Skyfall: Аспан құлаған кез



Бонд, Джеймс Бонд күңгірт кеңсе, күйбең тірліктен сұрқай тартқан көрерменге қымбат көлік, сұлу қыз, деміңді алар қым-қуыт шпиондық өмірден ләззат алатын, қарапайым пенде көзбен көріп, қолмен ұстамаған соңғы технологиялармен жабдықталған еркектің сырттаны бейнесін елу жыл бойы сыйлап келеді. Ресми түрде 23-ші бондиана болған «Скайфолл» «Американдық сұлулық», «Өзгерістер жолы» секілді адам жанының ұңғыл-шұңғылына үңілуге тырысқан күрделі драмалардың «иесі» Сэм Мендестің құзырына берілді. Бұл фильмнің бағы да, соры да болған секілді.
Әрі қарай

Жылап та алдым...

Ди Каприо мен Кейт Уинслет жұп болып ойнаған «Дорога перемен» атты фильмнен қатты әсер алдым. Шынайы өмірді соншалықты боямасыз бере алуы, жігерсіз еркек пен өмірден нені қалайтынын өзі білмейтін әйелдің өмірін көрерменге жеткізе алған режиссерге (Сэм Мендес) ырза болдым.
Біз қорқамыз… Бетке айтып, шындықты мойындағымыз келмейді… Армандарымызға қол жеткізе алмайтынымызды біле тұра, түрлі себептер іздеп, әйтеуір өз-өзімізді ақтайтынымыз шындық… көріңіздер, мүмкін өздеріңіздің көргіңіз және мойындағыңыз келмейтін тұстарыңызды байқарсыздыр…
Әрі қарай