжылдықта Еуропа энергетикасындf үлкен рөл атқара бермек.

Алыстағы нарық
Бұл саладағы (Каспийдің қарсы жағында орналасқан Әзірбайжан еліне де қатысты) Орталық Азияның басты проблемасы – ресурстарды нағыз табыс көзіне айналдыра алмай отырғандықтарында.

Негізінен бұл жұмыстар, экспорттық маршруттар ұйымдастырып және ортаазиялық ресурстарды халықаралық нарыққа шығарып отырған шет елдік компаниялардың мойындарына жүктелген; тағы да басқа жолы – бұдан қымбатырақ қаражат төлеп, Ресей аумағындағы Кеңес заманында салынған транзиттік жүйелерді қолдану. Бірақ, шет елдік компанияларға ортаазиялық елдердің билік өкілдерімен тіл табысу оңайға түсе бермейтін көрінеді.

Мысалы, Түркіменияда қазба байлығы бар жерлерін толық бақылауда ұстауға толық мүдделі екен, сөйтіп олар келісім-шартқа отырған шет елдік компанияларға ойларына келген әрекетпен айналысуға шектеу қойып тастаған.

Қазақстандағы биліктегілер, осы салаға байланысты заңдарына қарамастан, ресурстарды игерушілер мәселесіне келгенде, олардың ұлтына көп мән беретіндіктерін байқатып қойды. Бұл атап айтқанда, сенімді инвестициялайтын әріптес елдердің репутациясына қауіп төндіруі мүмкін екен.

Батысқа ұмтылыс
Қазақстандағы жұмыстардың басты мақсаты — 2012-2013 жылдан кейін Қашаған жұмысын бастаған соң, елден әлемдік нарыққа күніне 1,5 млн баррель мұнай тасымалдау болып тұр.

Өңірлік мұнай тасымалдау желісі


Касgий жағасындағы тек үш республиканың, атап айтқанда Әзірбайжан, Қазақстан және Түркімения зерттегіш ғалымдырдың бүгінге дейін тауып, есептеп қойған нәтижелерінің шамамен 3,5% яғни 50 млрд баррель (7 млрд тонна) шикі мұнай өнімін иемденіп отыр; әлемдегі газ қорының 12,5 трлн куб метрі, шамамен 6,8%-іне тең байлық та осы елдердің меншігінде.

Қытайға жіберіліп жатқан Қазақстан мұнайы үш-төрт жылдан кейін күніне 400 мың баррель мұнай тасымалдаса да, батысқа жіберіліп жатқан мұнайдан үш есе аз болар еді.

Қытайға газ керек
Түркімения – қазірде Қытайға жақсы табыс беріп отырған мемлекет.
Небәрі 2,6 жыл ішінде Қытай ұлттық мұнай корпорациясы (CNPC) Солтүстік Түркімениядағы Бағтыярлықтан — Өзбекстан және Қазақстан жері арқылы – Солтүстік-Батыс Қытайдағы Шыңғжан-Ұйғыр автономиясына дейін 2,2 мың км болатын газ құбырын тартып үлгерді.

Өңірлік мұнай тасымалдау желісі


Болашақта Түркімендер Үндістанға, Пәкістанға, егер тыныштық орнап жатса Ауғанстанға да газ тасымалдауға да мүддесі бар.

Бүгінде түркімен елінің газы Ресей, Қытай, Иранға шектеулі мөлшермен ғана кетіп жатыр; бұған Ашхабаттың Мәскеу мен Тегераниен сөзге келіспей қалуы себеп.

Түркімендердің Еуропа нарығына газ шығару себебінің бірі осы еді. Бірақ, бұл жерде Әзірбайжанмен жүргізілер келіссөзде қиындықтар тууы мүмкін, себебі әлі күнге дейін екі жақ Каспийді бөлісе алмай келеді.

2008 жылғы өндірілген мұнай:


BBC агенттігінің нақ тілшісі Джон Робертс керекинфо беріп тұр

ҚЫТАЙДЫҢ “БАТЫС ТЕРІСТІКТІ АШУ САЯСАТЫ” ҚАЗАҚСТАНДЫ ДА АША МА?

Маусым 6, 2011 авторы: kokjal83.wordpress.com/

Қытайдағы таралымы ең көп саналатын беделді газеттің бірі – «Қытай күнделік газеті»-нің жазуынша Қытай үкіметі орта Азиядағы көрші ел Қазақстанға 3000 адамнан тұратын «тың жер игерушілерді» тың игеріп қазақстандағы ақ жерді ашуға жөнелтуді іске асырмақ! Себебі: Қытайда адам саны тым көп, жері аз сондай-ақ, кезекте халықаралық қоғамда астық тапшы.

