Блицті бірді жығар. 11 - 15 шығарылымдар

Шахмат комментарийлері ағылшын және орыс сегментінде біршама таралған. Бірақ, әрине, жеке қызығушылар тобы шеңберінде ғана. Қазақ тіліндегі блиц ойынын экраннан түсіру — жай ғана әуестік, хобби.
Бастапқы ойындарда тіпті сөз орнына әсем музыка ойнап тұрды. Алайда, күннен күнге технологиялық сапа, дауыс ырғағы, комментарий шеберлігі көтерілуі тиіс. Ойын сапасы да өседі, бірақ әуесқой деңгейден ары аспайды.
Жалпы, блицті бірді жығар!




Әрі қарай

Блицті бірді жығар. 6 - 10 шығарылымдар

Шахмат комментарийлері ағылшын және орыс сегментінде біршама таралған. Бірақ, әрине, жеке қызығушылар тобы шеңберінде ғана. Қазақ тіліндегі блиц ойынын экраннан түсіру кем де кем.
Жалпы, блицті бірді жығар!





Әрі қарай

Блицті бірді жығар. Алғашқы 5 шығарылым

Шахмат комментарийлері ағылшын және орыс сегментінде біршама таралған. Бірақ, әрине, жеке қызығушылар тобы шеңберінде ғана. Қазақ тіліндегі блиц ойынын экраннан түсіру — жай ғана әуестік, хобби.
Бастапқы ойындарда тіпті сөз орнына әсем музыка ойнап тұрды. Алайда, күннен күнге технологиялық сапа, дауыс ырғағы, комментарий шеберлігі көтерілуі тиіс. Ойын сапасы да өседі, бірақ әуесқой деңгейден ары аспайды.
Жалпы, блицті бірді жығар!



Әрі қарай

Өз заманының ең үздік шахматшылары


Блог - MERmukhanov: Өз заманының ең үздік шахматшылары
Менің «ауруларымның» біріне қатысты тамаша материалға кез болдым. Шахматқа қызығушылар үшін Рэнди Олсон ғажайып видео ұсынады. Бұл роликте ол соңғы 200 жылдағы топ-шахматшылардың шамалас күшін үш түрлі метрикада айшықтайды. Оның себебі, рейтингілік жүйелер тек сол заманға тән болатын. Сонымен, Петровтан Карлсенге дейін
— EDO рейтинг (1809-1920)
— CMR перфоманс рейтингі (1910-2005)
— ФИДЕ-нің ресми ELO-рейтингі (2000-2016) арқылы жасалған графика!



Cуретте — ArtNow-ға тиесілі Валерий Ярославцевтің «Шахматшылар» картинасы.
Әрі қарай

Шахмат 2. (Өз тәжірибемнен)

Шахматты алғаш балаларға үйрете бастағанымда Астананың мықты деген шахмат клубтарын аралап, методикаларымен таныстым. Ондағы ойым, өзім үйреткен оқушылардың обалына қалғым келмеді (дұрыс сабақ бере алмасам, кейін өзімді жеп қоймау үшін де). Содан қызығушылығы ең төмен баланы бақылауға алдым. Күнде оның сабаққа қатысымын жазып, өзім қорытып жүретінмін. Есімі Әлихан. Ол кезде 2-сыныпта оқитын.
Басында мүлде ойлануға жоқ еді. Әлихан шахматтың жүрісін, шах қою, қауіп төндіру, рокировка, қорғану т.б бәрін үйренді, сауатты ойын жасай алатын дәрежеге жетті. Бірақ бір үлкен кемшілігімен 5 ай алыстым, қанша тамаша ойынағанымен мат қоюды ойлана аламайтын. Қаншама мүмкіндіктерді байқамай, ойынды соза беретін.
Ал шахматтағы басты мақсат мат қою. Яғни жеңу ғана, ойынды өз пайдаңа шешу. Әлиханға мат қоюға арналған тапсырмалар берсем шешеді, бірақ өз ойынында соларды пайдалана аламайды. Осы себебінен оны шахмат жарыстарына қатыстырмадым.
Бірақ кейін білдім, мұным үлкен қате екенін. Әлиханның қызығушылығы бірте-бірте бәсеңдей бастады. Бұл менің 2-курста оқитын кезім еді, балалардың психологиясын мүлде ұғынбайтын кезім. Сол тәжірибесіздігімнің кесіріен қазақтың бір баласын шахматтан алыстатып алдым.
Адамның тығырықтан шығуы, аяқ асты жол табуы, бәрі өз уақытында болады екен. Ал шахматта өзіңнен мықтыны көрген сайын жеңіске құлшынысың ашылады. Жеңілістен соң қатеңмен жұмыс жасасаң, сол қатені қайталамай қайта ойнағың келеді екен. Блог - aizat: Шахмат 2. (Өз тәжірибемнен)Блог - aizat: Шахмат 2. (Өз тәжірибемнен)
Әрі қарай

Шахмат. 1-сабақ.

