Биылғы Құрбан Айт...

Мереке мүбәрак болсын, қымбатты Керекинфо!
Құрбан Айтқа биыл Мәсімовтің кабинеті салғырт қараған секілді… Жылда демалыс бергеннің өзінде көлденең көп шаруалар килігіп, осы мерекені Ақтауда өткізетін ем, биыл Үкімет демалыс та бермеді ғой. Хош, "Құрбан Айт күні әйәй киімдеріңді киіп, 7 немесе 9 үйге кіріп, айттап шығу ләзім" дегенді айтқан біздің ауылдың шалдары… Мен кеше бір бөлемнің үйіне кіріп шығуға уақыт таптым))) әлі 8 үйге үлгеру керек…
Қызығын айтайын, биылғы Айттың. Түнде агентті қосып қойып, кино қарап жатқанмын… Орынгүл Таңбай деген досымнан хат келді… Хаттың ұзын ырғасы былай:
"… Менің Қабыл — Айткүл деген апа-жездем бар. Бағана түсте «айт шалып жатырмыз, келіңдер» деген соң бас сұққанбыз Жездем шаңырағына. Кіре берісте аяқ киім шеше бергеніміз сол екен, сол үйдің жаңа түскен жас келіні «Оооо, Орынгүл, Айт қабыл болсын!» демесі бар ма?! Мен сасып қалдым… Айткүл мен Қабылды қоя бершіііі, енесінің аты Болсын еді ғой әлгі келіні түспегірдің...)))"
Әдебиетте «табу» деген термин бар, қазақша «ат тергеу, баламасын табу» дегенге саяды… Қазақылықтан қашықтай бастау ма бұл, қалыпты құбылыс деп қарайық па?! Маңғыстаудың ең батыс нүктесінде Қызан деген ауыл бар… Сол ауылдың тумасымын. Әкемнің жеңешелері, менің мамаларым болады ғой, енді… Солардың бірі Балғабай, Балтабай, Жыланбас деген қайнағаларының атын былай айтқан екен: «Шабатын, Шағатын, Соғатын» Бұл әлгі табудың классикалық үлгісі…
Құрбан Айттағы қызықтармен бөлісе отыр, КерекИНФО!
Әрі қарай

Қаладағы айт

Мұсылмандардың ең ұлық мерекесі Құрбан айт мерекесі ғой. Қазір білмеймін, бұрындары айт мерекесі кезінде ауылдық жерлерде жұрттар жаппай айтшылап бір-бірінің үйіне кіріп-шығып жүруші еді. Әліде солай екені даусыз ғой, бірақ, дәл баяғыдай үлкендері жеке, балалары жеке айттай қоймас.Тіпті, мектептегі қыздар жиылып жеке айттаған кездер де болған.
Әрі қарай

Құрбан айттарың қабыл болсын!!!

Құрбан айттарың қабыл болғай құрметті бауырлар!!! Алла тағала барша еткен құлшылық-ғибадаттарыңыз бен ниеттеріңізге қарай жақсылықтан жазсын!!! екі дүниенің бақыты мен екі дүние жәннатын сіздерге нәсіп еткей!!! әр уақыт Хидает пен Бейбітшілікте өмір сүруімізге Аллахым тағдырға жазғай!!! еліміз аман, деніміз сау болып, қоғамымыз гүлденіп, болашағымыздың қызығын көрейік!!!
Әрі қарай

ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Міне, барша мұсылман сағына күтетін Құрбан айт мерекесіне де жеттік. Алла қаласа, 6 қарашадан бастап, шамасы келген әр мұсылман Алла разылығы үшін құрбан шалып, дініне, иманына адалдығы мен шынайы ықыласын білдіреді. Сол арқылы Жаратушы иеміздің құзырында өзіне лайық дәрежеге қол жеткізеді. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріптерінің бірінде: «Адам ба­ла­сы құр­бан айт кү­нін­де (құр­бан ша­лып) қан ағы­зу­дан да сүйік­ті ешбір іспен Алла Та­ға­ла­ға жа­қын­да­ған емес» деп бұл құлшылықтың мәнін түсіндірген. Сондай-ақ тағы бір хадисінде: «Кім­де-кім мүм­кін­ші­лі­гі бо­ла тұ­ра құр­бан шал­ма­са, біз­дің на­маз оқи­тын же­рі­міз­ге жа­қын­да­ма­сын!» – деп ескерту жасағаны да бар.
Әрі қарай