Божая каропка

Бала кезіңіз ауылда өтсе божая каропканы( қызғылт, сарғылт, ақшыл түсті (басқа да түстері болады екен, мен осыларды ғана көрдім) арқасында теңбілдері бар қанатты қоңыз) (божья коровка) білмеуіңіз мүмкін емес. Кей жақтарда «Хан қызы» деп айтып жатады.Әйтеуір ұстап алып «Ханның үйіне бар, ханның үйіне бар» деп айқайлап ұшырып жіберетінбіз. Мұрынымызда ақ боз ат пен көк боз ат қатар шауып жүрген кездері бұл жәндік жайлы «неге божая каропка, каропкаға ұқсайтын жері жоқ қой» деп ойлайтынбыз. Сөйтсек бұл божья коровка екен ғой.«Божьясының» себебі, бұл қоңызды ешкімге зияны жоқ, қорғансыз, өз-өзімен тіршілік етушілер қатарынан екендігінен және көрген адамның есінде қалатындай кейіпінің барлығынан болса керек. Әйтеуір, бұл жәндікті білетін елдердің көбінде атауын құдайға немесе әулие-әнбиелерге бағыттап қойған екен. «Коровкасының» сыры бұл қоңыз өзінің жауларынан сақтану мақсатында аяқт буындары арасынан сүт түстес сұйықтық бөледі екен. Кезінде адамдар сол сұйықтықпты ауырған тістеріне жаққан да екен. Әсері жайлы мәліметтер жоқ секілді. Осы тектес шыбын-шіркей, ұсақ жәндіктермен қоректенетін құстар үшін Хан қызының сұйықтығы өзінің жеуге жарамсыз екенін білдіретін белгі болса керекті. Арақты ішуге болмайтынын білсе де ішетін адамдардың барлығы секілді оны жеуге болмайтыны білсе де жеп қоятын құстардың да табылуы заңдылық. Бірақ, ол байғұстардың өңеші (тамағы" күйіп қалады екен.
Әлемде 5000 нан астам Хан қызының түрлері бар екен.
Әрі қарай

Beetle

Таң алдындағы өлара. Әлі қараңғы. Есік ашылады. Саңылаудан түскен жарықтан айналаны ақ қар көмкергенін көреміз. Қалың табанды етік омбы қарға малтығып кете барды. Әудем жерден соң етіктің иесі қараңғыдан сұлбасы танылмай тұрған автомобильге отырып жүріп кетті. Міне ол машинадан түсіп, қаңтарулы тұрған қар тазартатын көлік оталдырды. Кадр сыртындағы дауыс: «Қар тазалаушы өзінің жұмыс машинасына қалай жетеді?». Тазалағыш көлік қозғалғанда, тасада тұрған манағы автомобильді анық көреміз. Дауыс: «Әрине тек «Beetle».
Әрі қарай