Бастаманың кілті
1.Мүмкіндікті бағалаңыз.Оны жүзеге асыра біліңіз.
2.Кругозорыңызды кеңейтеңіз.
3.Табысқа апарар жолды іздестеріңіз.
4.Өмірлік мақсаттарыңызды жоспарлаушы болмаңыз.Жоспар-айқындылықты күшейткенмен, жолыңыздан жаңылыстырады.
5.Өзіңізді төмен бағаламаңыз.
6.Кез-келген адам қабілетті болып келеді.Бірі-тумасынан, бірі-қоршаған ортасынан.
7.Сіздің көңіл-күйіңіз стресстен құтылуыңызға көмектеседі.Сол себептен, күлімдеңіз.
8.Ортаңызды қабілеті жоғары жандармен толықтырыңыз.
9.Шешім қабылдамас бұрын, жан дүниеңізге құлақ асыңыз.Әрбір істі бастамай тұрып, «неліктен?»сұрағын өзіңізге қойыңыз.
10.Сыннан қорықпаңыз.
11.Ой таразысын тазалаңыз.
12.Бірнеше жұмысты бір уақытта атқаруға тырыспаңыз.Әуелі, маңызды іспен айналысқаныңыз дұрыс.
13.Мидың міндеті-ойлау.Алайда, ол кейде арнасынан ауытқиды.
14.Жеңіс тұғырынан қол үзбеңіз.
15.Белсенді тыңдаушы болыңыз.Әрбір тұлғаның айтқан кеңестерін іштей саралап, қорытындыға келіңіз.
16.Жоспарларыңызбен бөлісуші болмаңыз.
17.Есіңізде болсын:өзгеріс енгізу үшін тәртібіңізді емес, мінезіңізді түзеңіз.
18.Қарым-қатынаста ашық-жарқын болыңыз.Ойыңызды бүкпесіз жеткізуге тырысыңыз.

«Махаббат, қызық мол жылдар» романы қазақ оқырмандарының ішіндегі ғашық бола білген әрбір жүрек иесінің жастығының астына қойып, сүйіп оқитын кітабы бола білді. Ондағы кейіпкерлер, олар арасындағы кіршіксіз сүйіспеншілік, махаббат оқиғалары талай оқырманның көзіне жас алдырғаны белгілі. Шығармадағы Ербол мен Меңтай өмірде болғанымен, жазушының мұншама ғашықтықты қолдан жасап, құйып шыққан тұлғалары. Шын мәнінде Ерболдың (Әзілхан Нұршайықов) Меңтайға (Нұрғалима) деген сүйіспеншілігі, шексіз құрметі бөлек әңгіме. Ал негізінде бұл романдағы Меңтай образын сомдауда аяулы жары Халиманың болмысы әсер еткендігін жазушы сұхбаттарында да айтады. Енді осы қос ғашық жайлы әңгіме өрбіткенді жөн көрдік. Ғашықтардың танысуы әуелде былай басталыпты: Әзілхан Нұршайықовтың өз әңгімесінде ең алғаш рет 1936 жылы он төрт жасында Орынкеш есімді қызға ғашық болғаны жайлы айтылады. «Үш жыл ішінде Орынкешке 100 хат жазыппын» дейді тағы бір әңгімесіне. 1939 жылдың соңына дейін ғашықтық сезімі үзілмеген бала ғашықтардың соңғы әңгімесі Әзілханның Халимамен танысуына мұрындық болады.
