Адамгершілік туралы


Алматы. Наурыздың бірі. Әр күнгідей аялдамада көп адам. Сығылысып ілініп автобусқа кіріп алдық әйтеуір. Аяғымыз үш аялдамадан соң жерге түсті. Студенттер, егде адамдар, оқушылар басым көпшілігі. «Бүгіннен бастап жүру құны барлығына бірдей 50 теңгеден» деп жүргізуші көңілді күйін танытып жарияға жар салып жатыр.
Адамдар: — Студенттер мен пенсионерлерге 25 теңге гой.
Әрі қарай

Ұятсыздықтан заң да ұялады

Кеше емес, арғы күні. Түнгі сағат төрттің шамасы. Компьютерде жұмыс жасасам да, телебезердегі тамашадан құр қалмайын деп қосып қоямын… “ Рен ТВ” арнасында саяси-сатиралық шоу болды. Бір сықақшының “Жер адамдардан жалықты. Негізі, адамдардың оны жалға алу мерзімі 2000-шы жылдары бітіп қойған сияқты. Содан да, міне 11 жылдан бері ол бізге “шық та шық, жаңа тұрғындар” келеді деп асықтырып жатыр. Цунами, жанартау, жер сілкінісінің көбеюі — бұл жай ғана сыпайы ескертулер” дегентезисі ұнап қалды. 
Әрі қарай

Сәуірдің үші. "Сайлау" спектакльі

Апыр-топыр… адам түсінбейді. Алдымен референдум деп “ реңіміз” кіріп қалып еді, қаңтардың 31-інен бері алдын ала сайлау деп алаөкпе болып жатырмыз.Сайлау болатыны белгілі болған сағатта оппозиция қатарындағы ойлы азаматтың бірі өкінішін білдірді. “ Референдуму нет” деген жазу басылған 10 мың дана күнтізбе мен төсбелгілер дымға жарамай қалатын болды деп жыларман болды. “ Енді басқа жазу жазса болмай ма?” десем, болмайды екен…
Әрі қарай