Құрметі оқырман, айғайлаған тақырыпты ғана оқи салып біздің ұлттық құрама Аргентина құрамасының немесе бразилиялықтардың қақпашысының санын соқтырып кетті деп қалмаңыздар. Жеті нан құдайы беретін ондай күн жақын емес тәрізді әзірге…
Менің
Бүгін Қазақ футболында айтулы күн болмаса да ойланатын дата. 2002 жылы 25 сәуірде Қазақстан Футбол федерациясы (ол кезде одақ) УЕФА-ға мүшелікке өткен. Содан бері біраз жылдар өтті. Неден ұттық, неден ұтылдық? Ойыңыз қандай, жанкүйер?
Түркия Супер Лигасында бәсеке қызып тұр. Қазір бірінші орында Трабзонспор, ал екіншіде одан екі ұпай айырмасымен Фенербахче. Фенербахче гол санымен өткен аптаға дейін көш бастап келе жатқан-ды. Бурсаспор тең ойнап оларды маңызды екі ұпайдан айырды. Бірақ бұл Фенербахченің соң сынағы деуге болады, өйткені ол мықтылардың бәрін жеңген-ді. Алдағы аптадағы қарсыластарын онша азулы деуге келмейді. Ал Трабзонспордың бүгін Галатасараймен, онан кейінгі апталарда Бурсаспор, Газиантепспор, Ескішехирспормен кездесуі бар. Қырсық бір айналдырғанды шыр айналдырады деген, Галатасарай үсті-үстіне жеңіліп, қазір он үшінші орынға тұрақтады. Һәм Кубоктан, һәм чемпиондықтан үміті үзілген Галатасарайдан жанкүйерлер тек Фенерді жеңуді өтініш қылып еді, амал қанша, ойын Галасатарайдың басымдығымен өткенімен нәтиже көңіл көншітпеді. Мұнан кейін Галатасарайдың басынан Хаджи кетіп тынды. Әрине, көрген адам Фырат Айдынустың Фенербахчеге бүйрегі ашықтан ашық бұрғанын байқамай қала алмас еді. Бірақ, болған іс болды. Бүгінгі Трабзонспормен ойналатын матчта Галатасарай жеңісті өз қолымен Трабзонға береді деп күтілуде. Әрине, жеңсе өзіне жақсы, жеңбесе Трабзонға жақсы. Егер Трабзон бүгін ұпай жоғалтса, жағдай қиын. Бурсамен ойналатын матчта Бурса жеңісті беруі де мүмкін, бермеуі де. Өткен жылы Бурсаны чемпион еткен дәл осы Трабзонспор-тұғын. Фенермен соң минутқа дейін тіресіп, ұпайдан айырған. Сондықтан Бурса жақсылық қылып, беруі ғажап емес. Бірақ өзі биыл тағы да чемпиондықтан үмітті болғасын, бермесе таң қалмаймыз. Әрине, Трабзонсор: Жеңісті бізге бере қойшы,-деп тіленетін команда емес, былай да басымдықпен алуы мүмкін.
Фенерді Трабзон өткен жылы Кубоктан да айырған-тұғын. Сондықтан биыл Фенер ТС-ның алдын орау үшін аянып қалмайтыны анық.
Қалай десек те, бүгінгі ойын-шешуші ойындардың бірі. Өз басым Трабзонның жеңгенін қалап-ақ тұрмын, бірақ Галатасарайдың тағы да ұпай жоғалтатынын ойласам жүрегім ауырады.
17 наурыз күні суперлиганың 3-ші турында Ақтөбе өз алаңында тобылды қабылдайды. Ақтөбеліктер бұл күнді асыға күтеді. Осы дербиге байланысты фанаттар дайындаған превьюді ұсынамын:
Осы түкеңдер-ақ таяқ жейді де жүреді. Бұдан бірнеше апта бұрын Бешікташта екі қошқарррр..., кешіріңіз, екі капитанның басы бір қазанға сыймай, Тораманды ұрған Үзілмезді командадан аластатқан-тұғын. Ал кешегі аптада ұлттық құрамадағы ойыншы, «Айнтрахтта» доп теуіп жүрген егіздің сыңары Халил Алтынтоп командаласы Патрик Охстан таяқ жеді.
Үзілмезен "құтылғаннан" кейін Бешікташ жеңіспен жылап көрісетін болды. Үзілмез кеткелі тек Антальясорды ғана жеңе білген «бүркіттердің» жанкүйері бұл сәтсіздікті Ибрахим Үзілмездің кетуімен байланыстырады.
Бешікташ билігіне деген өкпесі қара қазандай Үзілмез де ішінен «сауап» деп жатпаса неғылсын…