Ғашықтар диалогы

Блог - InabatKussainova: Ғашықтар диалогы

Ж: Сүйем сені, жоқпын бірақ қасыңда
Бір көргеннен ғашық болдым расында
Жоқ болса да, тәнім менің жоқ болсын
Болар бірақ жүрек сенің қасыңда

Қ: Сүйем сені, сүймей қайда барамын?
Алыстасың, бірақ шыдап бағамын
Көрер күнді күнде аңсап мен жаным
Махабаттың мәңгі отына жанамын

Ж: Шын сүйемін, мені жаным ұмытпа
Атыңды айтам алған әрбір тыныста
Жүрек әрбір соққан кезде сен дейді
Сені еске алғанда ол өлмейді

Қ: Сүйем жаным, сүйемін ғой тек сені
Бірақ жаным саған біраз өкпелі
Ұмытар деп қалай ғана ойладың
Сонау сонау ұмытылмас кештерді

Ж: Күн санаймын, бірақ уақыт өтпейді
Айдай жүзің көз алдымнан кетпеді
Дүниеде қыздар көп қой, бірақ та
Жаным саған ешбірі де жетпеді

Қ: Мына күндер өтпеді ғой, кетпеді
Сағынамын бір өзіңді, тек сені
Жолықса да қанша жігіт өзіме
Саған, жаным ешбірі де жетпеді
Әрі қарай

Полковниктің қызы

Блог - Arys_arlany: Полковниктің қызы
Ол жігітпен бірнеше мәрте сапарлас болдым. Бір сапарында «полковниктің» қызымен қалай танысқаны жөнінде айтып беріп еді.
— Үйдегілер үйлен деп қоймаған соң, агент арқылы қыздармен көптеп таныса бастадым — деп бастады әңгімесін, — содан күнара бір қызды кездесуге шақырып, машинаммен қала алып шығып, қыдыртып, отбасы, өзі туралы сұрап, таңдай бастадым. Өзімнің бала кезден ішкі істер саласына қызметке орналасып, үлкеееен азамат болсам деген арманым бар еді. Содан танысқан қыздармен әңгіме барысында папаң қайда жұмыс жасайды? Қазіргі қызметі қандай деген сұрақтардан ол қызбен қарым қатынасымның болашақтағы қадамдары шешіле бастайтын. Бастапқы кезеңдерде кездескен қыздардың көпшілігімен қарым қатынас тез үзіле берді, өйткені олардың папасы мілитса болып жұмыс жасамайтын еді. Содан үмітсіз шайтан деп жүріп, бір күні бір қызбен кездесудің сәті түсті. Екеуміздің әңгімеміз тез жарасып, біраз уақыт жүріп қалдық, содан үйіне шығарып саларда: папаң қайда жұмыс жасайды?- деп сұрай қалған едім, " ішкі істер органында" деп жауап қатқанда іштей қуаныштан қолым көкке екі елі жетпей қалды. Жолда келе жатып, папасының жас шамасына қарай қызметтік шені кем деген «подполковник» болар, отбасын құрып, бірер уақыт күтсем «полковник» болып қалар деп сол аңнан олжалы қайтқан аңшыдай көңілім тоқ қайтты. Содан ертесі күні кешті зорға батырып, әлгі «подполковниктің» қызына асықтым. Бүгін бұл қызға ойымды білдірейін деп кешкі ас ішуге кафеге отырғыздым. Кафеден шығып, үйіне келе жатып, жолда «папаңның званиесі қандай?» деп сұрай қалып едім, «старший сержант» деп жауап бергенде басымнан біреу қойып қалғандай әсер алдым. Кешегі бүкір арман жоспарымның күлі көкке ұшып, «полковниіктің» күйеу баласы деген атпен біржолата қош айтыстым солай — деп әңгімесін аяқтап еді.
пысы: Содан оны естіп алған мен біраз уақыт әлгі жолдасымды келеке етіп жүрдім. Оданда сразу полковникке тиіп алмайсың ба? Папасы полковник қыздың саған не керегі бар? Әлде жарқыраған погон үшін арыңды да, адамгершілігіңді айырбастай саласың ба деп. Ия, өмір біз ойлағаннан да бұралаңдау.
Әрі қарай

Әулие Валентин күнін тойлау керек пе?

