Алты сөзден құралған 18 әңгіме
Бірде Эрнест Хемингуэй: кез-келген адамды бей-жай қалдырмайтын ең қысқа әңгіме жаза аламын, деп біреумен бәстескен екен.
Ақырында: «Балалар аяқ киімі сатылады. Киілмеген» («For sale: baby shoes, never worn») деген әңгіме жазған жазушы бәсте ұтыпты.
Міне, содан бері осы бір қысқа әңгіме жазу әрекеті көпшілікке тыным бермей келеді. Талай адам оқырманды таңқалдырып, тебірентіп, толғантатын тұтас оқиғаны бар-жоғы 6 сөздің ішіне сыйдыруға тырысады. Бәрі болмаса да, бірді-екілісінің жазғаны сәтті шығады.
- Бейтаныстар. Достар. Жақын достар. Көңілдестер. Бейтаныстар.
- «Сіз нөмірден қателестіңіз», деді таныс дауыс.
- Жолаушылар, сендермен сөйлесіп тұрған капитан емес.
- Өз жартымды кездестірдім. Бірақ, ол елемеді.
- Парашют сатамын: ешқашан ашылмаған, аздап қанданған
- Бұл алтын тойымыз. Бір орындық дастархан.
- Бүгін тағы да өз анама өзімді таныстырдым
- Жихангез дабыл жіберді. Жерден жауап жоқ.
- Үйіме раушан әкелдім. Кілтім сәйкес келмеді.
- Анам маған қырынуды үйретті.
- Шытынаған маңдай әйнегінде «жас жұбайлар» деп жазулы.
- Біздің төсек. Екі дауыс. Есік қақтым.
- Секіріп кеттім. Артынша ойымнан айныдым.
- Менің бейнем қазір ғана маған көзін қысты
- Ренжіме, сарбаз. Аяқ киімді жұбымен сатамыз.
- Мұның әйелін өлтірушіні бөтелкемен тамақтандырады.
- Есейген адаммын деп елестеттім. Есейдім. Елесімді жоғалттым.
- Дәрігер науқасты құтқарды. Науқас Құдайға алғысын жаудырды
дереккөз: ADME
Превью мен посттағы сурет Freeimages сайтынан алынды
Егер қысқа әңгімелер қызықтырса, бұған дейін жариялаған мына екі постты оқыңыз:
1. Аз әріпті 9 әңгіме
2. 15 сөзден аспаған 6 әңгіме, 1 роман