Заманауи қазақ жастары, немесе қазақ тілін заманауи тіл ретінде қолдану.

Қазіргі кезде қазақ тілін қолдау мәселесі көтерілсе, адамдар бірден тілмен қатар ескі салтты, дәстүрді, ескі ойындарымызды байланыстырады. Мен негізі келісемін: ескі салт пен дәстүрді көтерген дұрыс, біақ бұл дүниелерге қазіргі күнде заман талабына сай өзгерістердің де қажет екенін жоққа шығармаған жөн. Сол мақсатта Назарбаев Университет қабырғасындағы Саруар студенттік ұйымы «Zamanaui Qazaq Zhastary» жобасын іске қосты. Бұл жобаның мақсаты, қазақ тілінің, қазақилықтың ескілікпен ғана байланысын үзіп, жаңа заман тілі екеніне қазіргі қоғамның көзін жеткізу. Алғашқы кездерде бұл жоба тек аталған университет студенттері үшін ғана бағытталған болса, кейін қазақ қоғамына да тараларына сеніміміз мол. Сонымен, алғашқы жұмысымызды тамашалауға шақырамыз:
Әрі қарай

Жұрттың баласымен салыстыру неге дұрыс емес?

Әдетте қазақтың қоғамын жамандаушылар көп кездеседі. Қазақтың барын көрсеткіштігі, мақтаншақтығы жиі тілге тиек болып жатады. Алайда біздің қоғамда кең таралған, орысша айтқанда понт және көре алмаушылықтың себебі неде? Осы тақырып жайында менің видео-пікірімді көре отырып мүмкін жаңа ой ести аласыз. Келіспесеңіз өз ойыңызды қалдырыңыз, жаңа пікір оқуға әрқашан ризамын.
Әрі қарай

Түркістанның Шыңғысxаны

Түркістанның Шыңғыс xаны.

Адалдық. Абырой. Отанға қызмет ету.

Үш басты сөзі Жылқайдардың немересі Тұрардың өмірлік басты ұстанымдары болған. Иә, иә Талғарда туылып, аталары Ақсу-Жабағалы мен Түлкібасты мекендеп, білімін Меркі жеріндегі Аспарадан алып, Бәйдібек бабадан Дулат кейінгі Шымырдан тараған тұлға, Меркіде оқып жүріп уақытша тегі Қырғызбаев болған, жалғыз қарындасы Түйметайы бар, орыс империясына қарсы шыққан Ақкөз Қосанұлына қосылып болашақ қайың ағасымен арпалысып оны ату жазасына бұйырған, Түркістан еліне университет қажеттілігін Ленинге жеткізген, 25 жасында Ел басқару келген, Түркісіб теміржол идеясын ұсынып оның салынуына атсалысқан, Моңғолия жеріндегі Улан-баторды астана қылып кеткен, моңғолдардың құрылтайын өткізуге жәрдемдескен, екі орыс әйел алып бірақ көңіл жарыса алмай қазақтан туған Әзизаны іздеп барып тапқан, бір ұл төрт қыздың әкесі, Қазақтың жерін анау Орынбордан бастап Ташкентке дейін, Арқанкелгеннен Тарбағатайға дейінгі жерді Тәуелсіз ел қылам деп арманына жете алмай кеткен, Кеңес үкіметінін кедейлерді жебеуші қылып, байлардың бар малымен жерін қарны аштарға таратуға себепші болған қазақтың маңдайына туа біткен Рысқұлұлы Тұрар болмақ.

Осы жазбам жазулының басты себебі, Шерxан Мұртаза атамның "Қызыл жебе" кітабы. Кітапты оқып және тыңдап шығуыма екі ай уақыт алыпты. Қазақтың кең байтақ даласынан Кеңес үкіметінің құрылуына атсалысып, көз майы мен күш жігерін аямай еңбек етіп, сол Кеңес үкіметінің үкімімен атылып кеткен қайран бабам. Ол жалғыз емес, Алаш арыстары, қазақтың зиялы қауым өкілдері, қысқаша айтқанда өткен ғасырдың 30 — жылдары ең ауыр, ең қайғылы, ең сорақы жылдар болды. Жүректен ешқашан ұмтылмас. Шерxан атамыздың бес томдық "Қызыл Жебе" кітабын оқуға кеңес берем. Еш өкінбессіздер.
Әрі қарай