Блог - AidaMuntiyeva: Әулие Валентин күнін тойлау керек пе?14 ақпан. Қызыл раушан, шоколад, ашық хаттар. Бұл күн- саудагерлердің қалтасын қылыңдататын, түрлі тосын сыйлар мен романтикаға толы күн.
Әулие Валентиннің кім екенін білмесек те, қызылды-жасылды ашық хаттарды таратуға құмар-ақпыз. Жүрекшелерді құрбыларымызға қарағанда көбірек алсақ, мәз болып өзімізден бақытты адам жоқтай сезінеміз. Әулие Валентин кім? Бұл күннің шығу тарихы қандай біле жүргеніміз артық болмас. Валентин туралы аңыздар көп. Алайда кең тарағаны: ерте заманда, дәлірек айтқанда 469 жылы Рим императоры Геласиустың жарлығымен 14 ақпан «Әулие Валентин күні» деп жарияланады. Бұған себеп: әлгі опасыз оңбаған Валентиннің отанын қорғаудан қашып, әскерге бармау үшін үйленетіндердің некесін жасырын қиып, «қиналғандарға» «қол ұшын берген» «ерлігі» әшкереленіп, басы шабылған осы күнді әспеттеу болса керек. Қарап отырсақ, Валентиннің діннен безген арсыз екені анық аңғарылады.
Исламның қағидаларында өзге діннің әдет-ғұрыпын орындап, мейрамдарын тойлауға қатаң тыйым салынған. Ал Әулие Валентин күнін мерекелеп жүргендердің көбісі оны «ғашықтар күні» деп қана ойлайтыны рас. Расында, ол – католиктердің діни мерекесі болып табылады. Сонда, ол күнді тойлап жүрген қазағың мұсылман ба, әлде католик пе? Әрине, мен бүгінгі көпшілік жастарымызға күйе жағудан аулақпын. Сөйтсе де, нағыз қазақы махаббат мейрамы болып саналатын Қозы Көрпеш — Баян сұлу күнінің әулие-сымақ Валентин күнінен төмен тұрғандығына таң қаламын.
Бір жағынан, дәл осы күні жастар бір-біріне ыстық сезімдерін білдіріп, ара-қатынастарын нығайта түседі. Дәл осы күні кішігірім елеусіз әрекеттерге көп көңіл бөлініп, адамдар бір-біріне қуаныш нұрын сыйлайды. Махаббат- асыл қасиет, асқақ мұрат, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезім, ғажайып әлемге бастар алтын көпір. Ал бұл мейрамды тойлау тойламау өз еріктеріңізде.
Автор: Мунтиева Аида
Әрі қарай

Хан шатыр

Жексенбі күні кештетіп Хан шатырға барған едік. Қызыл жағалылар қарсы алды. ОСО жабық тұр екен. Өткенде жөндеу жұмыстары болады екен, уақытша жабылады деген әнгіме естіген едім. Рас болып шықты. Ашылуы осы айдың 15-не.


Әрі қарай

Ғашықтарға ескерткіш (суретбоян)

Біреуге жаңалық, біреуге боян болуы мүмкін.

Валентин күні, ғашықтар, махаббат, т.б. деген әңгімелер айтылып жатқасын, осыдан бірталай уақыт бұрын Интернеттен көрген бір суретті бөліскім келіп кетті. Просто, бұл туралы орысша 2007 жылғы бір жаңалықта болмаса, басқа еш жерде қазақша жазылмаған екен (мақалада суреті жоқ) :)

Әрі қарай

Бүгінгі күннің суреттері


В любви единственная победа – это бегство.
Наполеон Бонапарт
Бүгін – Әулие Валентин күні.  Махаббат күніне арналған мәуелі-мәуелі сөздердің елесі қоғамды кезіп жүр. Біреу қарсы, біреу қарсы емес, біреу қарсы да қарсы емес те емес дегендей… Жоқ, менің бұл күнді жақтап не даттап, болмаса ақтап жазба жазып, миларыңызды ашытқалы отырған жоқпын. Әшейін, тақырып аясынан табылатын бір топ антивалентинкаларды бергелі кетейін деп едім. Көңілді отырыңыздар. Тек әке-шешеден боқөтамасаңыздар болды.
Әрі қарай