Әрі қарай

Сақташтар «сақтап» отырған жерін тарата бастады

Ауылшаруашылығы министрлігі шүлен таратып жатыр. Шүлен болғанда анау мынау емес — Жер! Қазақтың жерін. Осыдан екі жыл бұрынғы қазақы қоғамның айқайын құйрығына да қыстырмастан билік Қытайға жер беруді бастады. Шығыс Қазақстан облысының аумағы мен Алматы облысының құйқалы өңірінен.
Былтыр Израиль барған сапарында Терещенко дейтін асыранды алпауытымыз «Оңтүстік Қазақстан облысынан жер беремін, келіңдер де кесіп алыңдар» деп ебірей жұртын жарылқап қайтқаны есте. Ебірейдің қазақ жеріне «түрен салғаны» туралы әзірге нақты дерек жоқ, ал енді орыс пен белорыстың кедендік одақ аясында қойын қоншымызға қол жүгіртетіні аныққа айналды. Бұл турасында Ауылшаруашылығы вице-министрі Сақташ Қасенов дейтін «мырза» жария етуде (дерек көзі:Bnews агенттігі).

Сақташтың орыс пен белорысқа «сақтап отырған жері» 10 жылға жалға берілмек көрінеді. 10 жылдың ширегінде жалгерлер ауылшаруашылығына тиімді жерлерді игеріп, кәсіп көздерін ашуға тиіс екен. Оның үстіне, қандай да бір біріккен кәсіпорын ашыла қалса, бақылау пакеті қазақтың (дәл осыған күмәніміз күшті) қолында болады-мыс. «Әгәрәки, жалгерлер жерді мақсатсыз пайдаланса, қайтарып аламыз» деп қоқиланып қояды вицеміз.

Естеріңізде шығар, Қазақстан азаматына жер 49 жылға жалға беріледі. «Біз шетелдіктерге де жерді 10 жылға жалға беруге қақылымыз» дейді Сақташ Қасенов. Сақташтың түсіндіруіне құлақ ассақ, орысқа ауылшаруашылығы жерлерін жалға беру деген мемлекетіміздің азық-түлік қорын қамтамасыз етуге саятын қауіпсіздік шарасына ұқсайды. Қайтейік енді, далиып жатқан даламыздан қорек тауып жеуге қауқарсыз ел болсақ, құрсағымыз шұрқырағанда құмырсқаның дәнін көтеруге құлшынысымыз жетпесе, жерді жалға байлап тастап шалқалап жатқанымыз жөн-ақ қой. Былай да қазақ жерсіз. Жер алпауыттары қазақта Ромин Мадинов, Сергей Кулагин, Сергей Терещенко дейтін кісілер. Оларды ойдай әспеттеп «латифундистер» дейміз. Қазақы «латифундистеріміз» — Амангелді Ермегияев дейтін қарынбайлардың қатарында. Олардың иелігіндегі жерлер Жетісудың Іле Алатауы баурайында; Нарынқол, Кеген жайлаулары деседі құрық сүйреткен жұрт. Біздің қарынбайлар қазақ егін ексін, малөнімдерін өңдейтін зауыт салсын, ауылшаруашылығына жаңа технологиялар енсін деп жүрген жоқ. Қарқ-қарқ күліп, танауды тарқ-тарқ тартып: ет жеп қымыз ішкенге, құмар ойнап, құлқын толтырғанға мәз. Ал, тоғайлы, нулы-сулы жердің тежеусіз қожасына айналған шешендер (Маловодное ауылында болған оқиғаны еске түсіріңіз) мұздай қаруланып алып иелігіне аңдаусыз аяқ басқан қазақты да, қазақтың малын да қаңғыбас ит құрлы көрместен атып тастайды. Алматы сияқты халқы мол қалаға таяу маңдағы көкөністі, дақылды жерлер кәріс пен ұйғырдікі. Атырау, Қызылорда жағындағы құмды жерлерге өзбектер қызанақ пен қарбыз егуде. Солтүстіктегі шығымды жерлердің дені орыс диаспорасының меншігінде.

