Футбол деген бір әлем

Әлемдегі сөзсіз нөмірі 1-ші спорт саналатын футболды көрмейтін, қызықпайтын адамдар азшылық екені рас. Бәріміз өзімізше тренер де, сарапшы да, керек десеңіз тікелей эфир кезінде комментатор бола аламыз. Өзіміздің сүйікті командамызда бар. Айтарым бұл емес еді, осы бар жүректі жаулаған сиқырлы спорт түрі жайлы айтылған кейбір фразаларға(афоризмдер) шолу жасамақшы едім.
Әрі қарай

Аяқдопшылардың қызық лақаптары

Тони Адамс (Tony Adams)– Есек

Арсеналдың аңыз капитаны, жасаған қателерінің «арқасында» бұл лақапты арқалауға мәжбүр болды.

Роберто Баджо (RobertoBaggio)– Алтын ат құйрығы

Италия футболының жұлдызына бұл лақап ат құйрығы секілді шаштары үшін таңылды.

Әрі қарай

«Немо» және оның командасы.


Испанияның «Marca» газеті соңғы нөмірінде «Немо және оның командасы» жайлы қызықты ақпарат жариялады. Корольдік клуб ойыншыларының лақап атын карикатурамен жариялаған бұл мақала бүкіл дүние жүзі баспасөзінің назарын өздеріне аударды.
Команда жұлдызы Месут Өзілдің лақап аты – «Немо». Оған бұл лақап «Дисней» және «Пиксар» студияларының өніміндегі Немо атты балықпен сырт пошымындағы ұқсастығы үшін таңылыпты. Икер Касильясты «Капи» (капитан) атандырса, Рикарду Карвальоны «Ақсақал» десетін көрінеді. Бұл аттың оған қойылу себебі белгілі, ол командасында жасының үлкендігімен қоса байсалдылығымен ерекшеленеді. Рауль Альбиольға командаласы португалдық Пепе Рейна «Пышақ» дейтін атты лайық көріпті. Әрине, бұл оның колбаса кескіш, нан кескіштігі үшін емес, жіңішке де ұзын дене тұрқына байланысты қойылса керек. Ал Пепенің өзін жай ғана «Пепиньо» деседі.
Әрі қарай