Алматыдағы автобус жолағы: Желтоқсан көшесіндегі проблемалар

Біздің елдің жаңалықтары: Алматыдағы автобус жолағы: Желтоқсан көшесіндегі проблемаларАлматыда қоғамдық көлікке бөлек жолақ берудегі мақсаттардың бірі — қала ішіне сыймай кеткен, жол жиегін босатпайтын бей-берекет автомобильдерден арылу еді. Бірақ жекеменшік көліктің иелері оңай берілетін түрі жоқ. Кез келген заңнан жеке пайдасы үшін тесік тауып кетуге шебер халық емеспіз бе, бұл жолы да жолақтың пайдасы мардымсыз болып тұр.

Жақында Желтоқсан көшесін бастан-аяқ жүріп өтудің сәті түсті. Видеотіркегішіме ілінген кадрлар арқылы бір-екі мәселені сөз еткім келеді.

Желтоқсан мен Наурызбай батыр көшелеріндегі «А» жолақтары былтыр, 2016 жылы жазда пайда болды. Мойындау керек, оң өзгеріс бар, әсіресе бастапқы кезде кәдімгідей көрінді: жол жиегінде тізілген машиналар азайды, қоғамдық көліктердің де жүрісі жылдамдай түсті деп ойлаймын.

Бірақ, бірағы бар! Уақыт өте келе автомобильдер кейбір учаскелерге қайтып орала бастады. Бұған себеп — тиісті шараның болмауы. Жол-патруль полициясы қоғамдық көлікке арналған жолақты бақылаудан қалған сияқты әсер береді. Бұл жерде де тобыр инстинкті ойнап кетеді — біреу әкеліп қойса және олар полиция тарапынан еленбесе, қалғандары да соған еріп машиналарын қоя бастайды.

Желтоқсан көшесінен негізі үш тәртіп бұзушылықты байқадым:
Біздің елдің жаңалықтары: Алматыдағы автобус жолағы: Желтоқсан көшесіндегі проблемалар — Машинаны дұрыс қоймау. Қоғамдық көлікке арналған жолағы бар жолдарда өзге машиналар бірінің артынан бірі, бордюрге жағалай орналасуы керек (7.6.1. жол белгісі, суреттегідей). Алайда барлық жерде бұл талап сақталмай отыр. Ал дұрыс қойылмаған машинаның арты шошайып, автобус жолына шығып кетеді, сәйкесінше, қозғалысқа да кедергі.

— Жолақтың үстіне қою. Аталған көшеде жол жиегіндегі қалтадан орын жетпегендер «А» жолағының өзіне қойып жүргендер бар. Бұл автобустардың жолын толықтай жауып, бөгеп тастау деген сөз. Ешкім жазаламайды екен, неге қоймасқа?

— Тротуарға көлік қою. Бұлар енді айыппұлдан қорқып, сақтық шарасына көшкендер шығар деп ойлаймын. Желтоқсан бойында жаяулар аймағына шығып кеткен автомашиналарды көп байқадым. Әйтеуір дөңгелек жүре алатын жерлердің бәрін жаулап алыпты.

Аталған мәселелер түптеп келгенде қоғамдық көлікке басымдық беруге арналған жұмыстардың нәтижесін жоққа шығарып отыр.

Бұл постты Алматы әкімдігіне және Ішкі істер департаментіне жіберіп көремін. Нәтиже бола ма, болмай ма — оны келесі постымда жазамын.
Әрі қарай

Абай, Кенесары және Янушкевич көшелерінде біржақты көлік қозғалысы енгізілді

Маусымның 11 күнінен бастап елорданың көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайту мақсатында үш көшеде біржақты көлік қозғалысы енгізілді: Абай даңғылы (Сарыарқа даңғылынан Пушкин көшесіне дейін), Кенесары көшесі (Пушкин көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін) және Янушкевич көшесі (Абай даңғылынан Иманов көшесіне дейін). Біржақты көлік қозғалысы енгізілген көшелердің жалпы ұзындығы – 9,6 км.