Соя дейтін ғажап өсімдік туралы естуіңіз бар ма? Соя қара топырақты, құнарлы жерде өседі. Соядан май алынады. Соядан… ет жасалады. Қазекең қаужаңдап жегенді жақсы көретін кәдімгі ет! Сол сояның «сырын» қытай мамандары сығырая зерттеп жүргенін ақпарт көздерінен оқып қалатынбыз. Алматының төрінде есінеп қана отырған Ахметжан Есімов Ауылшаруашылығы министрі болып тұрған кезінде сояны тамырынан сорғалатқан күйі қытайлардың қолына ұстата салды. Міне, азамат! Азаматымыздың Атымтай Жомарттығының «нәтижесінде» соя салып тоя тамақ іше бастаған Алматы облысының дихандары нәпақасынан қағылып, қазір көздерінен сорасы ағып жылап отыр. Өйткені, сояны қазақ жеріне қытай салатын болыпты.

Қазір қырдағы қазақ азын-аулақ малға, мал қазаққа қарап тұр. Биылғы кәрлі қыстан қазақ құр сүлдері шықты. Төл кем. Малдың аналық, аталық басын жұт жұтты. Оны есептеп, қаперге алып отырған үкімет жоқ. Есесіне, Үкіметіміз қазақтың қарауындағы қарайған жерді тартып алудың қамына кірісуде. Бүгін Үкімет отырысында Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков «қазақ қызық, бес бас асырайды да мың гектар жерге иелік етеді, Еурпода мысалы, бір ірі қара бір гектар жерге ғана жайылады. Біз де сөйтуіміз керек. Жерді дұрыс пайдаланудың жолы осы» деп бір-ақ қайырды. Біздің министрлер айтпайды, айтса істейді. Әсіресе, қазақ бейшараны қан қақсататын шаруаға келгенде қатты қимылдап бет қаратпайды. Қысқасы, 1990 жылдардағы жаппай жекешелендіру науқанымен қазақтың пайдасына шешіліп кете жаздаған жер мәселесіне біздің үкіметіміз қытайдың, орыстың, тағы басқа сыртқы күштердің қысымына шыдай алмай қайрылып соғуда. Қазақты бар байлығы, ең соңғы тірегі, ұлттық әм тарихи бітім қайнарының тамыры — ата баба жерінен мәңгі айыру үшін.

Қазақтың тайғанақ жадысын тағы бір жаңғырта өтейік: осыдан екі жыл бұрын ҚР Ауылшаруашылғы министрлігі арабатар мен үнділерге де жерді жалға бермек болған. Демек, қазақтың байтақ өлкесі аз жылдардан соң сәлделі араб пен жартылай жалаңаш үндіге, т.б. көз көріп құлақ естімеген өзге де «кетпенбас» халыққа кенелмекші. Олармен бірге көпұлтты Қазақстан жаңа дәстүр мен әдет-ғұрып, жол-жоралғы, ырым-сырымға да байи түсері анық.
Дерек көз
Әжесстің, өткенде Алматыға барғанда көрдім, әпкем бір бөлмелі қуықтай үйде тұрады екен. Мынаны оқыған соң айтарға сөзім жоқ

Терезесi тең ынтымақтастықты жақтаймыз, ал экспансияға жол бермеймiз!

Қазақстан азаматтық қоғамының
ҚР Президентiне ашық хаты


Бiз, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтар – саяси партиялар, қоғамдық және үкiметтiк емес ұйымдар, интеллигенция және сарапшылар қауымдастығының өкiлдерi –Қазақстан мен Қытай арасындағы тең құқықты және көпқырлы әрiптестiк қарым-қатынасты елiмiздiң гүлденуi кепiлiнiң бiрi ретiнде қарастырамыз. Алайда екi елдiң нақты экономикалық қарым-қатынасына алдын ала жасалған талдау көңiлiмiзге күдiк ұялатты, ерекше алаңдаушылық туғызды.
Әртүрлi мәлiметке сүйенсек, соңғы жылдары Қазақстандағы газоконденсант пен мұнайдың жылдық өндiрiсiнiң үштен бiрi қытайлық компанияларға тиесiлi екен. Осының өзi елiмiздiң стратегиялық мүддесi мен ұлттық қауiпсiздiгiне төнген қатер туралы айтуымызға толық негiз болады.
Әрі қарай

Джеки Чан өзінің 100-ші фильмінің тұсауын кеспек


Жақында ғана оның өлімі жайлы Интернет біраз шулап еді, қытай жұлдызы, шүкір, аман-сау, тіпті өзі түскен 100-ші фильмінің тұсауын кеспекші екен, оның көбінде өзі басты рөлдерде ойнаған. Фильм 70-ке жуық танымал кино-жұлдыздардың басын қосып, «1911» деген атпен әлемге ұсынылады.

Әрі қарай