«Қарғыстың өзі тілек еді ғой!»

Қарғыс, ғайбат айтуды біздің қазақтан асырып айтатын ел жоқ па деп қаласың кейде. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің өзі: «жер жүзінде қазақ әйелдерінен басқа бір әйел құдайын қарғай алмайды» дейтіні бар.
«Әке-шешенің баласына және зұлымдық көрген адамның залымға жасаған бетдұғасы (қарғысы) қайтарылмайды.» делінген екен хадисте. Яғни, кез-келген уақытта Алланың қалауымен қабыл болып кетуі мүмкін. Шешенің балаға ашуланғанда айтып жататын сөздеріне тереңінен үңілмей үстіртін қарап жатамыз. Бәріміз де бала болдық. Балалықпен бірдеңені бүлдіріп қойсақ әжелеріміз қалай ұрсатын еді: «Өй, бар болғырлар», «Тұқымың құрымағыр», «көсегең көгергір», «Әкең аман болғыр», «өркенің өскір» т.б. Бұндай сөзге ренжіп жатқан біз жоқ. Осындай қарғыс естіп өскен біз недеген бақытты едік. Қарғыстың өзі тілек еді ғой. Үлкендердің ақылдарына, сөздік қорларына қалайша таң қалмайсың?! Ал, қазіргі жастардың баласына ұрысқандағы сөдерінен адам шошиды: «оңбаған», «өй, құрығыр» т.б. Осы сөзді естіген бала не болады?! Өз баламыз ер жеткенде оңбай кетсе кінәні кімге жабамыз?! Әр сөзімізге абай болайық ағайын! Қарғыстан Құдай сақтасын.

«Өздеріңе, бала-шағаларыңа және мал мүліктеріңе бетдұға етпеңдер! Дұғаларың қабыл болатын уақытқа тура келіп бетдұғаларың қабыл болады.» (Мүсілім)

«Жақсыға жаным құмар әрқашанда,
Жақсыға жақсы тілек арнасам ба?
Жақсы бол деп қарғашы досым сен де,
Бір күні бір жаманды қарғасаң да!»
(Қ.Медеубаев)
Әрі қарай

Жұлдызды тілек

Қыркүйек айының үшінші жексенбісінде жыл сайын «Отбасы күні» мерекесі тойланады. Биыл 14 қыркүйекке келген мереке ауқымды түрде тойланды десе де болады. Бұрын көпшілік назар аудара бермейтін мереке биыл көпке белгілі болды.

Әрбір шаңырақ шаттыққа толы болсын! Отбасыңыз баланың былдырынан арылмасын!

Отбасы күні мерекесімен жұлдыздар да құттықтайды.

Әрі қарай

Бақытымды таптым мен

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым менӨмір тосын сыйға толы. Күніне қаншама адаммен кездесіп, қаншама адаммен қоштасып жатамыз. Екінші рет көруім мүмкін емес деп ойлаған адаммен екінші, үшінші рет жолығып қалып, уақыт өте келе өмірлік серігіңе айналып кетуі де ғажап емес. Бұрын мен үшін бейтаныс адам бұл күндері мен жақсы көретін, сыйлайтын, құрметтейтін жарыма айналды.

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым мен
Өз басым оны тағдырлы адам деп санаймын.
Әрі қарай

Қандай сайтты қалар едіңіз?

ҚазНетте бір-бірінен тек тақырыбен ғана ажыратылатын сайттар көбейіп кетті. Бұл жақсы да шығар. Өз басым, жалықтым. Бұларды «жоба» деп атауға келмес, өте баяу дамиды, табыс та әкелмейді. Қанша жерден мықты жүйе болғанмен сайтың жайлы админдер қайсың ауыз толтырып айта аласың? Орташа сапа, орташа талап, орташа өмір — ешқашан прогресске әкелмес. Жаман да болсын, бәлкім, өзіміздің «ориджинал» жобамызды жазамыз???

Сонымен, сіздің қалауыңыздағы сайт қандай болуы мүмкін еді??

Қиял, тілектер жаудыра берулеріңізге рұқсат!
«Алдыңа бір пост қойдық, пернетақта бос қойдық»))

P.S: Жазба өте жылдам жазылды. Артық кетсем, айып етпең. Кейін бір сүзіп шығармын.

Upd: Жазбадағы мақсат Қазнет сайттарын даттау емес, жалпы, шығып жатқан жаңа сайттарға пікірім және өзге қолданушылардың қалауын білу ғана.
Әрі қарай

Тілек

Биылғы қыс жаныма мұң сыйлаған
Мен енді терең деммен күрсіне алам
Әжем кетті Фәниден Бақи жаққа
Кеудеме шуақ құйып, нұр сыйлаған

Көктемде қуантпады жылдағыдай
Айымның сол жағымнан туғаныма-ай
Мамыражай мамырда атам кетті
Болар деп кім ойлаған тура былай?!

