ФОРСАЖ 8
2015 жылдың 13 сәуірінде кинодан шыққаннан кейінгі жазған постымда «режиссер фанаттарын, қаншама доллар ақша салуға дайын аудиториясын жайдан-жай жібере салмас. „8“-шісі шығу керек» деген сияқты пікір қалдырғанмын. Енді міне, 2017 жылдың 15 сәуірінде 250 миллион долларға түсірілген «Форсаж 8» -ді бір демде көріп шықтым. 2 сағаттың қалай өткенін де байқамай қалыппын. Бір демалыстың ішінде әлем бойынша касса жинаудан жаңа рекорд орнатып тастады (әлем бойынша «Форсажа-7»-нің жалпы қоры 1.5 миллиард $ құраған болатын.)
Ертегі болып кетті деудің қажеті жоқ. Бұл киноның әлемі бөлек. Франшизаның барлық бөлімдеріндегідей мұнда да отбасы құндылығын жақсы насихаттаған. Қандай жағдай болмасын достардың бір-біріне деген сенімдерінің өшпеуі қызықтырады. Кинода О`Коннордың орны ойсырап тұр. Айтпақшы, «Форсаж 9»-да Брайан (Пол Уокер) қайта оралуы мүмкін. Себебі, Доминиктің (Вин Дизель) ойда жоқта пайда болған ұлының атын Брайан деп атады. Кинода қымбат көлік пен тоқтаусыз атыс-шабыстан бөлек әдемі әзіл де орнын тапқан. Роман Пирс (Тайриз Гибсон) еріксіз езу тарттырады.
Жалпы, FastFurious8-ді көріңіздер! Сол баяғыша қызықты, мықты және әсерлі!
Қарағандылықтарға ескертпе: Біздің Сарыарқа деген кинотеатрдан 3D көрмей-ақ қойыңыздар)

уи үлгілерге қарамаймын, мен міндетті түрде цехтарға барып, тігілгеніне 10-15 жылдан асып кеткен үлгілерді іздеймін. Өйткені, олардың өз тарихы болады, олардың матасы, әдібіне, тігісіне, конструкциясына қарап, мен оның қалай дүниеге келгенін, ол дизайнердің қандай қиындықтардан өткенін біліп отырамын. Өйткені сол киімдер дизайнер үшін өте құнды.