Көңілдегі көп ойлар

Осы бір жағдай сіздің де өміріңізден орын алған шығар, сірә. Демалыс күндері үйге керек-жарақ алайын деп көк базарға бара қалсаңыз болды, үсті-басы кір-қожалақ ер азаматтарымыз бен қаракөз қандастарымыз алдыңыздан шығып, алақан жайып, қайыр сұрай бастайды. «Алла үшін садақа бер, жолың болады...» деп жаттап алған ұрандарындай қазақшалап сайрай жөнеледі. Жанына қатты бататыны – солардың көбісі өзіміздің егде жасқа толмаған аға-апаларымыз. Амалссыздан қалтамыздағы барымызды беруімізге тура келеді. Мән бермей, елемегенсіп өте шықсаң, «жолың болмасын, құдай ұрсын ...» деп қарғыс сөздерін жаудыртып, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады. Бұл тек бір базардан орын алса хош деңіз. Жаяу жүрер болсаң, көше бойында аяқ алып жүре алмайсыз. Бір аялдамадан екінші аялдамаға дейін кейде екі-үшеуін кезіктіресің. «Берерімді беріп кеттім» десең ашуланып: «Неге бересің? Бұл менің тұрағым ғой» деп жаны шығады. Байқауымызша, әркімнің өзінің тұратын орны болады екен… «Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті» демей ме!? Құмырсқа жәндігінің өзі тапқан-таянғанын өз илеуіне жеткізу үшін күндіз-түні адал еңбектенеді. Қайыршылап, алақан жайып тапқан табыстан – маңдай термен еткен адал еңбегің мың есе артық емес пе!? Қайыршысыз өмір сүрген көк бөрінің тұқымы – қазақ едік… ТЕКТІ ЕЛДІҢ ТҰҚЫМЫ ӨЗ ОТАНЫНДА ТЫШҚАНШАЛАП ҚАЙЫР СҰРАП ЖҮРГЕНІ ҚАЛАЙ?...
Әрі қарай

Қыз тәрбиесі - тектілік айнасы!

Ерте кезден бастап қазақ халқы қыздарының тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Аялы алақандарына салып еркелетіп, мәпелеп өсірген. "Қызға қырық үйден тыйым", "Қыздың жолы жіңішке" деп, әу бастан-ақ жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыды. Киген киіміне, қос бұрымына да ерекше күтім жасаған. Сөйлеген сөзі мен жүрген жүрісіне дейін мән беріп, ағаттық жіберген жерлерін жөндеп, түзеп отырған. Әрқашан қыздарына тәлім-тәрбие беріп, өнеге көрсетіп, үлкенді сыйлауды, кішіге ізет көрсетуді үйретті, яғни адамгершілік қасиеттерді жастайынан бойларына сіңіртті. Көпке топырақ шашпаймын, алайда сол заманның тектілігінің үлгісін қазіргі кейбір қыздардың бойынан табу қиын. Олар өздерінің ар-намысын жоғары бағаламайды. Ашық-шашық киініп, кіндіктерін жарқыратып ашып, сояудай тырнақ жапсырып, кірпіктерің ұзартып жүргендер, әдемі болып көрінеміз деп ойлайды. Бірақ та олай емес, бұл қазақ қыздарына жат қылық. Түнгі клубтардан қазақ қыздарының тайраңдап жүргенін көрсең, ішің ашиды. Содан, некесіз сәбилер дүниеге келіп, қоқыс-жәшіктерден, әжетханалардан табылып жатқандарын жаңалықтардан естіп жатырмыз. Тіпті, жазықсыз сәбидің құнын зат сияқты ақшамен саудалап, сатып жатқандарды көрсең жылағың келеді. Сондықтан, айтайын дегенім қазақ қыздарына әрқашан атымызға кір келтірмей, тектілігімізді, арымызды сақтайық. Саналы ұрпақ дүниеге келсін десек, қазақ деген атқа лайық болайық!!!
Әрі қарай

Еххх, Қазақ...

