Әлеуметтік желідегі ақпараттық соғыс
Қазір әлеуметтік желілер күннен күнге қоғамның пікірін анықтайтын үлкен күшке айналып келеді. Ал қоғамға белгілі бір ықпал ететін жерде міндетті түрде ақпараттық соғыс жүреді. Ол бұрын да болған. Газет беттерінде, телевидениеде т.б. бұқаралық ақпарат құралдары белгілі мәселе бойынша нақты саясат ұстанатыны мәлім. Ірілі-ұсақты төңкеріс кездерінде де алдымен телеграф, телевидениені басып алуға ұмтылу да ақпаратты бағындыруға деген талпыныстан шыққан. Қазір ол ақпараттық соғыс ақырындап ғаламтор желісіне ауысты.

Әрі қарай



Бір ел ішінде белгілі бір топтар арасында өзара жек көрушілік тудыру, сол үшін ақпаратты барынша бұрмалау— басқыншылық саясаттың сүйікті амалы. Украинадағы жағдай жалпы елдегі алаңдаушылыққа оң әсер етпеді. Ақпараттық соғыс майданында жақтасты анықтаудан бұрын шындықтан алыстамау мақсат болса, сіз бен біз ескеруге тұрарлық біраз жайттар бар. 










“Соғыс басталды! Ақпараттық” деген жүз жол жазба сүйкеткен едім. Кеше. “ Сәуірде сайлау өтетіні белгілі болысымен, жариясыз түрде осы соғыс жариялануы керек еді” деп басталады. Созып қайтем, Қазақстандағы ақпараттық соғыстың салт-дәстүріне тоқталып, Әлиев, Әбіләзовтың билікпен арадағы қағаз қақтығысына сәл кідіргем. Ол материалым оппозишн болып кетті-ау, кәзеттен ырғып түсті (кейін шыға жатар).