Еңбектеніп тапқан "кәмпитім" демес
Біздің үйде той! Бір емес екі бірдей жақсы көретін жандарымның мерекесі. Менің отбасым қаржыгерлердің мекені, анамның жолын қуған ағам да осы салада.Тек ақ қарға болып жүрген жалғыз мен ғой (оған өкінбеймін арманыма қол созып, қалаған мамандығыма


Балаларыңызға осыған ұқсас өндірушісі белгісіз кәмпитті сатып алудан аулақ болыңыздар. Жақында қызым қиылып сұраған соң, тіпті не зат екенін қарамастан алып бергенмін. Келесі күні бақшадан тәрбиешісі соғып, құсып, ауырып жатқанын хабарлады. Жаным шығып балалар емханасына соқтым, ондағылар көліктері сынып, шақыруларға дәрігерлер бара алмайтынын айтты. Сасқанымнан ең болмаса бала уланғанда не беру керекгін сұрап едім, жедел жәрдем шақыру керектігін меңзеді. Содан жүрегім аузыма тығылып, бақшадан қызымды алып кеттім, тым жақсы жүрді сол күні, бірақ келесі күннің таңынан бастап тағы құсты, содан күнұзақ ұйықтады да қойды. Айтайын дегенім, бізден ерекше жегені сол кәмпит қана болған. Сыртында ештеңе жазылмаған, кім, қайда шығарылғаны белгісіз тәттілерден сақтанғайсыздар. Менің қатемді қайталамаңыздар!
