Флешмоб-Протест: Қаншадан болып жатыр?..

Ақпараттық қауіпсіздік: Флешмоб-Протест: Қаншадан болып жатыр?..

3 күн бұрын Фейсбукта «Биыл магистратураның ағылшынынан өтіп кету қаншадан деп жатыр?» деген пост жазып, білім саласындағы қазіргі актуал мәселеге назар аудартқым келген еді. Шынымен жиі естиміз магистратураның ағылшыннан емтиханы сыбайлас қамқорлықпен өтетіні туралы. (Қаласаңыз магистратурада оқитындардың ағылшынша деңгейін тексеріп көріңіз.)

Осыдан кейін бүгін бір уақытта бірнеше блогер #ҚаншаданБолыпЖатыр хэштегімен түрлі тақырыпта посттар шығардық. Хэштег лезде танымал болып кетіп, 3 сағат ішінде 50-ден астам пост жазылды. Посттардың дені қоғамдағы коррупция көріністеріне әжуа болғанымен негізінде осы мәселеге назар аударту, атап өту — мақсат болды. Нәтижесінде қай салаларда, қандай тұрмыстық мәселелерде парақорлық қатты байқалатынын көруге болады. Жиі аталғандар: жұмысқа тұру, емтихандардан өту, балабақшаға орналастыру, пәтер кезегі. Сондай-ақ сұрақты тура мағынасында қолданып, пойыз билетін, азық-түлік бағасын сұрағандар да бар. Ештеңесіз жәй трендке еріп те хештег қолданғандар байқалды. Ал, жалпы хештег өзінің протест мақсатына жетті деп ойлаймын. Күзетшілік пен медбикеліктің өзіне ақша сұрайтын бұл қоғамда басқа қандай "қызмет" түрлері қаншадан болып жатқанын мына жерден қараңыз: #ҚаншаданБолыпЖатыр
Әрі қарай

Жоғары Оқу Орындарындағы сыбайлас жемқорлық туралы 10 дерек

2014 жылы «Нұр Отан» партиясының «StopҚылмыс» жобасы аясында «Жас Отан» Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау мақсатында «Таза сессия» атты акция өткізді. Акция барысында 26/05 — 10/06 аралығында еліміздің 14 облысы және Астана, Алматы қалаларындағы студенттердің қатысуымен аноним сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша қатысушылардың 90 пайызы ЖОО-да жемқорлықпен таныс екендерін айтқан.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша партия 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасына Жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша жария рейтингін шығарып отыру енгізілді.

Антикоррупция: Жоғары Оқу Орындарындағы сыбайлас жемқорлық туралы 10 дерек

Сауалнамаға еліміздің 62 ЖОО-нан 1200 адам қатысты. Оның 47% еркек, 53% әйел жынысты.

Сауалнамаға қатысушылардың орташа жасы 20 жас. Қатысушылардың 93,4% бакалавриатта, 5,2% — магистратурада, 1,4% — докторантурада білім алады.

Респонденттердің 40% грантта, ал 60% коммерциялық негізде оқиды.

Бір ЖОО-да 12 мың теңгеге бір сабақты шешуге болатын болса, кейбір ЖОО-да бұл сомаға сессияны түгелімен жабуға болады.

Жалпы, республика бойынша сессияны тапсырудың орташа құны 29 000 теңге. Бір сабақ бойынша проблеманы шешу құны шамамен 5000 теңге.

Курстық жұмысты сатып алудың орташа бағасы шамамен 13 000 теңгені құрайды. Ал ең арзан нұсқалары 2000-3000 теңгеден сатылады.

Республика бойынша дипломдық жұмыстардың орташа бағасы 60 000 теңге. Ең арзандарын 30 000 теңгеге сатып алуға болады. Басқа қаладан келгендер үшін жатақханадан орын алу көкейтесті мәселе. Бұл проблеманы шешудің құны орташа есеппен 15 000 теңгені құрады.

