A red, red rose

Махаббат — раушан гүліндей
бағымда менің жайнаған.
Махаббат — мәңгі әнім бұл,
Бойымда дендеп жайлаған.

Көркіңе сенің ғажайып,
Таппадым теңеу шарқ ұрып.
Махаббат оты сөнбейді,
Кетсе де теңіз тартылып.

Кетпес қой теңіз тартылып,
Құламас жартас, тауың да.
Сырғиды уақыт білінбей,
Кұм көшкендей дауылда.

Хош, енді, хош бол, сүйіктім.
Бақытты бол, мұңайма.
Оралармын өзіңе,
Өткенімен жыл, айлар.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: A red, red rose

Мұхтар Айзат, 8-сынып оқушысы. 15.05.2008
Әрі қарай

Қыңыр қария

Блог - ademi_alem: Қыңыр қария

Австралияның шағын қалашығында орналасқан қарттар үйіндегі осы қария өмірден өткен кезде бәрі „Ол өзінің өмір жолында із қалдыра алмады„ деп ойлаған еді. Медбикелер оның бөлмесіндегі заттарды жинастырған кезде қария жазған өлең жолдарын тауып алған.
Әрі қарай

Қазақша дыбыстау: Спартак: "Қан мен Құм" (+18)

Киностан: Қазақша дыбыстау: Спартак: Қан мен Құм (+18)Қазақша дыбыстау болғанда, әдеттегідей, алдымен субтитрын аударған болатынмын. Осы серияның субтитрын аударып, өңдеуге, раскадровкасына бір ай уақытым кетті. Дыбыстауыма 1 сағат, ал дыбысты өңдеуіме 4 күнім кетті.
Дені түзу инструменттерім болғанда мүмкін жұмсалған килоджоуль мен уақытты үнемдеуге болар ма еді. Бірақ,"үйрену процессі " деп жұбатым жатырмын өзімді.
Сонымен,

Қолданылған софт:
Cубтитр: «Subtitle Edit»
Дыбыс: Virtual Recorder(смартфон қосымшасы), Audacity (тегін бағдарлама)
Видео өңдеу: Camtasia 8.0, Handbrake

(Барлығын интернеттен табуға болады.)

Қолданылған хард:
Acer V5 Corei7 — ноутбук пен Lenovo 536 бюджеттік смартфонының микрофоны.

Бұл фильм Рим Империясының тарихындағы ең үлкен, ең танымал ереуілдердің бірін басқарған Спартактың еркін жауынгерден құлақкесті гладиаторға айналу тарихын баяндайды.
«Спартак» топтамасы батырлар жыры сияқты лиро-эпостық мақамда баяндалған, дегенмен, жыныстық қатынас пен қантөгіс кадрларының көптігі көрерменге "+18 жас" шектеуін қоюға мәжбүрлейді.


Видео сапасын интернет жылдамдығына қарай өзгертуіңізге болады (HD- нұсқасына дейін).
Әрі қарай

Робин Шарманың өмірге үйрететін сабақтары. 1-бөлім.

Сана мен сезім: Робин Шарманың өмірге үйрететін сабақтары. 1-бөлім.

1.Аз ұйықтаңыз. Бұл қасиет Сіздің өміріңізді өнімді етеді. Қалыпты денсаулық жағдайында адамға 6 сағаттық ұйқы жеткілікті. 21 күннің ішінде ерте тұруға тырысып көрсеңіз, ол әдетіңізге айналады. Есте сақтаңыз: ұйқының ұзақтығы емес, сапасы маңызды. Және өзіңізге елестетіп көріңіз, Сізде қажетті шаруалармен айналысуыңыз үшін артық 30 сағат пайда болады.

2.Күнде таңертеңгі 1 сағатты өз-өзіңізді жетілдіруге арнаңыз. Күніңізді жоспарлаңыз, мотивациялық кітаптар мен адамды шабыттандыратын ойларды оқыңыз.Осы тыныш уақытты қарбаласқан күн үшін өзіңізге күш-қуат жинауға қолданыңыз.Аптасына бір рет таң атқанын тамашалаңыз, табиғат аясында серуендеңіз. Күннің жақсы бастамасы – өз-өзіңізді жаңартудың ең жақсы тәсілі.