Қазақ десең өзіңе тиеді — таныс сөз бе? Көптеген адам қолданады. Қандай кезде? Әрине өзіміз бірдене бүлдірсек… Бірақ, біз қазақ не бүлдірмедік. Жамбыл облысында жаңа туған нәрестені тірідей жол шетіндегі әжетханаға Тұрар Рысқұлов атындағы ауданда тұратын 21 жастағы әйел тастап кеткен. Кішкентай ғана дүниеге келген сәбиді терезеден лақтырамыз. Кішкентай баланы ойнату үшін анасы 1 қабаттан далаға лақтырады, әкесі қағып алады. Тойда көңіл көтереміз деп қара бет боп билейміз. Ардагерді ұрып соғамыз. Кішкентай балаға қол көтереміз. Ұстаз болып оқушыларды ұрамыз. Оқушы болып ұстаздарға қарсы шығамыз… Осы жерден тоқтай салғаным дұрыс ааау?! Ары барсам оқуғада жүрек бармай қалар. Бәрі өзіміздің Қазақтың істеп жүргені. Әр жерде ұрыс керіс, шусыз болмайды. Ол анық. Бірақ, сол болған жағдайды не үшін соншама басымызға көтеріп шулатамыз? Жаман жағдай орын алдыма? Кінәлі адамды тауып бірден жазалау керек. Оны шулатып бір қуанғандай барлығына жария етіп эфирден шығарамыз. Онымен қоймай барлығымыз инстаграмм бетін шулатамыз. Егер халықтың қолдауы керек болса салайық, жария етейік. (жақында Маржан есімді қыздың проблемасы шықты, оны салдық ол дұрыс, халықтың қолдауы керек) Қытайда тұратын қазақ досым, Ресейлік блогер достарым хабарлама жазды: шынымен осындай жағдай болған ба сендер де? басқа басқа қалай ғана ондай жағдайға барып өз баласын лақтырып жібереді. т.б. Оларда мұндай жағдай болмайды емес болады, бірақ біз сияқты шулатып тұрып жария етпейді. Өзге ұлттар мұның барлығын көріп: Еееее қазақ деген осындай екен ғой деген ойға келеді. Шыны керек көпке топырақ шашқаным емес бірақ көбіміз біреуді масқаралағаннан басқа түк білмейтін сияқтымыз. Көзіме түсіп жүрген біраз әлеуметтік желілерді біраз топтар бар. Мүмкін соларды жауып тастармыз? Көліктің терезесінен лақтырылған баланы видеоға түсірген. Оны әлеуметтік желіге салмай бірден ішкі істер бөлімшесіне апаруға болмаспа еді? Ұстаздар оқушыға қол көтерді. Оны таратпай нақты шешім қабылдайтын адамдардың қолына неге бермеске? Қазір біз не істесекте өзіміз істейміз, сосын өзіміз кінәлі бола салмаймыз, біраз уақыт кінәні басқа біреуден іздейміз, болмай жатқан жағдайда өзімізге аламыз. Осындай Қазақстандық керемет сайттар бар. Соларға кіріп жақсы нәрселерді оқып, неге алдыға қарай жылжымасқа? Айтарым, жеті рет өлшеп бір рет кес деген. Не істесекте ойланып барып істейік…
Әрі қарай

Қазақ қалай құрбан болып бара жатыр...?

Жалпы қазіргі кезде қазақ елін жаулап алған түріктің, үндінің, кәрістің сериалдары…
Қаншама алтын уақытын жіберіп көретіндер жетерлік. Мысалы, көшеге шығып өтіп жатқан халыққа екі фильм ұсынайық, біреуі қазақтікі, екіншісі кәрістікі. Нақтылап айта
Әрі қарай

"Шал" мен "Кемпір" сөзінің шынайы мағынасын түсініп жүрміз бе?

Жанібек Қожық деген Маңғыстаудың адамы зерттей келе мынадай тұжырым жасапты: Қадірлі достар!.. Қазіргі жастардың көбі келіншегін «кемпірім», күйеуін «шалым» деп жиі атайды. Жастар кемпір, шал сөзінің шынай мағынасын білмейтін болар. Егер де сол
Әрі қарай

Осы қазақ қашан оянады?

