2 жұлдызға шолу

Қазақстан теле каналынан шығатын екі жұлдызды көп көрмеуші едім. Бірақ маған программаға қатысқан барлық жұлдыздардың ішінде екі ғана жұлдыз жақсы ұнады. Басында оларды тіпті танымайтындамын. Осы шалмен кемпірге не керек екен, пенсияларын алып үйлерінде жатпайма деп ойлайтынмын (Ордабаевтар отбасы).

Қателесіппін менің шалмен кемпір деп жақтырмай жүргенім нағыз жұлдыздар екен. Оны олар финалға жақындағанда программадан шығып қалған соң Ордабаевтар отбасы Жантемір Баймұхамедов және Нұргүл Нұғманова деп таныстырғанда бірақ білдім. Таң қалдым жап жас жігітпен қыз. Міне нағыз өнер, нағыз дарын. Сосын интернетке Жакенмен, Нүкеңнің аттарын толық жазып Гүглге сілтеме жасадым. Мыналарды таптым.
Нұргүл Нұғманова



Жантемір Баймұханов актер, әнші, шоумен. Сайты — http://jantik.kz/

p.s. Бұл екеуінің өнерлеріне шыныменде тәнті болдым.
Әрі қарай

Асығыс жасалған жоба!

«Екі жұлдыз» басталды тағы да. Нешіншісі екенінен шатасып қалдым шынымды айтсам. Әрбір жерінен бақылайтынмын бұрындары да(Бір қатын, бір телебзірге қараған күнің құрысын!). Асығыс жасалғаны көрініп тұр.
Жанболат пен Жазира.Неге олар? Ол кісілер онсызда бірге ән айтып жүрген жарасымды жұп қой. Қызықтырақ болар еді, егер: Қыдырәлі мен Жазираны, Жанболат пен Қарақатты жұптастырса...«А-лау» дует жайлы да осыны айтар ем…
Әрі қарай