Сусындау...
Басқа-басқа өзімнің «Сусын» деп есептейтін сусындарымның ішінде қатып қалып, басқасын жиып қойып, талғап жүріп ішетін сусыным жоқ екен. Әйтеуір спиртті ішімдік болмаса болды. Сусынның қадірін алыс жолға шыққанда білесің. Шіліңгір шілдеде, болмаса тамылжыған тамызда қаларалық автобусқа сусынсыз міну өз-өзіңді азапты өлімге қиюмен тең дүниенің бірі. Бұндайда мөлшерсіз көп сусынды да ала алмайсың. Көліктің келесі тоқтайтын нүктесіне дейін жететін сусын алып алып, соны ептеп ұртап отыруды әдетте айналдырғанмын. Менің қалааралық автобусқа сирек те болса мініп тұрған кездерде баратын екі нүктем бар. Бірі Балқаш, екіншісі Жаңаарқа. Біріншісі Қарғанадыдан 400 шақырымдай жерде, екіншісі 200 шақырым мұғдарында. Жолға шығарда әрбір ұсақ-үйекке мән беріп, «Ананы ұмытқан жоқсың ба, салып қойдың ба ?» деп келіншегін мазалай беретін жанның бірімін. Жолдан бір күн бұрын ұйықтай алмаймын. Жолда ұйықтағанды ұнатамын. Бейтаныс жерге бара жатпаған соң жолды басқаша қалай қысқартасың?!
Құлағыма «Емпүшімнің» құлақтығын тағып алып ойға шомамын. Иә, иә, жаңылыс оқыған жоқсыздар. Музыка тыңдай отырып ойға шомамын. Қаланың кранынан тамған суды ішіп отырып, жайлаудағы Тасбұлақтың суын армандайтын мен, алыс жолдарға арнайы музыкалар жазып аламын…
… Саржайлауым менің,
Жан жайлауым менің,
Ән – жайлауым менің.
Беу-беу, Сарыарқа!
Аққу аңсап қонған
Ақ маңдай көлдер.
Сал самалы саумалдай болған
Мақпалдай белдер.
Бал бұлағы есіліп аққан-оу, Сарыарқа,
Арғымағы көсіліп шапқан-оу,
Аңыз дала, Абыз дала,
Қобыз дала, Сарыарқа!..-Бекболат ағамның орындауындағы Ақселеу атамыздың осыбір әнімен сусындап отырып әрнені ойлап кетемін. Өзімнің балалығым қалған Сарыарқаның бір пұшпағы Жаңаарқаның Қарасу жайлауында өткен балалығым көз алдымнан зуылдап өтеді. Расымен де мен осы жайлаудың төсіндегі әр бұлақтың суына сусындап өстім. Суын ұрттасаң миыңды аузыңа түсірер тастай суы бар, таудың етек жағындағы тастардың арасынан ағып жатқан Тасбұлақтың, қанша ұртасаңда шөлің қанбайтын, таңдайыңа сіңіп кете беретін әнебір төскейдегі Төсбұлақтың, болмаса Қарасу бойындағы құдықтағы қара суды сіміріп ішер ме еді… Арғымақпен көсіліп шапқанда тұяқ астында дөңгелеп, артыңда бұлдырап қала беретін белдерге тағы бір мәрте барып, дәл солай көсіліп шапқың келіп кетеді… Бірақ, автобус бір ыршып секірген кезде өзіңнің қалааралық автобуста келе жатқаныңды, қолыңда бұлақтың емес, қайдан құйылып алынғалы белгісіз газсыз сусыныңның бар екені есіңе еріксіз түседі. Ол кезде өзімнің «Блогиадаға» қатысатынымнан хабарым жоқ, сондай-ақ әйтеуір бір турдың тақырыбы «Сусын» болатынынан да бейхабар болсам да бүйірінде «Tassay» деп жазылған сусынымнан бір ұртап қойып, шөлімді бір басып алып, халық әндерінен сусындауды әрі қарай жалғастырып кетемін…
… Айбозым, айхай бозым, даңғыл бозым,
Ел шалғай, жүре алмадым, жалғыз өзім- деп Біржан шау тартқан кезінде бір егілген екен. Осыбір әнді бала кезімде атамның қара радиосынан сан рет тыңдадым. Мағынасын жете түсіне алмаған едім. Түсінгенім автордың атымен сырласып отырғаны ғана. Менің балалығым өткен жайлауда свет, тоқ деген атымен жоқ. Өзім құралпылас балалар да жоқ. Мен де астыма мінген атыма «Тайбуырылым менің, қазір ауылға шауып барып келе қойсақ ешкім біліп қоймайды ма? Сенің неге ертегідегідей «Астыңғы ернің қыбырламайды, үстіңгі ернің неге жыбырламайды? Кластастарымның не істеп жатқанын бірге көріп келе алар ма едік?» деп өзімше сырымды айтып жүретінмін. Қызық. Қой, әділқазылар сусын туралы жазба емес деп жүрер, осы жерде «Тассайдан» тағы бір мәрте ұрттап алайық. «Тассайдың» жақсы суысын екені рас, бірақ, ішкен сайын кезенем кебе береді ме қызық…
… Бір жағы Алматының Талғар, Түрген
Сыйласып жақсы емес пе бірге жүрген, бүлдірген
Қандай жақсы құрбылармен бір жүрген...-әнді орындаушы Нартуева Әйгеріммен таныстығым бар. 2009 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы дәстүрлі әндерді орындаушылар конкурсына келген еді. Әрбір әріпін анық айтатын, құлағыңның құрышын қандыра орындайтын әнші. Осындай әншілердің орындауындағы әндерді жалықпай тыңдай беруге болады. Өзі күйеуге тиді ме екен? Әйгерім жайлы ойлағандікі ме, әлде, күннің аптабынан ба, әйтеуір аузымның кеуіп кеткенін аңғардым. Сусыннан тағы бүр ұрттауға тура келді…
«Сусын» тақырыбындағы жазбам сіздердің сусындарыңызды қандырар, қандырмасынан хабарым жоқ. Осы жазбамды Қайрат ағамыздың орындауындағы «Бір келіншек» әнінің орындалуы кезінде аяқтаппын. Ия, қазылар не дер екен, қазылар алқасындағы бір келіншек не дер екен…
Әрі қарай