Қолөнер

Сәлем бердік, жамағат!  Сіздермен бөлісер қолөнер бұйымдарын қабыл алыңыздар.
Квиллинг — қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жасайтын қолөнер жұмысы. Қағаздан жасалатын осынау әдемі бұйымдарды сынақтан мен де өткізбек болдым. Сонымен…
Әрі қарай

Халал памперс

Менің бір таныстарым(отбасысымен намаз оқиды) халал тағамдарды күнделікті қолданады. Тіпті киімдерінің өзін «доңыздың түгі жоқ па екен» деп таңдап алады. Дүкендерге барғанда «Халал ма?» деп әке-шешесінің сұрайтыны балаларының да құлағына сіңсе керек.Бір күні кішкентайларының қолма-қол ауыстыра қоятын памперстері таусылып қалыпты. Содан 6-ға толып қалған ұлдарын есік алдындағы дүкенге жүгіртіп жіберіпті. Дүкенші де ол отбасын жақсы танып алған, памперстің размеріне дейін білетін болса керек. Содан балақай шауып отырып дүкенге кіріп «Тәте, маған екі халал памперс беріңізші» депті)))
Әрі қарай

Кел балақай кеш жарық...

Кел балақай кеш жарық
Қалып жүрме кеш қалып… деп кете беретін Мейрамбектің бала кезіндегі орындаған әні бар еді. Осы аттас балаларға арналған кешкі тамаша бағдарлама болушы еді. Кейіндері «Бабайкалатып» бір дүрліктік. Қазір өзі осындай
Әрі қарай