Фатмагүлдің кінәсі не?

31-каналда болып жатқан жаңа сериалды қарап жатқандар бар ма? Басқа сериалдарға ұқсамайды сюжеті, сценарийі қызық сериал. Түркияда 1 ай бұрын алғашқы маусымы аяқталған екен. Сериалдың соңғы бөлімдерінің қысқаша мазмұнын оқып алдым, енді оқып қойғасын қарау шарт болып тұр


Ол кезде біз орта мектептің жетіншіііі, жоқ сегізіншііііі… әлде тоғызыншы сыныбында ма, оқитын едік. Ауылдағы мал жайлау мен қонаққа барудан басқа шаруасы жоқ кемпір-сампыр, шал-шауқанын қойып, жалғыз көзі ашық жұрт саналатын мұғалімдерін де телебізірдің алдына телмірткен «Асау жүрек» бәріңіздің естеріңізде шығар. Біз сияқты ши борбайлар мен жалбыр шаштар екі бастан… Кешкі алты болса «Юсуф» көреміз деп экзаменнің консультациясына бармай қоятынбыз. Бәрінің аузында «Юсуф», «Юсуф» емес-ау, «Есуф». Үлкендер жағы «Жүсіп» десетін. Сосын «Торғай».