Блогиада #9. Санжар Сұлтанов: "Жақсы сценарий болса - кез-келген актерді келістіруге болады"

Блог - patick: Блогиада #9. Санжар Сұлтанов: Жақсы сценарий болса - кез-келген актерді келістіруге болады
Санжар Сұлтанов — Канадалық қазақ режиссері, сценарийші, продюсер, актер. 1988 жылы Жамбыл облысының Қордай ауданында дүниеге келген. 9 жасында Англияға оқуға кетті. Кейін білімін Канадада жалғастырды. 2009 жылы ағасы Саидпен бірге Reverson Entertainment кинокомпаниясын құрып, киножобалар өндірумен айналысады.
Әрі қарай

Джек Лондон мен Санжар Сұлтанов



«Burning Daylight» (Күн жарығын өртеу) — Санжар Сұлтановтың алғашқы кинотуындысы. Картинасына Джек Лондонның үш шығармасын негізге алыпты: «Just Meat» (Тек қана ет), «To Kill a Man» (Кісі өлтіру) және «Burning Daylight» (Күн жарығын өртеу).
Әрі қарай

Burning Daylight (Уақыт күттірмейді): Онлайн, жүктеп алу



Бұған дейін, жамбылдық Санжар Сұлтановтың «Burning Daylight» (Уақыт күттірмейді) фильмі жайында айтқан болатынбыз. Интернетте соның DVDRip сапасы шығыпты. Соны өздеріңмен бөліссем деймін (ешкімге айтпаңдар, тсссс).
Әрі қарай

Санжар Сұлтанов: Burning Daylight (Уақыт күттірмейді). Трейлер.



Канадада өзінің жеке киностудиясын ашқан Санжар Сұлтановтың алғашқы әлемдік деңгейдегі киносы таяу күндері экранға шығады. Соның ішінде қазақстандықтар да бұл киноны көре алады. Дәлерек айтсақ 3 наурызда. Сюжеті Джек Лондон әңгімелерінің негізінде құрылған екен. Жамбыл облысы Қордай ауылынан шыққан жас режиссердің фильмі өткен ғасырдың 20-жылдарындағы Уолл-Стриттен шыққан ұрылар мен банкирлердің өмірін баяндайды. Криминалды драма жанрындағы кинотуындының бюджеті 250 000 доллары екен. Айтпақшы, кинода Санжардың өзі де ойнайды. Ал басты рөлді бізге «Побег» фильміндегі педофил рөлімен таныс Роберт Неппер сомдайды.

Әрі қарай