ЖОО-дағы парақорлықтың тағы бір түрі ақылы негізден грант бөліміне ауысу. Білім алудың ақылы формасынан грантқа ауысудың құны 500 000, кей аймақтарда бұл сома 100 000 теңгені құрайды. Орташа есеппен грантқа ауысу құны 250 000 теңге.

Парақорлықтың тағы бір кең тараған түрі – әскери кафедраға түсу және оқу. Бұл үшін орташа есеппен 500 000 теңге төлеуіңіз қажет.

Студенттердің пікірінше ЖОО жемқорлықтың негізгі себептері:
  • студенттердің оқуға қызығушылығының болмауы (20,8%);
  • бақылаудың болмауы (18,3%);
  • оқытушылар құрамының жалақысының төмендігі (17,3%);
  • кәсіпқойлық деңгейінің төмендігі (12,6%)

Жемқорлық негізінен мына кезеңдерде кездеседі:
  • рейтинг және емтихандар кезінде (21,1%);
  • сабаққа қатыспау (9,4%);
  • курстық және дипломдық жұмыстарды тапсыру (6,4%).

P.S. Аталған акция дәстүрлі түрде биылғы жылы да өз жалғасын тауып, барлық аймақтардың оқу орындарында өткізіліп, қазіргі таңда деректер өңделу үстінде.
Әрі қарай

Парақорлық – қауіпті дерт

Парақорлық, сыбайлас жемқорлық жайлаған елде әділетсіздік, имансыздық, қызғаныш қаулап тамыр жаяды. Осының кесірінен, басшы мен қызметшінің және өзге де адамдар арасында шынайы рухани достық жоғалып, уақытша жалған жақындық пайда болады. Нәтижесінде, уақыт өте олар бір-біріне сенімсіздік білдіріп, сатқындық жасап, ақиқаттан адасып, қоғамда тыныштық бұзылады. Пара алған адам жеңіл жолмен келген ақшаны қайта -қайта тапқысы келеді. Абай атамыз айтқандай қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ. Пара алушы да беруші де қазақ халқы (қазақстандық халық). Пара бір адамның өз ісінің алға басуы үшін басқасына берілген заңзыз ақша немесе пайда.
Пара өзінің хақысы болмаған бір нәрсені қолға келтіру үшін беріледі.
Әрі қарай

Парақорлық этюдтері. Акт #1: Қазандық операторы Сергей.

Газ қазандығының қандай қауіпті екенін мынадан білуге болады: оған жұмысқа тұратындардың дүкіменттерін менттер де тексеруші еді. Әйтпесе толық бір ауданның күлін көкке ұшырып жіберуге болады.
Сөйтіп, N. қаласының газ қазандығына бір Сергей деген орыс жігіт келеді.
Әрі қарай

Секс парақорлыққа қарсы



«Наши» деп аталатын жастар қозғалысы белсенді қыздардың қатысуымен антипарақорлық күнтізбе шығарыпты. Күнтізбе «Секс против коррупции» деп аталады, ол жерде қыздар ішкиімдерімен фотоға түскен. Күнтізбелер 16 сәуір күні парақорлыққа қарсы митингте таратылады дейді.
Әрі қарай

ЖОО-дағы келеңсіздіктер

Қазір қай ЖОО-нына бас сұқсақ та парақорлықты көреміз. Аттестация мен сессияға жақындаған күндері оқытушылар, жастардың тілімен айтқанда «қатая» қалады. Кейбір «ұстаздар» тіпті шын өз күшімен оқып, 5-тік бағаға лайық болғысы келген студенттерді жақтырмайды, тіпті құлатуға тырысуы да мүмкін. Парақорлық дендеген жерде қандай білім мен тәрбие туралы айтуға болады. Оқытушылардың пара алуын жалақының аздығымен байланыстыратындар бар. Әрине, айыратын нәпақалары көңіл көншітпейтіні рас, бірақ дегенмен де мүлде ақша алмай қызмет істеп жүрген ғалым-ұстаздар баршылық. Олардың киімдері де, өздері де қарапайым. Жаяу жүреді. Бірақ ары таза.
Әрі қарай