Блогерлердің тұңғыш спартакиадасы

Талдықорғанда блогерлер спартакиадасы
Жер жәннаты Жетісудың төрінде «Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз» мейрамы қарсаңында блогерлер арасында тұңғыш рет спорттық шаралар мәресіне жетті. Шара мақсаты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберліктерін арттыру, спортпен жүйелі айналысуына ықпал ету, бұқаралық спорт түрлерін дамыту болып табылды.




Турнир барысында барлық команда жақсы ойын өрнегін көрсетті. Әсіресе жоғарыдағы үздік үштіктің ойындары жанкүйерлер қызығушылығын тудырды.
Алматы облысы жастар саясаты мәселесі басқармасының басшысы, бүгінгі жарыс қожайыны Рустам Әлиұлы жарыс барысында айтқандай, «осынау турнир бұдан былай жыл сайын, дәстүрлі түрде өткізіліп, тұрса игі бастама болар еді. Тіпті сіздер жыл сайын блогшылар құрылтайы Талдықорғанда да өтсін десеңіздер, біз қарсы емеспіз» деді. Демек, осындай үлгілі үрдіс, дәстүрлі турнир, блогқұрылтай жалғасын таба беретіндігіне сенім зор дегендік.

P.S Тұңғыш рет өткізілген блогшылар спорттық жарысында волейболда өткен болатын… Тек қана блогшылар түгелдей құраммен қатысқан турнирда «Сұңқар» командасы жеңімпаз атанды.
Фотосуреттер авторы: А.Құмырзақ, А.Архунус