3.Ұсақ-түйек нәрселердің маңызды шаруаларға кедергі жасауына жол бермеңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Өз уақытым мен күш-қуатымды пайдалы нәрсеге жұмсап жатырмын ба?». Уақытты басқару – өмірді басқару. Сол себепті, уақытыңызға үлкен қамқорлықпен қараңыз.

4.Өміріңіздің дұрыс жақтарына бағытталу үшін «резеңке таспа» әдісін қолданыңыз. Резеңке таспаны білегіңізге тағып алыңыз. Басыңызға теріс, пессимистік бағыттағы ойлар келген сайын, резеңке таспаны созып тұрып, қайта жіберіп қалыңыз. Сонда сіздің миыңыз теріс ойлар мен қолдағы ауырсынуды байланыстырады. Пессимистік ойлар ауырумен байланысқандықтан, тек қана жақсы ойлауға әдеттенесіз.

5.Әрқашан телефон қоңырауларына ынталы, құлшынысты дауыспен жауап беріңіз және хабарласушы адамға сыйластық білдіріңіз. Сөйлесу мәнерін қалыптастыру – өте маңызды іс. Хабарласушы адамға өзіңіздің абыройыңыз бен дәрежеңізді сездіру үшін тұрып сөйлесіңіз. Ол сіздің даусыңызға сенімділік береді.

6.Күн ұзағына әрқайсысымыздың басымызға неше түрлі идеялар келетіні мәлім. Қай жерде жүрсеңізде, сол идеяларды бір жерге түртіп қойыңыз. Содан соң сол идеяларды күнбе-күн қарап, ары қарай жетілдіріңіз. Оливер Уэнделл Холмс айтқандай «Бір идеяға үлкейген адам миы, бұрыңғы көлеміне қайта оралмайды екен».

7.Жексенбілік күнді өзіңізге арнаңыз және бұл әдетті қатаң түрде сақтаңыз. Бұл уақытта келесі аптаңызды жоспарлауға, алда болатын кездесулер мен маңызды істерді ойластыруға, жаңа материалдарды игеруге, пайдалы кітаптар оқуға арнаңыз. Жақсы музыка тыңдап, жәй ғана өзіңізді еркін ұстап, тынығыңыз.Бұл әдет Сіздің келесі аптада зейінді, мотивациялы болып, өнімді жұмыс жасауыңызға әсер етеді.

8.Әрдайым есіңізде сақтаңыз: сіздің өміріңіздің сапалылығы – сіздің қарым-қатынасыңыздың сапалылығы. Өміріңіз сіздің басқалармен, ең бастысы, өз-өзіңізбен қарым-қатынасыңыздың айнасы.Не нәрсеге зейін қойсаңыз, сол нәрсеге қолыңыз жетеді. Егер ақ ниетпен жақсы істер ойласаңыз – жақсылыққа тап болсыз. Бұл табиғаттың негізгі заңы.

9.Нәтижеге емес, мақсатқа зейін қойыңыз. Әрбір істі пайдалылығы үшін емес, Сізге соны жасау ұнағандықтан істеңіз. Ақша немесе өзіңізді мойындату үшін емес! Егер жұмысыңызды жақсы көрсеңіз, олардың барлығы өз-өзінен келеді. Әлем сол жүйеде жұмыс жасайды.

10.Әр таң сайын айнаның алдында 5 минут күліңіз. Атақты Стив Мартин солай жасайды екен. Күлкі ағзамыздағы көптеген пайдалы элементтерді іске қосады. Және де күлкі ағзамыздың тепе-теңдігін сақтап, үйлесімділікте ұстайды. Күлкітерапиясы тұрақты түрде көптеген ауруларды емдеуде қолданылады және өмірлік мәселелердің керемет шипасы болып табылады. 4 жасар бала орта есеппен күніне 500 рет күледі, ал үлкендер әрең дегенде 15 рет күледі екен. «Күлу» әдетін қалыптастырыңыз, сонда өміріңіз де жанданады.
Әрі қарай

Ата-аналарға арналған 10 ұсыныс (кеңес).

1.Балаңызды бар болмысымен шынайы қабылдаңыз.

2.Ешқашан орынсыз бұйырмаңыз. Мақсатсыз бұйрықтардың қажеті жоқ. Баланың өміріне араласпау қаншалықты қауіпті болса, үнемі орынсыз «басыңызды сұға беру де» соншалықты қауіпті. Аражігін ажыратып, тепе-теңдікті сақтай біліңіз.