Автор: Серік Мақұлбекұлы

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ! Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ. Алашағың аз ба мына дүниеден, Болашағың емес пе еді зор, ғажап?! Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ! Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап! Ауырыңды арқала да, алға бас, Бауырыңмен не көрінді жорғалап?! Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ, Ер мінезбен өр рухқа болма жат. Ортасына жалғыз орыс кіргенде, Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ. Аталардан қалған асыл мұрамыз – Туған жердің қақ төрінде тұрамыз. Азаттығы ұмытылған ұлт болып, «Қазақ тілі» қоғамдарын құрамыз. Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз, Сұмдық сіңген сүйекке де – Қараңыз! Тойланады мерекеміз жат жұртша, Ойланады өзге тілде баламыз. Құранды да, Құдайды да сүймейміз. Сұлу көрсек, оңашаға сүйрейміз. Жыртаң-жыртаң, қалжың айтып күлеміз, Тыртаң-тыртаң, тойға келсек, билейміз. Біреу озса – күңкіл-күңкіл күндейміз, Біреу тозса – дүркін-дүркін жүндейміз. «Намыс!» деген сөзді жиі айтамыз, Бірақ оның не екенін білмейміз. Дүниенің пайдасына пысықпыз. Жәннат иісін сезе алмайтын пұшықпыз. Бауырларға арыстанбыз, барыспыз, Басқаларға бас игенде – мысықпыз. Мақтаншақпыз, өтірікші, даңғоймыз, Түтіндейміз, үрлесе де жанбаймыз. «Жер бетінде бізден ұлы ұлт жоқ!» деп, Өзімізді-өзіміз көп алдаймыз. Ісіміз жоқ еске алатын тамсанып, Селтеңдейміз әуейі боп ән салып. Тірі ағайын пәтер таппай жүргенде, Өлгендерге әуреміз там салып. «Қаным таза, жаным таза» дегенмен, Көш соңында қалып қойдық неге елден? Мойындаған күллі адамзат неміз бар? Не шығардық ел ынтыққан, еленген? Бүкіл әлем өркендеуде дүрілдеп, Ғарышты да игеруде бұрын кеп. Кеме де емес, ұшақ та емес, біздерде Белесебет жасай алар білім жоқ. Шіренгенде үзеңгіні үземіз. Мүйіздіміз мүйізсізді сүземіз. Оралманға одырая қараймыз, Келімсектен дірілдейді тіземіз. Ертегіге есігін кең ашқаның, Ертеңіне қатырмайды бастарын. Қонағы би жаман үйдің тұрғыны, Шеттерінен шел басқан көз, месқарын. Құдай берген мұнай, көмір, мысың да, Біздікі емес, билігінде басқаның. Сырт көзге сыр бермегенмен тайраңдап, Ақылымыз ашып бітті айран боп. Қамқор Алла сақтамаса біздерді, Қайран жұртта өзін қорғар қайран жоқ. Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!…
Әрі қарай

Киллер

Киллер сөзін бала кезімде кинолардан естіп, әйтеуір жақсы сөз емес екенін білгенмін. Кейін оқушы кезімде бұл сөздің "өлім, өлтіру" деген сөзден шыққанын ағылшын сабағынан білдім. Бірақ мен бұл сөздің мағанасын айқындағалы отырған жоқпын, Асқар Алтайдың «Киллер сауысқаны» жөнінде айтқалы отырмын. Бұл шығарманың мазмұнында жазбаймын, өздеріңіз оқып алыңыздар.
А.Алтайдың бұл туындысы өте тамаш және ерекше. Сауысқан киллер десе киллер екен. Шығарманың атын қоюда біраз ойланыпты жазушы. Содан баласы оқып шығып, сауысқаныңыз киллер екен дегенде, сол сөз ұнап қалып, «Киллер сауысқан» атанады шығарма.
Шығарма лирикалық шегініс негізінде жазылған. Бас кейіпкердің сауысқанды киллер етем деп, өзі өмірдің зардабын көруімен аяқталады.
Қазақ әдебиетіне фантастикалық элементтерді енгізіп жүрген жазушы А.Алтайдың «Киллер сауысқаны» оқушысына көөп нәрсені ұғындырады. Әсіресе ұлттық құндылық, қазақы наным, қазақы намыс. Кітаптар әлемі: Киллер
Әрі қарай