22-23 қыркүйекте жастар арасында би байқауы өтеді
2018 жылы 22-23 қыркүйек күніАстана қаласындағы«Жерұйық» саябағында Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының тапсырысымен «Step Up» атты Астананың 20 жылдығына арналған жастар арасындағы байқауы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Шараны Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасы мен Қазақстан студенттер альянсы ұйымдастырып отыр.
Конкурстың мақсаты - Қазақстанның дарынды, талантты жастарын қолдау және таныту, жастар саясаты арасында саламатты өмір салтын насихаттау, өнерлік шеберлігін арттыру. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің негізінде жас буынның патриоттық санасын қалыптастыру және өнерінің жоғары форумы идеясын іс жүзінде дамыту, Қазақстанның мәдени құндылығын сақтау және арттыру, жастарды төзімділік рухта тәрбиелеп, басқа да елдердің мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру.
Шараға Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттары, эстрада жұлдыздары, БАҚ өкілдері қатысады.
Қолдаушы: ҚР Астана қаласы бойынша саябақтар әкімшілігі.
Басталуы: 22қыркүйек 2018 жыл, сағат 10:00
Орны: Астана қаласы, «Жерұйық» саябағы (Б.Момышұлы көшесі)


Британдық актриса Одри Хепберннің кішкентай елігі болған. Қызық қой, ит емес, мысық емес. Ал балет деген сұлу өнердің хас бишісі, аңыз биші Анна Павлованың аққуы болғанын білесіздер ме? Есімін Джек деп қойған екен. Иә, менің де осындай өзгеше бір жануарларды асырағым келеді ғооооооой)) Жарайды, мәселе онда емес, мен бүгін өз блогымда Аннаның есімін жаңғыртқым келеді.
...1881 жылы қаңтар айында Анна дүние есігін ашты. Әлжуаз болып туған Аннаны ешкім осындай танымал биші болады деп әсте ойламаған еді. Он жасынан бастап Петербургтегі би учлищесінде таң сәріден көзін тырнап ашып сабаққа барып, қысқа демалыс, ұзақ жаттығу, кешкі қойылым сияқты тынымсыз еңбектің арқасында Анна «шаруа отбасы» деген ұғым стереотипін бұзды. 1899 жылы Петербург театр училищесін П.А.Гердтің класы бойынша бітіргеннен кейін, Мариин театрына қабылданды. Аданның «Жизель» балетіндегі Жизелъ, Дельдевездің «Пахитасындағы» Пахита, Минкустың «Баядеркасындағы» Никия мен «Дон Кихотындағы» Китри тәрізді үнемі таңдаулы партияларды ойнады.
«Умирающий лебедь» атты шағын би қойылымы Аннаның жұлдызды нөмірлерінің бірі. Сыншылардың бағалауынша аққуды осынша шеберлікпен билеген биші кем де кем. Сахнаға түскен прожектор жарығында асыр салған биші арқасын залға сырт бере билейді. Ал аққу мамығымен көмкерілген биші өзі айтатын «биге адалдық» принципімен бар болмысымен аққу болып айдында жүзеді.
Арасында Кавказдан келген сақалды Ахмет деген жігіттің де көмегі зор болды. Күнннің суығында дайындалатын жер тауып, біз үшін шыр- пыр болып жүрді. Видео кәдімгі қол камерамен түсірілді. Ол үшін өзбек бауырларға да рақмет! Ал, біз қазақтар биледік! Жемісі осы.


Менің ең алғашқы би кештерім мен отырыстарымның әуендері ретро бола ма деген сұрақ мазалап жүр кейінгі кезде. Қазір 80-90 жылдардың әндеріне әлі күнге жер тебініп билейтініміз рас. Тіпті, «Ретро 80-90» деген атаумен арнайы ашылған орындар да жетерлік. Бұл — сол кездегі әндердің өлмейтіндігін көрсетсе керек, меніңше. Классикалық музыкалар өз алдына.