3.Сізге қарсы шыққан адамға белгілі бір мөлшерде сеніміңізді сақтаңыз.

4.Орнымен сыйланған сыйлық қанағатсыздықтың алдын алады. Балаларға «жоқ» деп айтуды үйреніңіз. Қалағанын орындамау көбірек пайда әкеледі, я болмаса, қажеттілік пен ысырапшылдықты ажырата білетін болады.

5.Ешқашан жалғыз шешім қабылдамаңыз. Отбасылық өмірдің «алтын заңы» – диархия. Әке мен ананың бір-біріне қарсы шығып, сөзге келу барысы сәби үшін қызық құбылыс болып табылады. Әрине, ол жас санаға әсер етеді.

6.Әрқашан барлық істе өз үлгіңіз арқылы жұмыс істеңіз. Баладан өзіңіз істеген нәрсені ғана талап ете аласыз.

7.Барлық мәселе туралы қорқынышсыз ашық сөйлесеңіз. Сөз айтылса ғана өз мақсатына жетеді.

8.Туған-туыстарыңызбен жұмған жұдырықтай болыңыз. Отбасы – шағын мемлекет. Барлық іс-ірекет ақылдасу арқылы шешілу қажет.

9. «Ашық есік» саясатын ұстаныңыз. Ерте ме, кеш пе ер жеткен ұлыңыз бен бой жеткен қызыңызды үйде ұстап отыра алмайсыз. Уақытылы еркіндікке үйретіңіз.

10.Баланың өміріне араласуды өз уақытында тоқтатыңыз. Бұл заңдылық көңілсіздік тудырады, әрине. Алайда, ата-аналық кәсіптің шектеулері мен өз заңдылықтары бар. Қазақы менталитетке салсақ, тірліктеріне араласпай, махаббаттарына бөленіп, немерелеріңізді бағып, кәріліктің рахатын көріңіз!
Әрі қарай

Ондай жолдас не керек?!.

Блог - ademi_alem: Ондай жолдас не керек?!.Мен бірінші рет өзіміз туралы, яғни әлсіздіктерінен сүрініп жатса да өздерін мықты санауын қоймайтын ер адамдар туралы жазып отырмын.

Бірде менің әпкем өз бөлмесінде отырып көз жасына ерік берді. Оның не үшін жылап отырғанын білу үшін қасына барған әкеме мен де мұңая қарадым. Олар бірнеше сағат әңгімелесті. Сол кешкі әңгімеде әкемнің айтқан бір сөзі әлі күнге дейін жадымда жатталып қалды. Арада сегіз жыл өтсе де әр таң сайын сол сөзді еске алып келемін. Ол сөз маған күш-жігер береді.

Әкем әпкемнің шашынан сипап отырып:
— Қызым, саған нағыз адам кездеседі, содан бастап көз жасыңды тыятын боласың, — деді. Сол кезден бастап мені өзіме «Ұсақ-түйектен жоғары бола білетін нағыз адам болудың жолы немесе нақты ережесі бар ма екен?» деген сұрақ қоя бастадым. Уақыт өте келе «Егер ер адамдардың бәрі рухы биік, жаны мен жүрегі таза болуы үшін күресе білсе, бұл әлем мүлде басқаша болар ма еді» деген ойға тоқталдым. Нағыз адам деген қалағанының бәрін сатып алуға мүмкіндігі бар адам емес екендігін түсіндім. Әкем әпкеме:
— Саған қамқор болудың орнына тек қана өзі туралы айтудан жалықпайтын, өзін өзі мақтап, жеткен жетістігін тілге тиек ете беретін адамнан аулақ бол. Кемшілігіңді үнемі бетіңе басып, бойыңдағы көп нәрсені өзгерту керек деп санайтын адаммен тағдыр жолыңды қоспа. Өзгере алмағаның үшін тастап кете баратын немесе сені өзгенің әдемі көзі мен мінсіз мүсініне айырбастай салатын жолдас саған не керек? Жан дүниеңді көзбен көріп, жүрекпен сезе алмайтын жан саған қажет пе? – деді.

