Суреттер сөйлейді

Айналамызға зер салып қарар болсақ, өмірдің сәулелі сәттерін аңғара білмейтін көзі бар соқыр, тіршіліктің жанға тыныштық сыйлайтын сазды әуендеріне құлақ түре білмейтін құлағы бар керең, сөйлейтін жерде сөйлемей қалатын тілі бар мылқау, өмірдегі өз орнын таба алмай адасып жүрген рухани мүгедек жандарды кездестіруге болады. Өмір сынағына мойымай, сүрінсе тұра біліп, үмітін үзбей, алға жылжи білетін мына бір адамдар шынайы бақытты жандар болар, бәлкім… Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні ретінде атап өтіледі.



Әрі қарай

Үнсіз әлем

Купеден шығып, шетсіз де, шексіз даланы тамашалап тұрғанбыз. Вагонға баяғыдан таныс ағай кірді. Кітаптарын тастап кетті. Поезға мінген сайын ол да саудасын жасап жүреді. Мұңайып жүргенін көрген емеспін, үнемі күліп жүреді. Жұбайым қарап-қарап бір шөп дәрілер жинағын алды. «Бір жерің ауыра ма, не үшін алдың, әлде анаңа ма?»-деп сұрадым. «Жоқ, ана кісіні аяп кеттім. Менің қол-аяғым сау болса да, құлағым естіп, көзім көрсе де, сол сияқты үнемі күліп жүре алмаймын»,-деді. Жұбайымды одан да қатты жақсы көріп кеттім. Қазір үйге барған соң, жақсы көретін палауын дайындамасам…
Әрі қарай

Мұңды мылқау

Қайсар ағай азық-түлік дүкенінде біраз жылдан бері грузчик болып жұмыс істейді. Мемлекеттен алатын жәрдемақысы аздық ете ме, әлде қол-аяғы сау болғасын үйде отыра беруді жөн санамай ма, дүкенде жұмыс жасап қосымша нәпақа табады.
Әрі қарай