Астана жаңалықтары: Абай, Кенесары және Янушкевич көшелерінде біржақты көлік қозғалысы енгізілді

Бастапқы кезеңде жол полициясының қызметкерлері біржақты қозғалыс енгізілген көшелерде жүргізушілерді жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпайтын болады. Бірақ апатты жағдайларды болдырмау үшін Әкімшілік полиция басқармасы мен жергілікті полиция қызметінің өкілдері он күн бойы біржақты көлік қозғалысы енгізілген көшелермен жүру ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ал 20 маусымнан бастап тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Айыппұл мөлшері – 5 АЕК.

Еске салайық, 28 мамырда Әуезов көшесінде (Республика даңғылынан Молдағұлова көшесіне дейін) және Желтоқсан көшесінде (Мәскеу көшесінен Кенесары көшесіне дейін) біржақты көлік қозғалысы енгізілген болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол желісіне түсетін жүктемені азайту есебінен көлік ағынының жылдамдығы аталған көшелерде 30% ұлғайған, қиылыстарда тұрып қалу уақыты 78-ден 40 секундқа дейін төмендеді, көлік құралдарының қозғалыс қарқыны 20% өсті.

Ескерту. 11-13 маусымда Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейінгі жол бөлігінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Орынбор көшесі толығымен жабылады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астана әкімдігі Uber компаниясымен меморандум жасасты

Астана қаласының әкімдігі, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және Uber компаниясы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Әлемнің 70-тен астам мемлекетінде қызмет көрсететін халықаралық компания қазақстандық нарыққа елордадан бастап кірмек.

Меморандумға сәйкес, Uber тек кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде тіркелген Серіктестермен (заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен) ғана жұмыс істейді. Автоматтандырылған есеп айырысу жүйесі мен заңды қызметінің арқасында Uber қазақстандық нарықта сервис серіктестері-жүргізушілердің кірісінің айқын болуына және салықтардың бюджетке толық төленуіне жағдай жасайды.

Астана жаңалықтары: Астана әкімдігі Uber компаниясымен меморандум жасасты

«Әрине, бұл біз үшін айтулы оқиға. Uber компаниясымен көптен бері келіссөздер жүргізіп келеміз, оның Қазақстан нарығына осы Астанадан бастап кіретініне қуаныштымыз. Жүйенің айқындылығының арқасында шағын және орта бизнесті дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашылып, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер ұлғаяды, ал ең маңыздысы, нарықта тағы да бір әлемдік бренд болады», — деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова. Оның айтуынша, жолаушылар тасымалы нарығына жаңа компанияның енуі елордалық бизнестің дамуына үлкен серпін бермек.

Uber – пайдаланушылар мен жүргізуші-серіктестерді байланыстыратын технологиялық платформа. Мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруші жүргізуші мен машинаға резерв қойып, оның белгіленген жерге дейінгі қозғалысын бақылай алады, төлем банктік картамен жасалады. Uber қолданыстағы қарапайымдылығымен, қауіпсіздік талаптарының жоғары болуымен, сондай-ақ, қолма-қол ақшалай төлемдердің жоқтығымен танымал. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің атап өтуінше, нақ осы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу салық түсімдерінің ұлғаюына ықпал етеді.

Uber B.V. ТМД мемлекеттері бойынша бас менеджері Алексей Стахтың атап өтуінше, компанияның жобаны Астанада дамыту перспективалары зор.

«Үлкен перспективалар бар. Стартап аса қарқынды дамып келеді, біз әлемнің 70 мемлекетінде 400 астам қалада жұмыс істейміз. Қазақстанға келіп, елордадан бастайтынымызға қуаныштымыз. Біз үшін бұл өте маңызды. Бүгінгі таңда биліктің қазіргі саланы жақсартуға мүмкіндік беретін инновацияларды қолдайтынын көріп жүрміз. Өз тарапымыздан қазақстандықтар күткен сервисті ұсынуға барлық шараларды қабылдайтын боламыз», — деді А. Стах.

М. Бектұрованың айтуынша, елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына жайлылық пен қызметінің заңдылығын қамтамасыз ететін, дамытылып жатқан басқа да жобалар бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Жаз бойы астаналық оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүреді

2016 жылғы 1 маусым – 31 тамыз аралығында 7-15 жастағы балалар қалалық және экспресс маршрутармен тегін жол жүретін болады. Қалалық әкімдік балаларға осындай тарту жасады.

