Мақсат күлдіру емес



Алдында Крис пен Олиден сұрағанбыз сіздер флудпен, троллингпен қалай күресіздер деп. Олар негізі сұрақты түсінбеді, яғни ондай мәселе жоқ деді олар. Оларда өйткені бір қолданушы этикасы бар, басқаны сыйлау, басқаның ойын сыйлау түсінігі бар. Ал бізде өкінішке орай бұл әлі мәселе болып келе жатыр. Мақсат басқаларды күлдіру сияқты болып тұрады. Күлу, күлдіру әрине жақсы, Құдайға шүкір күлдірткіш таланттардан кенде емес екенімізді де көріп жүрміз. Бірақ, осыны азайтсақ қайтеді? Күлкінің де реті бар ғой, күлдіруге, күлуге арналған посттар да жетіп жатыр. Салмақты тақырыптар, каменттерді де әрі қарай келеке, мазақ қылып кетпесек қайтеді? Одан да сол тақырыпта жақсы ойымызды жазып, басқаның ойына да құрметпен қарасақ жақсы емес пе? Бұл жерде бәрі бір ойда болуы мүмкін емес қой, пікір жазу, пікірталас та сол үшін емес пе адамдар салиқалы пікірталас жасаулары керек. Бұлай кете берсек сайтымыз арзан сайттардың бірі болып кетеді.
Әрі қарай

Минус бір

Осы сайтты ластамай салихалы әңгімелер жазсақ қайтеді?
Не болса соны талқылауға әуеспіз, қарап отырсам.
Шіли офтопик, утір нүктеге ілініскен жастарым ұсақталып кеткен бе деймін.
Жазылған мақаланың пікірлерінен бір-бірімен жарысып санасудан басқаны көру мүмкін емес
Осы төңіректе ойланып көрейікші.
Әрі қарай