Балаңды берер ме едің?

Менің әкемнің анасы 28 жасында дүние салған. Тым жас кеткен соң, әрі өзім көрмеген соң әжем деп те жаза алмай отырмын. Сол 28 жасқа дейін 4 баланы дүниеге әкеліпті.
Тұңғышы — менің әкем. Қазақ салтына сәйкес, ол, әрине, әжесінің баласы болған. Екіншісін, қызын, бәлендей қатаң дәстүр болмаса да, нағашыларына беріпті. Үшіншісін туған бойда бала сүйе алмай жүрген қайнысына ырым қылып «сыйға тартыпты», ол баласы 5-6 жасқа жеткенде ауырып қайтыс болған. Келіннің салтқа беріктігі сондай, ұлы өлім алдында қиналып жатқанда, оның маңдайынан да сипамаған көрінеді.