Шахмат — өте ежелгі өнердің бірі. Бұл өнерді кім игерсе де шектеу қойылмайды. Үлкені мен жасы бір-біріне қарсылас бола алады. Шахматтың пайда болу тарихы жөнінде көптеген аңыздар бар. Фирдоусидің «Шахнамасындағы» дерекке сүйенсек, ең алғаш Үндістанда пайда болған. Хан әскерлерін жеңіске жеткізудің жолын іздеп, тақтайға сызып, әскерлерін жүргізу арқылы жопар құрған.
Шахматта барлығы 32 фигура бар, оның 16 бала (пешка 8 ақ, 8 қара), 2 патша (король, 1 ақ, 1 қара), 2 ханша (ферзь, 1 ақ, 1 қара), 4 піл (слон, 2 ақ, 2 қара), 4 ат (конь, 2 ақ, 2 қара), 4 арба (ладья, тур, 2 ақ, 2 қара). Шахмат тақтасында барлыңы 64 торкөз бар. Күрес осы фигуралардың арасында жүреді, тақтаның үстінде жүреді.
Шах — патшаға кез келеген фигура арқылы қауіп төндіру.
Мат — ойынның аяқталуы, патшаның ұсталуы.
Шахматқа алғаш келіп жатқан адам болса, ең бастысы осы шах пен маттың мәнін ұғып алу керек және осы екеуінің негізінде ойынды дамытады. Шахматты алғаш үйренген кезде оның терминдерімен бас қатырып, оларды жаттап, жүрістерді қағазға түсіріп жатудың қажеті жоқ. Ең алдымен шахмат тақтасына бір қарағанда қауіпті бірден көру мен өзіңе пайдалы жүрісті бірден таба білуге машықтану керек. Қалғандары уақыт еншісімен жайлап келе береді. Блог - aizat: Шахмат. 1-сабақ.
Әрі қарай

Шахбокс

Спорттың жаңа түрі шахбокс (бокс пен шахматты гибридтеу) осыдан он жыл бұрын 2003 жылы пайда болды. Энки Билал «Froid-Équateur» қуақы романынның желісімен Голландық перформансист Ипе Рубинг идеяны шынайы өмірде жүзеге асырды. Жарыс орта салмақпен Амстердам қаласында Рубинг жеңіске жетеді.
Cпорт жаңалықтары: Шахбокс
Қазіргі кезеңде Германияда кеңінен жайылуда. Осы елде шахбокстың негізгі спорт клубы қаланды. Шахбокстың жалпы ұғымы нағыз интелектуалды ойынмен және нағыз ұрыс әдіс (боевой) спорт түрін біріктіріп, қарсыласқа өзгеше салмақ пен жауапкершілікті жүктеу еді.
Cпорт жаңалықтары: Шахбокс
Жалпы ережесі
11 раундтан тұрады, 6 раунд шахмат және 5 раунд бокс. Шахмат раунды 4 минуттан «тез ойын» деген партия, бокс раунды 3 минуттан құралады. Әр раундтың паузасы 1 минутқа созылады. Былғары шешіп киюге және кішкене дем алуға уақыт берген. Шахмат раундта бөгде айқай шуға алаңдамау үшін міндетті түрде құлағына құлаққап киеді. Бұл спорт түрі олимпиадалық ойындар тізіміне ене қойған жоқ. Оның үстіне әлі танылып та үлгерген де жоқ. Көбісі осы спорт түрін мысқылмен де қарайды. Әрине бокс және шахмат ойыны біріккесін. Бұл жерде кәсіпқой боксшы өз ақыл қабілетін айқындаса, ал шахматшы өзінің физикалық формасын қалыптастырады. Шахматшы көбіне физикалық тұрғыдан әлсіз келеді.
Бұл спорт несімен артық. Бокс өз эмоцияңды билеуді үйретсе, ал шахбокс "ұрыс тақтасы«мен агрессияны қадағалаумен ерекшеленеді. Бұлшық етпен жеңіске жетумен қатар, „ұрысты тек баспен жеңеді“ деумен шахматта интелектуалын сынап көру.
Әрі қарай