Джек Воробей, Алдар Көсе, Остап Бендер - трикстерлер

Трикстер (ағл. trickster — суайт, жылмаңдаған адам) — жақсы да болса жаман, жаман да болса жақсы адамдар, образдар, кейіпкерлер. Мысалы, Алдар Көсе, Джек Воробей, Остап Бендерлер 100% «положительный» адамдар емес.


Яғни олар Атымтай Жомарт, Уилл Тернер /«Кариб теңізінің пираттарындағы» басты идеал кейіпкер/ емес. Оларға тура қарама-қарсы деп те атауға болады. Алайда трикстерлер халықтың сүйіктілері болып келеді. Тіпті адал, батыр, моралі мықты кейіпкерлерден гөрі халық қу, ары алдында көп жауап бермейтін трикстерлердің фанаты болады. «Кариб теңізінің пираттары» фильмінің продюсерлері Джектің көрермен сүйіктісіне айналғанына қатты таңғалған. Яғни трикстер басты кейіпкерді ығыстырды деген сөз. Дәл солай Остап Бендер бүкіл кеңес халқының сүйіктісі.
Трикстерге «Мастер мен Маргаритадағы» сатана Воландты, «Маска» фильміндегі Джим Керридің кейіпкерін, «Бэтмендегі» Джокерді,«Желмен әкеткендердегі» Ретт Батлерді, Дәрігер Хаусты және т.б. жатқызуға болады.
Трикстерлер көбіне нағыз эгоисттар, қу /кейде аңқау, топас та болуы мүмкін, Иван-дурак сияқты/, өте ақылды, ерекше шармы мен харизмасы болады, олар адамға тән махаббат, достық деген сезімдерден тыс немесе тыс болуға тырысады. Алайда олар жасырын романтиктер, сезімдері жүректерінің ең ең ең түкпірінде, тіпті байқалмайды, олар «жалған адамгершіліктен» ада, өз-өздерін алдамайды, «остаются самим собой».
Керекинфодағы трикстер образы Сатыбалдыдан көрініс табады.
Негізі кинодағы трикстерлердің образы мифология мен діндегі трикстерлер архетипінен шыққан. Википедияны осы тақырыпта ақтарсаңыз, әр елдің аңыздары мен халық ауыз әдебиеттерінде трикстерлер болғанын байқайсыз.
Ал әдебиеттегі трикстерлер ол бөлек әңгіме. Әзірше Ретт Батлерден басқа ешкім есіме түспей отыр. Бейімбет Майлиннің кейбір әңгімелеріндегі кейіпкерлерді алуға болатын шығар.
Әрі қарай

«Титандардың қаһары»? Жоқ, естімеппін



«Грек мифтері мен аңыздары» дейтін қалың кітапты әлі күнге жата-жастана оқимын. Әлі есімде, алтыншы әлде бесінші сынып, түні бойы Трояға болысқан Гефест пен Аресті ойлап, уайымдап шыққанмын. Қысқасы, жартылай жалаңаш грек құдайлары мен қаһармандары туралы кез келген дүние көңілімді өзіне тез аудартып ала алады. Күні кеше қазақстандық прокатқа жол тартқан «Титандардың қаһары» да назардан тыс қалмады.
Әрі қарай

Гесиодтың "Бұлбұл мен қаршыға" атты драмасы

Бұлбұл бірде қаршығаға келіп:
— Сен мен сияқты ән сала алмайсың! — депті.
Сонда қаршыға:
-Иә, бірақ мен сені жеймін ғой -деген екен.

(Ептібайымайдтар, сонша қарапайым әфсана екен деп сөкпеңдер нақ! Осыдан 5 000 жыл бұрын осындай шедевр жазуға екінің бірінің басы жете бермеген, нақтың!)
Әрі қарай