Осы сөзден кейін мен нағыз адам болу – ақшаң көп, қарның тоқ, мінер көлігің мен тұрар үйің болып, сұлулардың ортасында жүру емес екендігін түсіндім. Жаны таза, мақсаты айқын, шынайы бейнесін көрсетуден жасқанбайтын, әйел бойындағы рухани құндылықты бағалай білетін адам, міне осы нағыз адам!

Блог - ademi_alem: Ондай жолдас не керек?!.
Менің әпкемнің тұрмысқа шығуы оған бақыт әкелді. Оның өмірлік серігі нағыз адам деп айта аламын. Ол адам атақты да, танымал да, мансап қуған немесе ең ауқатты да адам емес. Бар болғаны ешқашан, ешуақытта әпкемнің көңіліне кірбің түсіріп, жылауына себепші болған емес. Әпкем екеуі бірге жеткен армандары мен жетістіктері үшін қуанып, шүкір етеді. Олардың отбасылық өмірлерінің әрбір сәті қуанышқа, бақытқа, сәулелі сәтке толы. Олардың жұп жазбай келе жатқандарына көп жылдың жүзі болды, қазір олардың үш ұлдары бар.

Блог - ademi_alem: Ондай жолдас не керек?!.
Ол нағыз адам, яғни жездем, әпкемді жақсы көретіні сондай әлі күнге дейін маңдайынан иіскеп, еркелетіп отырады. Маған да сондай күндерді көру бақыты бұйыртсын деп тілеймін!
Әрі қарай

Қызықты деректер

Сәлем! Ғаламтордан орыс тілінде алып, қазақшаға аударған мәліметтерім))) керек болып қалар  Блог - salta: Қызықты деректер

Мысықтарға тесіктерден еш кедергісіз өту өтпеуін анықтауға мұрттары көмектеседі.

Атақты Бред Питтің ең алғашқы жұмысы тауық костюмін киіп билеу болды. Ол Эль Полло Локо мейрамханасына келуішілердің санын көбейту үшін көшеде биледі.

Антон Чехов өлер алдында Шие бақшасы шығармасын өзі жазбағанын, ол досы Василий Дряновтың шығармасы екенін мойындады. Өйткені, кітапты танымал адамның атымен шығару пайдалырақ болды.

Акулада торсылдақ жоқ, сондықтан олар суға батып кетпеуі үшін үнемі қозғалыста болады.

Антарктика ресми түрде мемлекет емес, ол тек ғылыми қорық.
Әрі қарай

№ 7 эстафета: Өлеңді аудар

Қазақша үйренейік: № 7 эстафета: Өлеңді аудар

temir_88 эстафетаның бұтағын маған берген еді. Аптаның соңына келіп қалған соң белсенділік төмендеп кетті. Сол үшін жұмыс күндеріне таяу уақыт ыңғайлы болар деп ойладым. Кешіктірген болсам кешірім сұраймын. Бүгін сіздерге жаныма жақын болып кеткен Пушкиннің бір өлеңін назарларыңызға ұсынып отырмын. Мықты аудармалар күтеміз. Сәттілік тілеймін!

Я помню чудное мгновенье:
Передо мной явилась ты,
Как мимолетное виденье,
Как гений чистой красоты.

В томленьях грусти безнадежной
В тревогах шумной суеты,
Звучал мне долго голос нежный
И снились милые черты.

Шли годы. Бурь порыв мятежный
Рассеял прежние мечты,
И я забыл твой голос нежный,
Твои небесные черты.
Әрі қарай

№ 6 эстафета: Өлеңді аудар

Бүгін маған керектің бұтағы алғаш рет тиді.Торғай сізге рахмет Сондааай қуаныштымын. Ал «Бисмилляһ» деп бастайын!
«От улыбки хмурый день светлей» мультфильм өлеңінен үзіндіні таңдап алдым, сіздердің аударған нұсқаларыңыз ерекше болады деген үміттемін!!!

От улыбки хмурый день светлей,
От улыбки в небе радуга проснется…
Поделись улыбкою своей,
И она к тебе не раз еще вернется.

И тогда наверняка,
Вдруг запляшут облака,
И кузнечик запиликает на скрипке…
С голубого ручейка
Начинается река,
Ну, а дружба начинается с улыбки.
С голубого ручейка
Начинается река,
Ну, а дружба начинается с улыбки.
Әрі қарай