Қар түсті қалың,
Жауып сенің салған жолыңды маған.
Сен үнсіз қалдың,
Махаббат жоқ, бәрі, бәрі де жалған…
Неге екенін білмеймін,
Не жылап, не күлмеймін,
Жүрегім сен дейді…
Жастықтың жалынды бір күні еді,
Тым ерекше атты таңғы арай.
Көздеріңе көзім байланғанда,
Жүрек тулап, оттай жанғаны-ай.
Неге ояттың мені, жүрмедің бе?
Ой-санамды мәңгі жауламай.
Неге ғана маған кездестің сен,
Ғашық болдым қалай аңдамай?
Көңілсіз күндермен қоңыр күз жеткенде,
Қолыңа гүл берген, "қош" дедім көктемге.
Сен оны сезбедің, сен оны білмедің,
Сен әлде өзгені сағынып жүр ме едің?
Қайырмасы:
Сүйгенін сезбес кім?
Сынына төзбес кім?
Сыр айтып сен жайлы,
Мұңайтты кербез түн…
Жұбаныш болмайды,
Жаныма өзге ешкім.
Келеді кездескім…
Өзіңменен талай бардым өткелге,
Аппақ гүлдер бүрін жарған көктемде,
Көз алдымнан кетер емес сол бейнең,
Балалық кез бізден ұзап кеткен бе?
Сені іздейді әлі күнге жат жаным,
Сағынышты тек өзіңе сақтадым,
Сол кездері мен өзіңе ғашық боп,
Саған арнап алғаш рет хат жаздым.
Уақыттың жылжымайтын,
Теңізі арада тұр,
Жанымды күзге тастап,
Жаз да өтіп бара жатыр…
Болмайтын еркі өзінде,
Ақ бұлтпен бір екенсің,
Барайын іздеп сені
Қай жерде жүр екенсің?
Өмірімнің бақ-тұрағы,
Мен өзіңді таңдадым,
Қос аққудай теңіздегі.
Көңілімнің шаттық әні,
Алып-ұшты арманым,
Іңкәр жүрек сені іздейді…
Қайырмасы:
Алаулаған от па екенсің,
Жана алмаған шоқ па екенсің?
Тағдырымның тармағында бар ма екенсің, жоқ па екенсің?
Күнім десең, күнде келем,
Айың болам түнде де мен,
Арамызда жатса да алқап келемін саған…