Қазақ тойларында елді аузына қаратқан өнерлі балалар

Той қашанда қазақ үшін ұлттық тәрбие мектебі болды. Тойға жиналған қауым әдетте есті сөз тыңдап, әулеттің өткен-кеткенін еске түсіріп, шежірені зерделеріне тоқып, туған-туыспен қоян-қолтық араласып, арқа-жарқа болып жатады. Мұнан бөлек, қазіргі таңда жиналған жұртшылықтың көңілін көтеретін ойын-сауық бөлігіне баса мән беріледі. Алайда қазіргі қазақ тойларындағы өнерпаздар мен асабалардың «жасарып» бара жатқанын байқауға болады. 7 мен 15 жас аралығындағы балалар ел алдында той басқарып, түрлі өнерлерімен ғаламтор жұлдыздарына айналуда. Оның ішінде халықаралық байқаулардың жеңімпаздары да, әншілері де, бишілері де бар. «Еуразия» бірінші арнасындағы «Кешкі кездесу» бағдарламасының алдағы шығарылымы қазақ тойларындағы балалар өнеріне арналады.
Жас баланы ел алдына ерте шығару дұрыс па, бұрыс па? Жастай танымалды болу бала психологиясына қалай әсер етеді? Әлде «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, той өнерлі балаларды үлкен сахнаға тәрбиелейтін алаң ба? Осы және басқа да сұрақтарға жауапты сенбі күні 21:45-те «Еуразия» бірінші арнасының эфирінде «Кешкі кездесу» бағдарламасының студия қонақтары беретін болады.












Финдықтар жаңа жыл кешінде балауыз арқылы болашақты болжайды. Әуелі сұрақ қояды. Ерітілген тамшысын суға тамызып, пайда болған су бетіндегі бейне арқылы болжам жасайды. Ал дәстүр бойынша дастарханда алхоры киселі мен тәтті күріш ботқасы болуы керек. Біз де ет аспай жаңа жылдық дастарханға жайғаса алмаймыз ғой. «Айй ааазз ааа тааа!» деп шулайтын біз ғой. Ал финдықтар Аяз атасын
Жоқ, бұл соғысқа аттану емес. Бұл — шотландықтар. Олар Жаңа жыл мерекесін
Испанияда ескі дәстүр бойынша жаңа жыл кешінде әр адам 12 жүзім жеуі керек. 12 жүзім болатын себебі жылдың он екі айын білдіртсе керек. Негізі, жүзімнің дәстүрге енуі тегін емес. 1908 жылы жергілікті фермерлер жүзім арқылы пайда табуды бастады. Бүгінде дүкендерде неше түрлі құтыда түр-түрі сатылады екен. Сонымен қатар тағы бір жаңа жылдық дәстүр бар. Киім кию. Бізде түн аяз болатындықтан сыртқа күрте киіп шығамыз ғой. Ал бұлар қызыл түсті іш киім киюі керек екен, жаңа жылың құтты болғыр. Қызыл түс істің сәтті болуына, финанстың «тәтті» болуына көмектеседі-міс. Айтпақшы, жүзімнің суретін енгіздім. Өзіңізде бар дамбалдың суретін қайтесіз!?
Вьетнамда жаңа жылды 21 қаңтар мен 19 ақпан арасында тойлайды. Жаңа жылды















Қыз бен жігіт шаңырақ көтеруге келіскен соң, екі жақтың да ата-анасы келісім берсе, болашақ құдалар бір-бірімен (көбіне болашақ құдағилар) кездесіп, танысады. Бұл – «тәтті шәй» деп аталады. Тәтті шәйда той күнін белгілеп, әкелетін қалыңмал құнымен келісіп, құдалыққа баратын адамдар саны нақтыланады.











Қыз бен жігіт шаңырақ көтеруге келісіп, өз ата-анасының келісімін алады. Тойдың қай мерзімде өтетінін отбасымен өзара ақылдасады. Одан басқа ешқандай кездесу, танысулар болмайды. Екі жақ та өздері дайындықтарын жүргізе береді. 










Айына бір рет ұялғаннан не болмаса реті солай келгендіктен той-томалақ, өлік-тірікке бас сұғатын 12 пайыз жерлестеріме де бір мәрте шапалақ ұрып қоюларыңызды сұрағым келіп тұр. Бұл кісілер қолтығына бір шапанын қыса жүргенді ұнатады екен.