Биыл мамыр айында қалалық мектеп оқушыларына атаулы көлік карталары беріле бастады. 7-15 жастағы балаларға аталған карталар оқу орындарында немесе ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуымен ASTRA PLAT атаулы көлік карталарын беру пунктінде тегін беріледі. 2015 жылы фототіркеуден өтпеген және көлік картасын алмаған балалар мамандандырылған ASTRA PLAT кассаларына жүгінуі керек. Мамандандырылған кассалар мен карталарды беру пункттері орналасқан орындар туралы 20 маусымнан кейін қосымша хабарланатын болады.

Астана жаңалықтары: Жаз бойы астаналық оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүреді

ASTRA PLAT электронды жолақы төлеу жүйесін қолданысқа енгізуге байланысты аталған акция балалардың көлік карталарын пайдалану механизміне дағдылануына ықпал етеді. Жазда балалар автобустарда көлік карталарын қолдануды (валидацияны) үйренеді, ал 1 қыркүйектен бастап қоғамдық көліктермен 50% жеңілдікпен жүретін болады.

Атаулы көлік карталарын алмаған балалар қалалық қоғамдық көліктермен оқу орнынан берілген анықтаманы көрсетіп, тегін жүре алады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Жақында қоғамдық көлікте электрондық төлем жасау жүйесі қосылады

Астана қаласының коғамдық көліктерінде мамыр айында қэлектрондық төлем жасау жүйесі қолданысқа енгізіледі деп хабарлайлы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz.

Елорда әкімдігі ғимаратында өткен Қоғамдық кеңес отырысында Жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері қалалық қоғамдық көліктерде электрондық төлем жасау жүйесі (ЭТЖЖ) карталарын қолданысқа енгізу туралы баяндады. Аталған жобаны мамыр айында іске қосу көзделген.
Астана жаңалықтары: Жақында қоғамдық көлікте электрондық төлем жасау жүйесі қосылады
— Біз азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін арнайы мәліметтер базасын жасап, карталарды дербестендірдік. Олар автобустармен тегін жол жүреді. Бұл ретте валидация жасауға, яғни автобуста картаны пайдалануға міндетті. Оқушыларға да дербес карталар беріледі, оны жазғы демалыс кезінде 30-шы тамызға дейін қолдануға болады, — деді «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Ардан.

Карталарды арнайы белгіленген орындарда және жүргізушілерден сатып алуға болады. Егер жолаушының картасы болмаса, ол жолақыны жүргізушінің жанындағы терминалмен электронды карта арқылы немесе қолма-қол ақшамен төлейді. Автобус жүргізушісінің және әрбір есіктің жанына валидатор орнатылады.

ЭТЖЖ жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға мүмкіндік береді және осы саланың айқындылығын қамтамасыз етеді.
Әрі қарай

Қоғамдық көлікке табличка ұсынамын!


Қоғамдық көлікте күнде жүретіндіктен адамдар арасындағы мәдениетсіздікке көп тап боласың. Мысалы, телефонмен ұзақ сөйлесу, айқайлап сөйлесу, бір-бірімен ұрысу және т.б. Сол себепті әрбір қоғамдық көлікке әдептілікке, мәдениеттілікке шақыратын табличка жасауды ұсынамын. Кім біледі, бір күні әкімшілік менің блогымды оқып, кеңесіме құлақ асып қалар. Сонымен, табличкада мынадай әдепке шақыратын сөздерді болса:

Әрі қарай

Астаналық маршруттар картасы

Осыдан үш-төрт жыл бұрын «Астанада жерүсті біррельсті пойыз жолға қойылады екен» деген әңгіме шыққан еді. Шығарса, жөн болар еді, ал әзірге екі көзі төрт (немесе мен секілділері төрт көзі сегіз :) болып) жерүсті пойызды күтпей-ақ, қоғамдық көлікті пайдалануды ыңғайлырақ ету мақсатымен жасалған кішігірім құралмен бөліскім келіп отыр (астаналық қоғамдық көлікті пайдаланушыларға).
Сілтемесі мынау: maps.astana.kz/transport.html
Әрі қарай