Демеймін әлі шикі бозөкпемін
Келмейді бірақ жылап безектегім
Жаныма бір жылылық сыйлаңдаршы
Жаз бен күз күтіп тұрған кезектерін
Әрі қарай

Өткен мен болашақты жалғастырған бата

Дастархан төрінде денелі ата отыр. Үстіне киген шапанның екі жақ өңірін бел тұсынан ұстап, үлкен қарнының үстіне кере қапсырып:
-Үйдің кішісі қайда, бата сұрасын, -деді.
Үстел басындағылар алақандарын жайып, бата бергенін тосуда.
Үйдің кішісі атаның дәл жанына жүгіріп келіп:
-Иллә әмин!, -дегенде, ата батасын бере бастады:
-Сұрасаң, бата берейін, -деп айта бергенде, атаның көз алдына осыдан жетпіс жыл бұрын орын алған оқиға көріністері жүгіре жөнелді.
Әрі қарай

Көкейдегі ой немесе ірі бизнес иелері болған жастар.

Мен мектепте оқып жүргенде,Қазақстанға келген инвесторлар туралы көп естейтінмін.Бірақ инвестордың кім және міндетінің қандай екенін білген жоқпын. инвестор — ақшасы көп адам екенін сезетінмін.Бірақ ойлайтынмын, инвестор міндетті түрде шет елдің адамы болу керек деп,өсе келе олай емес екенін түсіндім. Кейде сол елімізге көмектесуге келген инвесторлардың оғаш қылықтарын, қазақтарға нашар қарайтынын естігенде қаным қайнайтын.Мен сол шетелдік инвесторлардың орынында болуым керек деп есептейтінмін.Әрине, оның қалай болатынын білген емеспін.Бірақ көкейімде ой болды, егер менде инвестор болып, адамдарды жұмысқа алатын адам болсам, халқыммен ең болмағанда нанымды бөлісемін ғой деп.(Себебі, мен естігенде шет елдіктер қазақ жұмсшыларына қарағанда екі есе жақсы,әрі құнарлы тағам мен арнайы таза, басқа жерден әкелінген су ішеді екен) Міне, сол ой әлі де арманымның алыбына айналды. Әлі тірі болсам, еліме қызмет етіп, қаражат мәселесінің шешілуіне аз да болса да үлесімді тигізетініме сенемін. Мен осы ойымды жүзеге асырамын! Аааааааааааааааааааа!!!
Және мен көрген адамдардың кішкене болсада проблемасын шешіп,өздері де үлкен бизнес иесіне айналған орыс жастары туралы видеоны сіздермен де бөліспекпін. Маған ұнады, сіздер ойларыңызбен бөлісе жатарсыздар! www.youtube.com/watch?v=VKyDA2iyFjs
Әрі қарай

Фляк-фляк бақыт

Кеше әкемнің үлкен апасының (әпкесі) үйіне бардық. Бұрындары өз үйім болмаған кезде сол үйде бір жылдай жатып жұмыс істегенмін. Әр ненің басын шалып отырып көкем (ол кісіні Көке деп атаймыз бала кезімізден) маған бір құттықтау қағазын (открытка) ұстатты. Ішінде мені туған күніммен құттықтаған текст бар екен.«Мына кісі жасына жетпей алжыған ба? Туған күніме әлі 2-3 ай бар ғой» деген арам ой сумаң ете қалды іште. сөйтсем бұны маған 2005-ші жылы ауылдас балалар сыйлаған екен. Ауылдың қыздарының, достарымның басын қосып туған күнімді тойлаған болатынмын.
Тілекте әлемдегі жақсылықтың барлығын, мол денсаулық, фляк-фляк бақыт, адал махаббат бәрін тілепті. Бұның бәрі дұрыс қой, айтқандары келсін!
Астында 50-60 мың теңге айлық, бірдеңе-бірдеңе байлық деген жолдары бар екен.
2005-ші жылы мен көп болса 20 мың алған болармын қолыма әлде 23-25 болар.
Ана тілеген айлықтары қазіргі менің айлығым. Тура 60 мың. Тбаймайттар 150-200 мың тілей салса несі кетеді?! қағазға жаза салу қиын ба?
Суреттің сілтемесі
Әрі қарай

Күзгі тілек

Күз сығалап тереземнен, басқысы келеді еңсені
Күзгі көңіл-күй жайлап та алған кеңсені
Ал, көшеде… адамдар жүр түнерген
Шөгіп кеткендей ғимараттар да еңселі

Нөсерлетпекші, балаққа жағып батпағын
Өткен жаздай, өмір деген де қас-қағым
Үйкесем түсер балақтағы балшықтар
Қайтсем кетер арыма түскен дақтарым?!

Құссыз сұр аспан, қарғалар ғана бұтақта
Жаз болмағандай, сұрғылттық басым бұ жақта
Уа, Жаратқан! Бар әлемнің тірегі!
Мына біздей Пенделеріңді жылатпа!

Тілегімді қабыл ет, намаз оқымаушы едім бірақта…
Әрі қарай